Г. С. Шакирова «геоморфология және геология негіздері»



бет26/52
Дата30.11.2022
өлшемі297.09 Kb.
#466075
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   52
«геоморфология ж не геология негіздері»

Мору процестерiнiң мәнi. Мору процестерi жер қыртысының жоғарғы горизонттарын терең өзгерiстерге түсiредi. Мору барысында тығыз әрi берiк магмалық, метаморфтық және шөгiндi таужыныстар уатылып, химиялық ыдырауға түсiп, олар қопсық, оңай қирайтын жаралымдарға ауысады.
Мору процестерi әртүрлi пайдалы қазбалар кенорындарының жаралуы мен өзгеруiне әкеледi. Физикалық морудың қопсық өнiмдерi – шақпатас, дөңбектас, қиыршық, құм және кейде саз өнеркәсiптiң әртүрлi салаларында пайдаланатын құнды құрылыс материалдары.
Мору процесінің тереңдігі грунт суларының деңгейімен анықталады және бірнеше дециметрден жүздеген метрге дейін өзгереді.
Мору өнімдерінің ысырылуы қиын жазықты орындарда, морылатын таужыныстарының бетінде моруға төзімді минералдардан тұратын түпкі таужыныстар және қайтадан жаралатын гипергенді минералдар құрамына кіретін қалың тыс пайда болады. Бұл тыстың барлығы элювий деп аталады. Мору қыртысындағы көне элювий, темір және алюминийдің оксидтерінен және гидроксидтерінен тұратын цементімен цементтелген, қопсық немесе қандайда бір шөгінді материалдан тұрады.
Қиылысқан бедер жағдайында морудың қопсық өнімдері көтеріңкі участоктың ойыстағы шөгінділермен араласады. Жоғарғы беттік ағын сулармен, желдермен, мұздықтардан бұзылу өнімдерінің тасымалдануы және таужыныстарының бұзылуы денудация деп аталады.
Әркелкі төзімділігі бар (әркелкі дәрежеде жарықшақтармен бөлектенген, әркелкі цементтелген, ерігіш) бедерлердің өздеріне тән пішіндері таужыныстарының морылу кезінде туындайды. Неғұрлым төзімді таужыныстарының бір бөлігі орындарында әртүрлі бейне, жиі таңқаларлық қалдықтар түрінде орналасады. Мору пішіндері жақсы бағыттаушы болып табылады, және оларды карталарда арнайы шартты белгілермен белгілеу қабылданған. Мору кезінде таужыныстарына тән жарасымды жарықшақтар және бөлектену байқалады (мысалы, базальттарға тән бағаналар, граниттер жинап қойған көрпе тәрізді). Басқада таужыныстардың жартастарында және тасжақпарларда күрделі ұяшық, шілтерлі суреттер туындауы мүмкін; Құламалы беткейлердің және жыралардың қабатты қалыңдықтарында карниздер, террасалар пайда болады және т.с.с.
Негізгі әдебиеттер: 1 [52-66]; 2 [ 94-100-107;]; 4 [72-87].
Бақылау сұрақтары:

  1. Экзогенді процестер туралы жалпы мәліметтер.

  2. Мору және мору түрлері.

  3. Мору әрекетінен пайда болатын бедер пішіндері.

  4. Мору қыртысы.

  5. Мору процестерiнiң мәнi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет