Витаминоносные растения – витаминді өсімдіктер. Құрамында витамині бар өсімдіктер.
Влаголюбивое растение – ылғал сүйгіш өсімдік. Ылғалы мол жерде өсетін өсімдік.
Волокнистые растения – талшықты өсімдіктер. Талшықтарынан өмірге қажетті заттар өндірілетін өсімдіктер: мақта, зығыр, кенеп, кендір, т.с.с.
Восковая спелость – балауызданып пісу, қамырланып пісу. Дән құрамының балауызға ұқсап, қамырланып пісіп-жетілуі.
Горох –асбұршақ, бұршақ (м.ө.). Бір жылдық және көп жылдық өсімдік туысы. Бұршақты дәнді дақылға жатады. Азық-түліктік және мал азығындық бағалы өсімдіктер тобы. Оның бірнеше түрі және көптеген сорттары бар.
Гречиха – қарақұмық (д.д.). Бір жылдық шөптесін өсімдік туысы. Бағалы жарма дақылдарына жатады. Жабайы түрлері де бар. Екпе сорттары көп.
Двулетние растения, двулетники – екі жылдық өсімдіктер. Екі вегетациялық кезең бойы тіршілік ететін өсімдіктер. Ондай өсімдіктердің бірінші жылы сабақ жапырақтары өседі, ал екінші жылы тұқым (жеміс) береді.
Декоративные растения - әсемдік өсімдіктері. Адамның эстетикалық қажетін қанағаттандыратын өсімдіктер.
Донник – түйежоңышқа. Бір жылдық немесе екі жылдық бұршақ тұқымдас өсімдік. Негізінен мал азығындық өсімдіктерге жатады. Ақ түйежоңышқа және сары түйежоңышқа сияқты түрлері қолдан өсіріліп пайдаланылады.
Дубильное вещество, танин - илік зат. Тері илеу үшін өсімдіктерден алынатын күрделі табиғи зат.
Дубильные растения – кермекті өсімдіктер, илік өсімдіктер. Құрамында кермекті илік зат болатын өсімдіктер, емен қабығы, ешкі тал, шырша қабығы, таран, т.б.
Дурман – сасық мендуана (у.ө.). Шөптесін өсімдік туысы, сирек жағдайда бұта түрінде де – өседі. Қазақстанда өсетін түрлерінің бәрі улы болады. Дәрі үшін де пайдаланылады.
Дыня- қауын (б.ө.). Бір жылдық бақша өсімдігі. Бағалы азықтық дақылға жатады.
Жиры – майлар. Жануарлармен өсімдік денесінде жиналатын негізгі органикалық заттардың біреуі.
Достарыңызбен бөлісу: |