Зертханалық сабақтың әдістемелік нұсқаулары
1 тақырып Бақша дақылдарының морфологиясы
Мақсаты: Бақша дақылдарының морфологиялық ерекшеліктерімен танысу
Жоспар:
1 Қарбыз – негізгі бақша дақыл.
2 Қауын. Биологиялық ерекшеліктері.
3 Асқабақ. Агротехника ерекшеліктері.
Жалпы түсінік
Бақша дақылдары – қарбыз, қауын, асқабақ, кәді- бір жылдық шөп тектес өсімдіктер.
Асқабақ (тыква) – Cucurdiata
Асқабақтың үш түрі белгілі: қатты қабықты (асханалық) жұпарлы
(мускатты), ірі жемісті және оның түр тармағы- шалма тәрізді (27 сурет)
Асқабақ – жылу сүйгіш өсімдік. Өскіндері жылылық 14 0 С төмен болмағанда пайда бола бастайды. Өсуі үшін оңтайлы температура 25-28 0 С. Сонымен бірге шамалы уақыт дымқылды және салқын ауа райына шыдайды, ал тамыр жүйесі, қарбыз бен қауынға қарағанда, біршама төмен температурада дами алады (25-сурет).
25-сурет. Асқабақ жемістерінің пiшіні.
Асқабақ қарбызға қарағанда жарыққа талабы кемірек, сәл көлеңкеде өсе алады. Сондықтан оны жүгеріге тығыздағыш өсімдік ретінде өсіреді. Бақша дақылдарының ішінде ең ылғал сүйгіші. Ылғал сыйымдылығы жоғары, жақсы қызатын топырақтарда ол жоғары өнім береді.
Асқабақты биік сабақты – жүгері, күнбағыс, сорго дақылдарының ықтырмасына себу жақсы нәтиже береді. Асқабақты күтіп-баптау, қарбыздыкіне ұқсас. Өнімділігін көтеру үшін гүлдерін жасанды тозаңдандырады, әсіресе салқын ауа райында. Тозаңдандыруды таңертең, алғашқы аналық гүлднрі ашылысымен, арасына 1-2 тәулік салып жүргізеді.
Асқабақ жемісінің пісуін жеделдету үшін күзгі бозқырауға шамамен бір ай қалғанда, жемістен жоғары 6-7 жапырағын қалдырып, сабақ өркендерін шырпиді. Вегетация кезеңінде гектарына 500-600 м3 су беріп 6-7 рет суарады.
Жемістерін бозқырау түсер алдында жаппай, шіруден сақтау үшін, жеміс сағағымен жинайды.
Егістікте асқабақтың үш түрі өсіріледі: кәдімгі асқабақ (C. Pepo), ірі жемісті асқабақ (C. Maxima) және мускатты (асханалық) асқабақ (C. Moschata).
Ірі жемісті мал азықтық ақабақтың тамыры қуатты кіндікті, сабағы цилиндрлі, іші қуыс, шырмауықты, жапырақтары бүйрек тәрізді, дөрекі талшықтармен түктелген, гүлдері өте ірі, сарғыш-сары түсті, жемістері шар тәрізді, қысыңқы немесе ұзынша келген, көлденеңінен ұзындығы 50-70 см, әртүрлі түсті. Жемісінің жұмсағы борпас, шырынды, сарғыш, кейде ақ. Тұқымдары ірі, (ұзындығы 2-3 см), жылтыр, 1000 санының массасы 240-300 г.
Қарбыз (арбуз)-Citrullus
Қарбыздың екі түрі – асханалық қарбыз (C. edulis) және мал азықтық қарбыз (C. colocunthoides) - өсіріледі (26-сурет).
26-сурет. Қарбыз:1- аналық гүл; 2- аталық гүл; 3 - аталықтар; 4- өркеннің 6ip бөлігi.
Мал азықтық қарбыздың күшті дамыған кіндік тамыры 4-5 м дейін тереңге және 5-7 м дейін жан-жағына тарайды және асханалық қарбызға қарағанда қуатты. Сабағы шырмауықты, ұзынөрімді (3-2 м), 10-12 бұтақты, қатты талшықтармен түктенген. Жапырақтары қауырсынды тілікті бөліктерге тарамданған. Гүлдері ірі, күңгірт-сары күлтешесі бар, бестік типте, бөлек жынысты. Аталық гүлдері ұзын аяқшаларға, ал анлық гүлдер қысқа аяқшаларға орналасқан және аталықтарға қарағанда ірірек. Жемістері - шар пішінді және ұзынша- сопақ келген, жасыл немесе ашық-жасыл түсті, әрі күңгірт жолақты мрамор суреті бар. Жемісінің массасы 10-15-тен 25-30 кг дейін және одан да жоғары. 1000 тұқымының массасы 100-200 г. Мал азықтық қарбызда тұқым жолы жоқ.
Қауын (дыня) -Melo
Қауынның сабағы 2 м дейін төселіп өседі, жапырақтарын қою түк басқан. Тамыр жүйесі күшті дамыған, жан –ағына 2,5-3 м тарамдалады, топыраққа 40-50 см, ал кейбір тамырлары 2,5-3 м дейін бойлайды.
Қауын – бір үйлі, аталық және аналық гүлдері бөлек орналасқан өсімдік. Жылуға, топырақ және ауа ылғалдылығына, күн сәулесіне, қоректік элементтерге талабы бойынша қарбызға жақын.
Қанттылығы боынша қауын қарбаздан асып түседі. Орта Азияның ең жақсы сорттарында 20-21 % -ке дейін қант болады, ол дәмділігі боынша ең таңдаулы жемістерден қалыспайды. С дәруменіне, минералды тұздарға бай. Жас және қақталған күйінде желінеді, қайнатпа, пюре дайындалады. Жас түйнектерін қияр сияқты маринадтауға болады.
Кәді және самсар
Кәді және самсар – көкөністік асқабақ. Олардың пісіп жетілмеген жас түйіндерін өңдеп пайдаланады. Кәдіні бұқтырады, қуырады, фаршылайды, маринадтайды, одан уылдырықжасайды. Самсарды консервілейді. Самсардың нәзік қытырлауық жемісі дәмі жағынан саңырауқұлаққа ұқсас. Кәді мен самсардың негізгі сабақ өркені (жеміс), қысқа буынарлығын құрастырып, баяу өседі, сондықтан олар бұтаға ұқсас келеді. Гүлдері бөлек жынысты, жәндіктермен тозаңданады. Кәдінің жемісі ұзынша цилиндр сияқты. Олардың ұзындығы 15-20 см және жуандығы 6-8 см жеткенде, 8-10 тәуліктік кезінде жинай береді. Самсардың жемісі тәрелке тәрізді, шеттері тісті келеді. Кәдіге қарағанда еті тығыздау. 3-5 тәуліктік, диаметрі 8 см артық емес түйіндерін пайдаланады.
Кәді мен самсар – жылу сүйгіш өсімдіктер. Тұқымдары 13-14 0 С өне бастайды. Өсіп-дамуы үшін оңтайлы температура – 20-23 0 С. Топырақтың ылғалдылығына жоғары талап қояды, бірақ ауа ылғалдылығы топырақтікінен жоғары болмағаны жөн. Бұлар тез пісетін өсімдіктер. Жеміс өнімін өскіндер пайда болғаннан 50-65 тәулік өткен соң жинай бастайды. Жеміс салуы күзге үсікке дейін жалғасады.
Ерте пісетін бақша дақылдарының ерекшеліктері
Ашық және қорғаулы жерде ерте пісетін бақша дақылдарын көшет арқылы өсіру ерте өнім алуға мүмкіндік береді, айталық, Солтүстік Қазақстан үшін бұл зор мәнге ие болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |