Г. С. Шакирова «геоморфология және геология негіздері»


-шы лекция. Карст және карсты бедер пішіндері. Псевдокарст



бет32/52
Дата30.11.2022
өлшемі297.09 Kb.
#466075
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   52
«геоморфология ж не геология негіздері»

10-шы лекция. Карст және карсты бедер пішіндері. Псевдокарст.
Жер асты сулары деп таужыныстарының кеуегінде және жарықшақтарында сулардың болуын айтады. Карст бедер пішіндерін жер асты және үсті сулары ерігіш таужыныстарды қуыстандыра еріту процесінде жасайды. Осыған орай таужынысчтарда пішіні мен өлшемдері әр түрлі карст қуыстары пайда болады. Карстпен байланысты бедер пішіндері карбонат таужыныстарда, яғни әктастар мен доломиттерде жиі кездеседі.
Карст – тез ерігіш таужыныстарда қуыстардың пайда болуына әкелетін процестер жиынтығы. Карст аймақтарының бедер пішіндері. Жер бетіндегі карст пішіндеріне карр микробедері жатады. Kapp деп терендігі 1-2 м-ге жететін карбонатты таужыныстар бетіндегі көптеген жарықтарды, жылғаларды және соларды бөлетін кіші-гірім үшкір тіске ұқсас қырқалар жүйесін атайды. Каррлардың пайда болу себебі жауын сулары мен еріген қардың сулары карбонаттық таужыныстарының үстімен аға келіп, жарықшақтар бойымен төмен сіңіп, олардың жан-жақты қабырғаларын ерітіп кеңейтуінде. Жарықтар мен қырқалар бір-біріне параллельді немесе қиылысып күрделі карст микропішіндерін құрайды. Егер жарықтар таужыныстар қабаттарының құлауымен сәйкес келсе, қырқалар мен жарықтар бір-біріне параллелді болуы мүмкін. Бірақ көп жағдайда каррлардың қырқалары ретсіз орналасып, бірімен-бірі қиылысып жан-жаққа тармақталып және қайта қосылады. Мұндай жағдайда карсты микропішіндер кең өлкені қамтып, көп тісті тараққа ұқсас каррлық алаңдарды (карровые поля), немесе каррлық аймақтарды түзеді.
Судың тік бағыттағы циркуляциясы мейлінше қарқынды болса карст таужыныстарының еру процесі тесік жарығы (понорлар) деген қуыс пішіндердің пайда болуына әкеліп соғады. Бұл жердің бетінде тік келген табиғи құбырлар іспетті беті ашылған жарықтар мен індер тәріздес көрініс береді. Тереңіректе оқпандар судың тік бағыттағы циркуляциясы нәтижесінде әр түрлі қуыстардың жүйесіне ауысады. Оқпандар ұлғайған сайын екінші карстық пішіндерге, яғни карстық шұңқырларға (карстовые воронки) ауысады. Карстық шұңқырлар жер бетінде жиі тараған. Олардың көлемі және сыртқы бейнесі карстқа ұшыраған таужыныстардың түрлері мен геологиялық құрылымына тәуелді. Карст шұңқырлардың пайда болуы таужыныстары материалының еріп сумен шайылып кету процесімен бірге сазды және ұсақ құмайтты бөлшектерінің төмен сүзіліп кетуімен орайласа жүреді, яғни суффозия процесіне байланысты. Мұндай пішіндерді карсты-суффозиялық шұңқырлар дейді.
Карстық пішіндерге тән ерекшеліктердің бірі - олардың сыртқы бейнесінің тұрақсыздығы, бір пішіннен екіншісіне ауысуы. Мысалы, кіші-гірім жайпақтау келген тұйық көлшіктер (карстовые блюдца) тереңдей бере карстық шұңқырларға ауысады, ал карстық құдықтардың ернеулері тегістеле келе тағы да сол карстық шұңқырлардың түзілуіне әкеп соғады. Егер тесік жарығы (понорлардың) ірге жағы одан әрі карст процесіне ұшырай берсе, олардың көлемі ұлғайып, табиғи құдықтар мен шахталарға айналады.
Полья деп көлденеңі бірнеше километрге, кейде ондаған километрге жететін, табаны тегіс, жан-жағы тік тұйық ойпандарды атайды. Олар бірнеше қазаншұңқырлардың бір-бірімен қосылуынан немесе жерастындағы карстық қуыстардың төбесі опырылып құлап түсуінен пайда болады. Кейбір ірі пішіндердің жаратылысы тектоникалық құрылымдарына байланысты.
Үңгір қабырғалары арқылы ағып сауысты жаралымдар жоғарыдан төмен қарай сүңгі тассүңгі, ал төменгі жағында бағаналар – тасқада пайда болады. әлемдегі ең ірі үңгір - Мамонт – АҚШ-тың Кентукки штатында 290 км.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет