Г. С. Шакирова «геоморфология және геология негіздері»


-шы лекция. Флювийлік процестер және бедерлер пішіндері



бет29/52
Дата30.11.2022
өлшемі297.09 Kb.
#466075
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   52
«геоморфология ж не геология негіздері»

9-шы лекция. Флювийлік процестер және бедерлер пішіндері
Жер бетіндегі бедер пішіндерін түзетін басты экзогендік процестердің бірі арналы су ағындарының - өзендер мен бұлақтардың қиратушы және аккумуляциялық әрекеті. Геоморфологияда су ағындарының тасымалдаушы және қиратушы әрекетін эрозиялық әрекет немесе эрозия деп атайды. Ал, аккумуляциялық әрекет аллювийлік, пролювийлік және атыраулық процестерге бөлінеді. Су-эрозиялық және су-аккумуляциялық процестер және қалыптастыратын бедер пішіндері мен шөгінділер жалпылама флювийлік (лат. fluvium-өзен) деп аталады.
Ағын су әрекеті байтақ аймақтарды қамтып, үлкен жұмыстар атқарады. Мәселен, бұрынғы КСРО аумағында өзендер бір жылда 800 млн. Тоннаға жуық минералдық заттар тасымалдаған. Сонымен бірге флювийлік процестермен көптеген маңызды кенорындар – алтын, платина, сирек элементтер, құрылыс материалдары байланысты.
Ағын сулар жер беті пішіндерінің қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Олардың әрекетінен пайда болған бедер пішіндері алуан түрлі. Сол себептен суды жер бетінің мүсіншісі дейді. Ағын сулардың әрекеті алдымен сумен шайылуынан, шайылған заттардың судың ағынымен төмен тасымалдануынан, соңында оларды шоғырлап жинауынан құралады. Сонымен, ағынды сулар әрекетімен атқарылатын геоморфологиялық процестердің жиынтығын флювийлік процестер деп атайды.
Уақытша ағын сулардың әрекеті және олар құрайтын бедерлер пішіндері. Уақытша ағын сулар әрекетінен пайда болған бастапқы эрозиялық пішіндер – жылғалар (атыздар). Жыртылған және сирек өсімдікті беткейлерде жылғалар уақыт өте бере тереңдігі 1,0-2,0-м-ге, ені 2,0-2,5 м-re жететін эрозиялық жырмаларға айналады. Алайда кез-келген эрозиялық жылғалар жырмаларға айнала бермейді. Ол үшін ағыс күштірек, жиналған судың көлемі молырақ болу тиіс.
Су қоры жеткілікті мөлшерде жиналғанда жырмалардың бір бөлігі тереңдей және кеңи келе, бірте-бірте жыраларға айналады. Жыра жылдам өсіп-өршитін эрозиялық пішін. Жыра ұзарып, оның бойлық қимасы қалыптасқан сайын, аққан судың эрозиялық күші азая береді, ақырында жыра сайға айналады.
Жыра эрозиясы - халық шаруашылығына елеулі зиян келтіретін табиғи апат. Олар ауылшаруашылығында пайдаланатын жерлердің біразын істен шығарады да, өңдеуге жарамайтын аймақтарға айналдырады, жол құрылыстарын бұзады және т.б. Жыра эрозиясымен қарсы күрес жүргізу үшін алдын ала сақтандыру әрекеттеріне назар аудару керек. Көптеген халық шаруашылық жұмыстарына (гидротехникалық құрылысында, суландыру жүйелерінде, жол және басқа өндіріс құрылысында) эрозияға қарсы шараларды зерттеп жүзеге асыру және қолдану қажет.
Құрлық бетіндегі ағатын: жаңбыр, қар, су мен ағыстардағы тұрақты және уақытша сулар, үлкен және кіші өзендердегі сулардың барлығы ағын сулар деп аталады.
Ағын сулармен таужыныстарының бұзылуы эрозия деп аталады. Бұл жұмыстың сипаты мен масштабы көптеген себептерге байланысты соның ішінде жер бетіндегі сулардың ағындарының пішініне байланысты, яғни арналық және арналық емес болып келеді.
Арналық емес ағын сорғаламалы және жазықты болып бөлінеді. Жазықтағы ағын қатты жаңбырда біркелкі беткейде жұқа қабатты су түрінде, барлық жер бетімен қозғалып туындайды. Сорғаламалы ағын әлсіз жаңбырда беткейде уақытша аққан сулар ұсақ ағынымен, жалпы ағыспен өтеді.
Беткейлермен және тұрақты арна суларымен ағатын сулар жазықтық шаю туындатады. Процестің қарқындылығы грунт қасиеттері және беткейдің еңістігі, өсімдік жамылғысының дамуы, түскен жауын-шашын саны, қар еру жылдамдығы, судың булану жағдайына және басқа факторларға байланысты болады.
Беткейдің етегіне аға отырып, жердің тегіс бетіне өткенде сулар жер бетімен ағып, әкелген материалдарын қалдырып буланады. Нәтижесінде беткей ойыс кескінді, ал етегінде шөгінді материал жиналады. Материалдар іріктеліп: беткейдің жоғарғы жағында неғұрлым ірі, ал төменгі жағында ұсақ бөлшектері шөгеді. Шөгінділердің мұндай жолмен жаралуы делювий деп аталады. Таулы жерлерде беткейлер сынық материалдармен жабылады, өсімдіктермен әлсіз жабылған жерлер қар ерігенде және нөсерлі жауындарда кіртасты ағын сел туындатады. Беткейде материалдарды ала отырып, су ағыны беткейден төмен түсіп, арнасында жиналып, арналы ағыс ретінде қозғалып сынықты материалдармен (жалпы көлемінен 70-80 %-ке дейін) яғни ірі жақпартастар және дөңбектастар сұйық массамен араласады. Тау аңғардан шыққанда бұл барлық материал шығару конусы түрінде жиналып, пролювий деп аталады. Селдер үлкен қирату күшіне ие. Селмен күресу үшін мықты қорғандар, бөгет, су айрықтарын салады.
Арналық ағын уақытша және тұрақты болып бөлінеді. Уақытша арналық ағын шұңқыр, сушайып кеткен жерлерді, беткейді кенеттен бөлшектейді. Беткейдің алғашқы шайылуының бірінші белгілері эрозиялық атыздар, шұңқырлар болып табылады. Эрозиялық бедер пішіндеріне U-тәрізді ,V-тәрізді кескіндер пайда болады. Жыраларды зерттеу барысында қорғану шараларын жоспарлау үшін аэротүсіріс және топографиялық карталар қолданылады. Аэротүсірістерде (әсіресе үлкен масштабта) жыралар ғана емесм беткей ауданы жердегі бақылаудағы сияқты анық көрінеді. Топографиялық карталарда ірі масштабта шартты белгілермен шайылған жерлер пайда болып жатқан жыралар бейнеленеді. Горизонталдар көмегімен жыраларға тән белгілер жиек пішіндері беткей сипаты көлденең кескін көрсетіледі. Карта бойынша құлау еңістігі саға белгілерінің айырмасы анықталады.
Тұрақты арналық ағын - өзендер, уақытша ағыстардан айырмашылығы үздіксіз ұзақ уақыт әрекетте болады. Өзендер өзінің даму процесінде аңғар жасайды. Аңғарлар тар төмен бедерлерде ұзындығына созылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет