Бақылау сұрақтары:
1. Мәдени өсімдіктердің шығу тегі мен көптүрлілік орталықтары жайындағы Н.И.Вавилов ілімінің практикалық селекциясы үшін қандай маңызы бар?
2. Селекция мен сұрыптау ұғымдары жақын мағынада ма?
3. Селекцияның міндеті қандай?
4. Мәдени өсімдіктер қай ғасырдан бері зерттелген?
Дәнді дақылдар
Жалпы түсінік. Дәнді дақылдардың жалпы сипаттамасы. Дәнді дақылдар ең әуелі адамзаттың азық қоры болып табылады. Астық – жер шарындағы халықтың ең негізгі азық түлігі. Сонымен қатар, дәнді дақылдар - өңдеу өнеркәсібінің шикізат қоры (сыра қайнату, спирт өндірі, крахмал т.б)
Морфологиялық ерекшеліктері. Дәнді дақылдардың көпшілігі қоңырбастар Poaceae тұқымдасына жатады. Оларда санының көптігі мен түр өзгерістерінің әр түрлілігіне қарамай вегетативтік органдардың құрылысы мен дамуыда көптеген ұқсас белгілер бар. Дәнді дақылдар морфологиясы мен өсіру ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлінеді: кәдімгі астық, немесе дәнді, дақылдардың бірінші тобы – бидай, арпа, қара бидай, сұлы; тары тәрізді астық, немесе дәнді дақылдардың екінші тобы – тары, жүгері, сорго, күріш және қарақұмық (қарақұмық тұқымдасы Polygonaceae), дәнді бұршақ дақылдары (Fabaceae) ас бұршақ, май бұршақ, ноғатық, ноқат, лобия бұршағы, бөрі бұршақ, атбас бұршақ, жасмық, бадана.
Poaceae тұқымдасына жататын дәнді дақылдардың тамыр жүйесі шашақты келеді. Түп, немесе ұрықтық тамырлар және түйін, немесе қосалқы тамырлар ажыратылады. Түп тамырлар тікелей тұқым ұрығынан өсіп шығады, ал түйін, немесе қосалық тамырлар (кейде «екінші» тамыр деп те атайды) сабақтың жер асты түйінінен түзіледі. Бұл тамыр түрлерінің екеуінін де өсімдік тіршілігінде үлкен маңызы бар. Жақсы дамыған түп және екінші тамыр жүйесінің қалыптастырған бидай өнімінің 65 проценті түп тамырлар үлесіне тиеді.
Жүгері мен соргода сабақтың жер бетінде таяу орналасқан түйінінен тірек, немесе ауа тамырлары тарайды. Олар өсімдіктердің жапырылып қалмауға төзімділігін арттырады. Дәнді дақылдардың тамырлары топыраққа 100 см және одан да тереңге бойлайды. Бірақ олардың негізгі массасы (80-90%) топырақтың жыртылатын қабатында орналасады. Тамыр жүйесі неғұрлым қуатты болса, өсімдік қоректік заттар және ылғалмен соғұрлым жақсы қамтамасыз етіледі. Соның нәтижесінде егін өнімі де жоғары болады. Дәнді дақылдардың ішінде қуатты тамыр жүйесін жүгері, қара бидай және күздік бидай қалыптастырады.
Түп және қосалқы тамырлар ұсақ тамыр талшықтарын түзеді де олар өсімдіктің ылғалмен қамтамасыз етілуін және қуаңшылыққа төзімділігін күшейте түседі.
Дәнді дақылдардың сабағы – сабан, ол түйіндерден және түйін аралығынан тұрады: түйіндер дегеніміз сабақтың қалқамен ажыратылған жұмыр бөлігі, түйіндер арасындағы кесінді түйін аралығы деп те атайды және олардың саны 5-7 (бидай, сұлы т.б). Көптеген дәнді дақылдар сабанының іші кеуек, ал жүгері мен сорго-паренхима тканьдерімен толтырылған. Сабақ барлық түйін аралықтарымен өседі. Ең әуелі төмендегі түйін аралығы өсе бастайды, одан кейін ортаңғы және жоғарғылары өседі. Сабақ жуандығы ұзына бойына біркелкі емес: ең жуан бөлігі орта шенінде, ал ең жіңішке жері-жоғары бөлігі. Бірқатар дәнді дақылдар (жүгері, сорго т.б) бүйір өркендерін жер асты түйіндерінен түзеді.
Астық дақылдарының жапырағы екі бөліктен – жапырақ тақтасы мен жапырақ қынабынан тұрады. Жапырақ қынабының тақтаға ауысатын жерінде тілше деп аталатын жұқа қабық болады. Ол жапырақ қынабының ішінде судың еніп кетуіне жол бермейді. Тілшенің жан-жағына екі жарты ай сияқты құлақша орналасқан және ол жапырақ қынабын сабаққа бекітіп ұстап тұрады. Дәнді дақылдар дамуының ерте кезеңінде тілше мен құлақша дақылдары бір-бірінен ажыратуға көмектесетін жүйелі көрсеткіштер болып табылады: сұлыда тілше күшті дамыған, ал құлақшасы жоқ, арпада құлақша жақсы дамыған, бидай мен қара бидайда тілше мен құлақша әлсіз дамыған.
Дәнді дақылдардың гүл шоғыры масақ (бидай, қара бидай, арпа), сіпсебас (күріш, сұлы, тары, сорго, жүгері), собық (жүгері) және шоқгүл (қарақұмық) түрінде болады. Масақ білектен тұрады, оның кертпешінде кезектесіп екі жағынан масақшалар орын тепкен. Сіпсебас орталық білікпен бірінші, екінші және одан кейінгі дәрежедегі бүйір бұтақтарынан тұрады да олардың ұшар басында масақшалар орналасақан. Масақша екі масақ қабықшасы (бидай мен сұлыда олар жалпақ, қара бидай мен арпада - жіңішке) мен бір немесе бірнеше гүлден тұрады. Әрбір гүлде екі қабықшасы болады: масақ қабықшасына таяу орналасқаны қалыңдау болады ол сыртқы гүл қабықшасы деп аталады; ал екіншісі өте жұқа, әрі нәзік болады және оны ішкі гүл қабықшасы деп атайды. Гүл қабықшаларының арасында екі қалақты аналық аузы бар жатын мен үш аталық (күріште алтау) орналасқан.
Собық – ұзақ табиғи сұрыптау нәтижесінде түр өзгерісіне ұшыраған сіпсебас болап табылады, оның білігі борпылдақ паренхима тканьдерінен тұрады және сыртындағы ұсақ ұяларда масақшалар орналасқан.
Шоқгүл (қарақұмықта) құрылысы бойынша масақ пен сілсебасстан өзгеше: ол жекелеген бестік гүлдерден тұрады: гүл тажы күлгін немесе қызғылт түсті бес гүл жапырақшасынан, сегіз аталықтан, әртүрлі шамадағы үш бағаналы аналықтан тұрады.
Жемісі – дән, ол ұрықтан және эндоспермнен құралған. Дән ұрығы үлкен емес және бидай, қара бидай, арпада – 1,5-5%, сұлыда – 2,0-3,5%, жүгеріде -10-14%, дән массасының бөлігін құрайды. Дәнді дақылдар дәнінің құрамы дақыл түрінде, ауа-райы жағдайына, топырақ, өсіру технологиясының дәрежесі мен сорттарға байланысты өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |