Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық мелиорациясы./Пәннің оқу-әдістемелік жинағы. Көкшетау, 2015. 133 бет. «Ауыл шаруашылық мелиорациясы»


Механикалық суаруды қолданудың шарттары



бет55/76
Дата14.09.2022
өлшемі3.11 Mb.
#460762
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   76
АШМ

Механикалық суаруды қолданудың шарттары. Механикалық әдіспен суаруды ұйымдастырганда су су көздерінен насостар арқылы суарылатын жердің ең биік жеріне көтеріліп, одап трубалар арқылы немесе каналдар аркылы өздігімен ағызылып егістікке таратылады. Суды механикалық әдіспен кетеру су көзіндегі судын деңгейі каналдағы қажет болатын судың деңгейінен төмен болғанда және оны басқа әдістермен көтеру экономикалық жағынан қолайсыз болғанда қолданылады.
Суды механикалық әдіспен көтеру үшін насос станциялары салынып, жоғары орналасқан құнарлы жерлерді суаруға мүмкіндік туады.
Су көтеруге жұмсалатын энергияның көптігі және пайдалану үшін жұмсалатын қаржының көп болуы бұл әдістін кемшіліктеріне жатады.
Насос станциялары туралы жалпы мәліметтер. Насос станциялары деп су көздерінен суды алуды, оны көтеруді және пайдаланатын жеріне жеткізуді қамтамасыз ететін гидротехникалық құрылыстардың, эиергетикалық және гидромеханикалық жабдықтардың комплексін айтады.
Өзінің мақсатына қарай насос станциялары суару, құрғату, сутарататын, канализациялық және т. б. бөлінеді. Өздерінің қозғалыстарына қарай суару насос станциялары электр двигательді, іштен жану двигательді, желмен қозғалатын және басқаларға бөлінеді; насос жабдықтарына қарай — орталықтан тебетін, пропеллерлі; поршенді және баскаларға бөлінеді.


Бақылау сұрақтары:
1. Суарылатын территориялық су балансы қалай анықталады?
2. Дренаждардың түрлерін атаңыз?
3. Дренаждарды қолдану шарттары?
4.Суармалы жерлерде ыза су режимін бақылау қалай ұйымдастырылады және жүреді?


Дәріс № 15.
Тақырыбы: «Мелиоративтік жүйелерді жобалау және ол үшін жүргізілетін іздеулер»
15.1. Мелиоративтік жүйелерді жобалау
15.2. Жобалар жасау үшін жүргізілетін іздеулер мен тексерулер


1. Мелиоративтік жүйелерді жобалау - Құрылыстың жобасы деп оны салудың техникалық шешімін, бір немесе бірнеше құрылыстардың комплексін, үйлерді жөндеу, қалпына келтіру туралы ұсыныстарды айтады.
Бекітілген жобасыз ешқандай мелиоративтік құрылыс жүргізілмейді.
Жобалау және іздеу жұмыстарын арнаулы жобалау-іздеу мекемелері жүргізеді. (союзводпроект, гипроводхоз, казгипроводхоз және басқалары).
Жоба жасауға тапсырма алғаннан кейін жобалау мекемесі барлық жобалау-іздеу жұмыстарын басынан аяғына дейін ұйымдастыратын және оған техникалық басшылық ететін жобаның бас инженерін тағайындайды. Жобаның бас инженері құрылыс жұмыстарына да және оларды игеру кезінде де техникалық басшылық жасайды және оның сапасы, құрылыстың сметалық құнды дұрыс анықтау, жүйенің техника-экономикалық көрсеткіштеріне, жобалаудың бекітілген нормалары мен мерзімін сақтауға жауап береді.
Жобалау сатылары (стадиялары). Мелиоративтік жүйелер мен құрылыстарды жобалау екі сатылы болады: техникалық жоба және жұмыс чертеждері немесе бір сатылы техника-жұмыс жобасы, яғни жұмыс чертеждарымен бірге істелген техникалық жоба. Жобаларды бір немесе екі сатылы қылып жасауды жобаның тапсырмасын бекітетін инстанция шешеді.
Жобалауға тапсырманы «тапсырушы» береді және ол жер мен су қорларын өзендер бассейндері бойынша, аудандар және территориялар бойынша комплексті пайдалану негізінде су және жер корларын сақтаудың бас схемасы негізінде жасалады. Ал өте үлкен және күрделі мелиоративтік жуйелер және құрылыстар үшін техннкалық-экономикалық дәлелдемелер (ТЭО) жасалады. ТЭО ны жасағанда бұл құрылыстарды салудың техникалық жағынан мумкіндігін және экономикалық жағынан тиімділігін анықтайды. Тапсырманы жасауға әдетте жобалау мекемелері қатысады және олардың құрамында мынадай деректер болуы керек:
— мелиоративтік жүйенің немесе құрылыстың аты;
— жобалаудың қажеттігі;
— орналасатын жері және оның көлемі;
— жүйенің немесе құрылыстың алдына қойылатын негізгі ауыл шаруашылық өндірісінің міндеті және онда негізгі шарттар көрсетілген міндеті;
—дақылдың алатын орны (процент есебімен);
— бір адамға жүктелетін жұмыс көлемі;
— территорияны ұйымдастырудың және игерудің негізгі принциптері;
— мелиоративтік жүйенің конструкциясына және су режимін реттеудің әдістеріне қойылатын негізгі талаптар;
— мелиоративтік жүйені немесе құрылыстарды келешекте ұлғайту;
— үй, мәдени-тұрмыстық және ауыл шаруашылығы өндірісінің құрылыстарын жобалау үшін керек деректер;
— жобалаудың сатылығы;
— құрылысты салу мерзімі;
бас жобалау мекемесінің аты;
— құрылыс салатын мекеменің аты.
Мелиоративтік жүйенің техникалық жобасының құрамы шамамен мынадай болады:
күрделі, бірнеше кезекпен салынатын және бір кітапта дайындалатын күрделі құрылыстардың схемасының жоспары жасалады. Бұл кітаптың ішінде түсінік хат және графикалық қосымшалар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет