2.Жер бетімен суару
Жер бетімен суару қарықтар, пал, тақталар арқылы жүргізіледі. Олар суды өсімдіктің тамырына топырақ беті арқылы беру үшін қажет.
Қарық - ол жүйек арасымен жүретін арықша. Оны арнайы қазғышы бар трактор-культиватормен қазады (сурет). Су осы қарық аркылы жылжып, топырақтың гравитациялық және сорғыштық күші арқасында оған сіңіп отырады. Қарық арқылы арақашықтығы бар техникалық дақылдар (мақта, қант қызылшасы, картоп, жүгері т.б.) суғарылады.
Сурет. Қарықтың көлденең кимасы.
В-қарықтың жогарғы ені, м; в-қарық түбінің ені, м; а- арақашықтығы, м; һсу-қарықтағы су деңгейі, м; һқ-карықтың жалпы тереңдігі,м.
Тереңдігі бойынша карықтар үшке болінеді:
терең- һқ =20-25 см,
орташа- һқ =12-18 см,
саяз- һқ =10-12 см.
Ауыр салмақты топырақта қарықты арнайы соқамен қазған жөн. Ол қарықтың түбінен тереңдігі 10-15см жыра қазып кетеді.
Қарықтың ылғалдануына байланысты ағызып не ағызбай (ақабасыз) суғаратын қысқа қарықтар болады.
Агызып суғарғанда су қарықтың басынан белгілі бір мөлшерде беріліп отырады. Су топыраққа капиллярлы түтіктер арқылы сінеді. Сіңбей қалған су қарықтың соңынан ағып отырады (бұл әрине кемшілік). Қарық соңынан аққан су аз болу үшін қарықтың басынан беретін су мөлшерін топырақтың құрылысы мен жер бетінің еңістігін ескере отырып анықтау керек.
Қарықпен суарудың артыкшылыгы: топыраққа көп мөлшерде су беріп, терең ылғалдандыруга болады. Бір суару мен екінші суару арасында 5-10 күн үзіліс болады. Сол кезде барлық агротехникалық жұмыстарды жүргізуге болады;
Кемшіліктері: жер бетінің біркелкі тегістігін қажет етеді, топырақ түйіршігі езіліп топырақ екінші рет тұзданып кетуі мүмкін.
Қарықтың ұзындығы топырақтың қасиетіне және суару технологиясына байланысты 40-400 метрге дейін болады. Ал берілетін су өтімі 0,1...1, л/с. Жер бетінің ыңғайлы еңістігі 0,003...0,004. Қарықтың ара қашықтығы (а) әр дақыл үшін әр түрлі болып келеді. Көкөніске - 1,2-1,4 м; мақтаға-1,0 м, қант қызылшасына - 0,6м, жүгеріге - 0,7м. т.б. Қарықпен ағатын судың тереңдігі оның жалпы тереңдігінің 2/3 бөлігі болуы керек. Қарықтың ұзындығымен берілетін су өтімі топырақтың көрсеткіштеріне байланысты болады (кесте).
Кесте. Топырақ көрсеткіштеріне байланысты қарықтың ұзындығы мен су өтімі.
Топыраққа судың сіңуінің орташа жылдамдығы, дм/м
|
Жер бетінің еңістігі
|
Қарықтың ұзыңдығы, м
|
Қарықка берілетін су өтімі, л/с
|
<0,015
|
0,002-0,004
0,004-0,007
|
250-200
300-350
|
1,5-1,2; 1,2-0,8;
0,8-0,5
|
0,015-0,03
>0,03
|
0,002-0,004
0,004-0,007
0,007-0,01
0,001-0,004
0,004-007
0,007-0,01
|
200-250
250-200
200-400
120-200
200-250
250-200
|
1,5-1,2; 1,2-1,0;
1,0-0,8
2,0-1,5; 1,5-1,2;
1,2-1,0
|
Агызбай (ақабасыз) суаруда - қарықтар өте кысқа (40-80м) және еңістігі өте аз (0,002) жерлерде пайдаланылады. Оларды өте терең етіп қазады (50-60 см). Мұндай суарудың мәні мынада: суды өте көп мөлшерде жылдам беріп, қарықты толтыру. Ол толған соң, су беруді тоқтатады. Міне сол су топыраққа сіңеді. Қарықтың соңынан артық су ақпайды. Алайда мұндай тәсіл есептелген суару нормасын толық бере алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |