Г. Ж. Сұлтанғазина Мәдени және пайдалы өсімдіктер



бет2/47
Дата30.10.2023
өлшемі1.53 Mb.
#481937
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
abf bio mukaz mad j paid sultan

Алғы сөз
Жоғары оқу орындарында қазақ топтары мен бөлімдерінің ашылуына байланысты, қазақ тіліндегі арнаулы оқу құралдары аз болғандықтан студенттер көп қиындықтар көріп жүр. Ұлттық тілді, мәдениетті, ғылымды дамытуда, жастарды өз тілінде оқыту мақсатында, жоғары сапалы білімді мамандар дайындауда осы оқу құралдың маңызы зор. Осы себепті «Мәдени және пайдалы өсімдіктер» пәніне арналған оқу-әдістемелік құрал шығарылды.
Студенттерге арналған бұл оқу құралындағы зертхана сабақтарының мазмұны «Мәдени және пайдалы өсімдіктер» пәні бағдарламасына сәйкес құрастырылған.
Зертхана сабақтарына арналған оқу құралдың мақсаты: студенттер әр жұмысты орындай отырып, өз алдына практикалық, дағды алуына, зерттегендерінің суретін салу, көргендерінің құрамды бөліктерін тауып, белгілерін қоюға үйренеді. Өз беттерімен дайындалуға арналған сұрақтарға жауап бере отырып, салған суреттерін талдау барысында оқыту жүйесін іске асыруға көмектеседі. Әр тақырыптың соңында бақылау өткізіледі.
Оқу құралында «Мәдени және пайдалы өсімдіктер» пәнінің мынадай тақырыптары қарастырылған: «Өсімдіктердің классификациясы», «Дәнді дақылдар», «Дәнді бұршақ дақылдары», «Крахмалды дақылдар», «Көкөніс дақылдары», «Талшықты дақылдар», «Жеміс-жидек дақылдары».
Бұл оқу құралда студенттерге арналған өзіндік жұмыстар мен тапсырмалар берілген. Теория және практика материалдарын реттеу үшін, бөлім басында бақылау сұрақтары орналасқан. Бұл жұмыс коллоквиум, бақылау жұмыстары мен емтихан кезінде пайдалануға тұралық көмекші құрал.
Студенттердің ізденісін дамыту, терең білім беру үшін осы оқу құралы жақсы көмекші деп есептейміз.


Өсімдіктердің классификациясы
Жалпы түсінік. Маңызы бар және селекциялық жұмыстарға жарамды зерттелген өсімдіктердің барынша маңыздылары – дәнді дақылдар, дәнді бұршақ дақылдары, майлы дақылдар, түйнек жемістер, крахмалды өсімдіктер, қантты дақылдар, талшықты өсімдіктер.
Адам ежелден өзінің шаруашылық әрекетінде айналадағы табиғатты өзгертіп, өзіне пайдалы мал тұқымдары мен өсімдік сорттарын шығарды. Алайда адамның жаңа өсімдік сорттары мен жануарлардың жаңа тұқымдарын шығару туралы қызметінің ғылыми негіздерін Дарвин ғана өзінің өзгергіштік, тұқымқуалаушылық және сұрыптау жайындағы ілімі арқылы ашып көрсетті.
Селекция сөзі дәл мағынасында алғанда, сұрыптау дегенді білдіреді. Бірақ кең мағынада алғанда селекция дегеніміз – негізінен ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға бағытталған және сұрыптау жөніндегі ілімге ғана емес, сондай–ақ биологияның басқа да бірқатар заңдылықтарына негізделетін комплекстік ғылым.
Селекцияның міндеті - өсімдіктердің қолда бар сорттарын, жануарлардың тұқымдары мен микроорганизмдердің штаммаларын жақсарту және жаңадан шығару.
Аса көрнекті совет генетигі және селекционері академик Н.И. Вавилов осы заманғы селекцияның мазмұны мен міндеттерін анықтай отырып, сорттар мен тұқымдар шығару жөніндегі жұмыстар жемісті болу үшін мынадай мәселелерді зерттеу және еске алу керек екендігін көрсетті: өсімдіктер мен жануарлардың бастапқы сорттары мен түрлерінің әртүрлі болып келуі; тұқым қуалайтын өзгергіштік; зерттелген белгілердің дамуы мен білінуіндегі ортаның ролі, гибридтену кезіндегі тұқым қуалау заңдылықтары; тиімді белгілерді бөліп алып тұрақтандыратын қолдан сұрыптау түрлері.
Н.И.Вавилов қызметкерлерімен бірге көптеген экспедициялар ұйымдастыру арқылы мәдени өсімдіктердің көптүрлілігі мен географиялық тарауларын зерттеді. Экспедициялар Совет Одағының бүкіл территориясымен қатар көптеген шетелдерді: Иран, Ауғаныстан, Жерорта теңізі елдері, Эфиопия, Орталық Азия, Жапония, Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Америка және басқа елдерді қамтыды. Осы экспедициялар кезінде мәдени өсімдіктердің 1600-ге жуық түрі зерттелді. Экспедициялардан өсімдіктер тұқымдарының мыңдаған үлгілері әкелініп, Совет Одағының әртүрлі географиялық аймақтарында орналасқан Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы институтының тәлімбағына себілді. Дүние жүзіндегі мәдени өсімдіктердің көптүрлілігін зерттеу жұмыстары қазіргі кезде де жалғастырылуда. Мұндай өте бағалы сирек кездесетін әрі үнемі толықтырылып отыратын коллекциялар селекциялық жұмыстарға пайдалануға қажетті материал болып табылады.
Осындай өте көп материалдарды зерттеу нәтижесінде, Н.И.Вавилов барлық географиялық аймақтарда мәдени өсімдіктердің алуан түрлілігі бірдей емес екенін көрсете келіп, аса маңызды заңдылықтарды анықтады. Әртүрлі дақылдардың өздеріне тән көптүрлілік орталықтары болады, оларда сорттар, түрлер, әртүрлі тұқым қуалау ауытқушылығы бар белгілер көп шоғырланады. Бұл көптүрлілік орталықтары берілген дақыл сорттарының шығу аудандары болып табылады. Көптүрлілік орталықтарының көпшілігі ертедегі егіншіліктің шығу ауқымына сай келеді. Бұлар негізінен жазық жерлер емес, таулы аудандар. Мұндай көптүрлілік орталықтарын Н.И.Вавилов алғашында 8 деп есептеді. Кейініректегі еңбектерінде ол 7 негізгі орталықты көрсетті.
1. Оңтүстік Азиялық тропик орталығы. Тропиктік Үндістан, Үндіқытай, Оңтүстік Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия аралдары. Бұл орталық мәдени өсімдіктерге өте бай. Күріш, қант қамысы, көптеген жеміс-көкөніс дақылдарының отаны.
2. Шығыс Азия орталығы. Орталық және Шығыс Қытай, Жапония, Тайвань аралы, Корея – сояның, тарының бірнеше түрлерінің, көптеген жеміс және көкөніс дақылдарының отаны. Бұл орталықта мәдени өсімдіктерге бай, дүние жүзіндегі көптүрлі өсімдіктердің 20% -ке жуығы осында өседі.
3. Оңтүстік-Батыс Азия орталығы. Кіші Азия, Орта Азия, Иран, Ауғаныстан, Солтүстік-Батыс Үндістан. Бидай, қарабидай, тағы да басқа дәнді дақылдар мен көптеген бұршақ тұқымдастардың, жүзім, жеміс дақылдарының отаны. Дүние жүзіндегі мәдени флораның 14% -тейі осы орталықтан шыққан.
4. Жерорта теңізі орталығы. Бұған Жерорта теңізі жағасында орналасқан елдер кіреді. Бұл ертедегі ең үлкен ұлы цивилизацияның таралған жері болып саналады, бұл жерлерден мәден өсімдіктердің түрлерінің 11%-тейі таралған. Оның ішінде: зәйтүн ағашы, көптеген малазықтық өсімдіктер (жоңышқа, дара гүлді жасымықша), көптеген көкөніс (капуста) және малазықтық дақылдар таралған.
5. Абиссиния орталығы. Мәдени өсімдіктер флорасы жағынан өзіндік ерекшелігі бар. Африка құрлығындағы (Эфиопия территориясы) шағын аудан. Сірә, өте ертедегі өзіне ғана тән мәдени егіншілік ошағы болса керек. Дәні үшін өсірілетін сорго, бананның бір түрі, майы үшін өсірілетін ноқат, бибай мен арпаның бірқатар ерекше формалары осы орталықтан таралған.
6. Орталық Америка орталығы. Оңтүстік Мексика. Онда жүгері, талшықты мақта, какао, бірқатар асқабақ тұқымдастар, үрмебұршақ – барлығы 900-ге жуық мәдени өсімдіктер өседі.
7. Анд. (Оңтүстік Америка) орталығы. Оңтүстік Американың батыс жағалауындағы Анд тау жоталарының біраз бөлігін қамтиды. Көптеген түйнекті өсімдіктер, оның ішінде картоп, кейбір дәрілік өсімдіктердің (кокаин бұталары, хена ағашы) отаны.
Жер шары мен біздің еліміздің флорасы өте бай және әртүрлі біздің еліміздің территориясында ғана 20 мыңдай өсімдік түрлері, жер шарында 300 мыңдай гүлді өсімдік түрлері өседі. Адамның өндірістік мақсатқа пайдаланылатын 30 мың, тұрақты түрде – 12 мың, оның ішінде 5 мыңға таяу әсемдік өсімдіктер (П.П.Вавилов, А.А.Кондратьев,1975), және бір көңіл аударатын жәйт, дүние жүзінің егіс көлемінің 80% 250 өсімдік түрлері алып жатыр. Өсімдіктердің таралуы әрқилы, сондықтан өсімдіктерді бір аймақтан екінші аймаққа, бір елден басқа елге, жабайы флорадан дақылға жаңа өсімдіктер енгізу қажеттігі туады. Бұл процесс интродукция – енгізу деп аталады. Интродукция түсінігіне еліміздің және шет елдердің жабайы түрлері мәдени дақылға енгізу, өзіміздің еліміздегі мәдени өсімдіктердің біздің елімізде өсіру жатады.
Флора байлығына қарамай бірқатар аудандардың далалық егіншілігінде осы уақытқа дейін нақты жағдайларға жақсы бейімделген өнімді өсімдіктер жоқ. Суыққа төзімді, тез өсетін өсімдіктер аз, өсіріліп жүрген көптеген дақылдар пісіп үлгермейді, оларды өсіру негізінен тасымал тұқымдарға негізделген.
Барлық интродуциенттер көпжылдықтар да, бір жылдықтар да жоғары өнімділігімен ерекшеленеді: Біржылдық түрлері – 200-400 ц/га, көпжылдықтары 500-1500 ц/га дейін жасыл балауса береді, алайда шаруашылық егістерінде олар мүлде жоқ. Дегенмен бірқатар дақылдар – жаздық және күздік рапс, майлы шомыр, топинсолнечник, көңіл қоярлық дақылдар екенін көрсетеді.
Осы топтағы дақылдар құрғақ затқа есептегенде жоғары 18-20% протеин мөлшерімен сипатталады.
Осы топтағы барлық өсімдіктер алшынкөктігімен суыққа және аязға төзімділігімен ерекшеленеді. Өсіп-өнудің басында көктемде 6-80 , ал қысқа қар қабатының астында 40-450 аязды көтереді. Күзде іс жүзінде тұрақты аязға дейін Солтүстік Қазақстанда қазан айының басына дейін өсе береді. Барлық көпжылдық өсімдіктер себу нормасының өзгеруіне айтарлықтай әсер етпейді, өйткені сабақ жиілігі олардың қарқынды өркен түзуімен реттеледі.
Аймақта барынша мол өнім беретін дәстүрлі дақылдарға ерекше көңіл бөлген жөн. Жеткілікті тексерілген, жоғары өнімді сорттары бар рапс, сурепица, майлы шомыр, топинсолнечник т.б. өндіріске енгізуге батыл жұмыс жүргізген дұрыс.
Қазақстан Республикасының жер көлемі 272 млн гектардан астам. Солтүстік Қазақстанның барлық егіс көлемі 21490 мың га. Мұнда республикадағы егістіктің 60% шоғырланған. Солтүстік Қазақстанның климаты құрғақшылықпен сипатталады және ол жиі (онжылдықта 2-4-ке дейін) қайталанып тұрады. Сондықтан екпе дақылдарды аудандастырғанда олардың құрғақшылыққа төзімділігін, сонымен қоса күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы ылғалды пайдалану ерекшеліктерін ескеру керек. Солтүстік Қазақстанның топырақ және температура жағдайлары бидай, жемдік дәнді дақылдарды, ал орманды – далалық аймақта сонымен қоса сұлы, тары, жүгері мен күнбағысты сүрлемге (аймақтың ең құрғақшылықты бөлігінде-құмай) құрғақшылыққа және қысқы суыққа төзімді көпжылдық шөптерді – еркекшөп, эспарцет, қылтықсыз бидайық, жоңышқа, түйежоңышқа және біржылдық шөптерді – судан шөбін, итқонақ, мал азықтық тары, бұршақ, - сұлы қоспалары, дәнді бұршақ дақылдары асбұршақ, ноғатық, ноқат, тағы басқаларды өсіруге қолайлы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет