Г. С. Шакирова «геоморфология және геология негіздері»



бет24/52
Дата30.11.2022
өлшемі297.09 Kb.
#466075
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   52
«геоморфология ж не геология негіздері»

Физикалық мору. Физикалық мору процестерi нәтижесiнде таужыныстар механикалық қирауға түседi – бастапқы таужыныстар уатылады да құрамын өзгертпей тасшақпаға, қиыршыққа, құмға немесе тозаңға айналады.
Мору белдемiнде таужыныстарды қирауға ұшырататын негiзгi факторлар:

Физикалық мору ықпал етушi фактордың табиғатына байланысты екi түрлеске бөлiнедi: температуралық және аяздық.
Таужыныстардың температура ауытқуы әсерiнен моруы олардың беткi жағынан басталып, бiртiндеп iшкi жағына қарай тұрақты температура белдеуiне дейiн таралады. Бiрақ таужыныстардың күн қыздыратын сыртқы бетi олардың iшкi бөлiктерiмен салыстырғанда едәуiр көп ұлғаяды. Нәтижесiнде таужыныстың беткi және терең бөлiктерi арасында, оның бетiн бойлай созылған жарықшақтар пайда болады. Осы жарықшақтар бойынша қабыршақтанған таужыныстың беткi жағы сыпырылып түсе бастайды. Таужыныстардың беткi бөлiкшелерiнiң қабыршақтану процесi десквамация (лат. “десквамара” – қабыршағын сыдыру) деп аталады.
Бiздiң планетаның органикалық тiршiлiгi таужыныстардың қирауына бiршама ықпал жасайды. Қарапайым өсiмдiктер – қына мен мүк, өздерiнiң тiршiлiк ету процесiнде таужыныстарды белсендi қиратады. Мәселен, ағаш тұқымдас өсiмдiктер өздерiнiң тамыр жүйесiнiң дамуына байланысты топырақ қабатын қопсытып қана қоймай, берiк таужыныстарды едәуiр қиратуға дейiн әкеледi. Органикалық қосылыстар мен қышқылдар таужыныстарға химиялық әсер етiп, ыдыратады. Құрт, құмырсқа, термит пен жер қазатын жануарлардың механикалық жұмысы да таужыныстардың қирауына әкеледi.
Физикалық морудың барлық түрлерiне тән жалпы ерекшелiк – оның аз тереңдiкте ғана бiлiнуi. Ол температура ауытқуы, судың сiңуi және т.б. агенттер енетiн тереңдiкке байланысты дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет