Г. Ж. Сұлтанғазина Мәдени және пайдалы өсімдіктер


тақырып 1000 дәннің салмағын анықтау



бет6/47
Дата30.10.2023
өлшемі1.53 Mb.
#481937
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
abf bio mukaz mad j paid sultan

4 тақырып 1000 дәннің салмағын анықтау
Жұмыстың барысы
1000 дәннің салмағы себілетін тұқымның сапасын сипаттайтын, шаруашылық маңызы зор көрсеткіш. Ол тұқымның ірілігі мен толықтылығына байланысты. Ipi, салмақты тұқым қоректік заттарға бай, сондықтан олар жақсы дамыған өсімдіктер және мол өнім бере алады. 1000 дәннің салмағын анықтау үшін таза, іріктелген және құрғақ тұқымды 500 данадан екіге бөліп, өлшеп, олардың салмақтарын екі есе кебейтеді, eкi өлшемінің айырмашылығы 1000 дәннің орташа салмағыымен салыстырғанда 3% аспауы керек.
Мысалы, 1000 дәннің бірінші өлшемінің салмағы 25,44 граммға тең, ал екіншісінікі - 24,80 грамм. Орташа салмақ - 25,12 грамм. Айырмашылықтары 3% аспайды. 1000 дәннің салмағын оның ылғалдылығына қарап мына формуламен анықтауға болады:
А=
Мұнда, А-1000 дәннің құрғақ салмағы, г.;
Б- 1000 дәннің ауадағы құрғақ салмағы, г.;
В- дәннің ылғалдылығы, процент бойынша;
Мысал, егер 1000 дәннің салмағы 25,12 грамм, ал ылғалдылығы 15% болса, онда оның шектік (абсолюттік) салмағы:


= 21,35 грамм
5 тақырып Тұқымның тіршілікке қабілеттілігін цитоплазманы бояу арқылы анықтау
Жұмыстың барысы
Зақымданған өсімдік клеткаларының цитоплазмасы бояуға бейім болады. Осыған орай тұқымдардың тіршілікке қабілеттілігін анықтайды. Ұрықтары болмаған тұқымдар тіршілікке қабілетті деп саналады.
Нелюбов әдісі. Бөлме температурасында 18 сағат бойы суға салып қойған ас бұршақтың тұқымдарын қабықтарынан ажыратады. Сонан соң 10-15 тұқымдарды 2-3 сағатқа температурасы 30оС 0,2% индиго-карминнің ерітіндісіне салып қояды. Бояуды төгіп, тұқымдарды сумен жуып, олардың тіршілікке қабілеттілігін анықтайды. Тамырлары боялмаған және тұқымжарнақтары нашар боялған тұқымдар тіршілікке қабілетсіз деп саналады.
Иванов әдісі. Бөлме температурасындағы суға 70 сағат бойы салынып қойған бидайдың тұқымын алады. Он тұқымды ұстарамен науа бойынан екіге бөліп, 15 минут 0,2% қышқыл фуксиннің ерітіндісіне салып қояды. Соңынан бояуды төгіп, тұқымдарды сумен жуып, сүзгіш қағазға салып, олардың тіршілікке қабілеттілігін анықтайды. Жоғарыда айтқандай тіршілікке қабілетті тұқымдардың ұрықтары боялмайды, ал зақымданған, тіршілігін тоқтатқан тұқымдардың ұрықтары айқын боялады. Боялған және боялмаған тұқымдардың суретін салып, істелген жұмыстың нәтижесінен қорытынды жасау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет