Г. С. Шакирова «геоморфология және геология негіздері»



бет38/52
Дата30.11.2022
өлшемі297.09 Kb.
#466075
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   52
«геоморфология ж не геология негіздері»

Желдiң қиратушы жұмысы. Желдiң геологиялық жұмысы айтарлықтай дәрежеде оның жылдамдығымен анықталады. Желдiң күшi туралы дауылдар туындататын қирауларға қарап айтуға болады, мәселен: мистраль кейде темiр жол вагондарын аударып тастайды; дүлей құйын ауаға құмды, тасмалтаны, кейде iрi тастарды да көтерiп кетiп, бiршама жерлерге дейiн апарып тастайды. Айрықша үлкен жұмысты тропик тайфундары атқаруға қабiлеттi, олар тас үйлердi аударып тастайды, мұхит кемелерiн жеп-жеңiл көтерiп апарып, құрлыққа лақтыра салады.
Жер бетiне шығып жатқан таужыныстар желдiң күшiнен де, ол тасымалдаған құм мен тозаңның көмегiмен де қирайды. Жел тасымалдаған бөлшектер ашық таужыныстар бетiне соқтығысып, көп дүркiн қайталанатын осындай соғулар нәтижесiнде олардың бетiнде сызықтар, айғыздар, қуыстар, атыздар, жырымдаулар және т.б. жаралады.
Таужыныстарда желдiң жонуынан пайда болған әртүрлi қуыстар, айғыздар мен жартастардың жылтырлануы корразия (лат. “корразио” - жонамын) деп аталады. Корразияның бiлiну формалары әртүрлi. Түбiрлiк таужыныстарда мору нәтижесiнде пайда болған жарықшақтардың кеңеюi өзiндiк бедер пiшiндерiнiң жаралуына әкеледi. Мәселен, В.А.Обручев суреттеген Жоңғариядағы “эолдық қала” немесе Красноярск өлкесiнде белгiлi “эолдық бағаналар” осының нәтижесi.
Ауа сорғаламалары қопсық немесе нашар цементтелген таужыныстарға тiкелей жанасқанда, бос материалды үрлеп, ұшырып әкетедi. Түбiрлiк таужыныстардың қатты бөлшектерiн желдiң үрлеп, ұшырып және суыруы дефляция (лат. “дефляцио” – үрлеу, суыру) деп аталады. Дефляцияның жылдамдығы желдiң күшiне, таужыныстардың жатыс ерекшелiктерiне, берiктiгiне және т.б. байланысты. Дефляция әсiресе мору процестерi жақсы дамыған аудандарда қарқынды жүредi.
Желдiң тасымалдаушы жұмысы. Желдiң жұмысы сынықты материалды тасымалдау кезiнде айрықша бiлiнедi. Тасымалдау алыстығы материалдың тасымалдану мөлшерi мен тәсiлi, бөлшектердiң iрiлiгi мен желдiң күшiне байланысты. Мәселен, жылдамдығы 6,5 м/с жел диаметрi 0,25 мм-ге дейiнгi тозаңды жеңiл ұшырып әкетедi. Жылдамдығы 10 м/с болатын күштi жел диаметрi 1 мм құм бөлшектерiн тасымалдай алады. Ал жылдамдығы 20 м/с-ке дейiнгі дауыл желдер, диаметрi 4 мм-ге дейiнгi ұсақ тастарды әкете алады. Өлшемi 0,05 мм-ге дейiнгi тозаң тәрiздi бөлшектердi жел мыңдаған километр қашықтықтарға жеңiл тасымалдайды, ал диаметрi 0,5-2 мм болатын сынықтар өздерiнiң бастапқы жатқан жерлерiнен жүздеген километр жерлерге дейiн ұшырып әкетiледi. Пассаттардың Сахара тозаңын Атлант мұхиты арқылы 2-2,5 мың км қашықтықтарға тасымалданатынын куәландыратын мысалдар бар. Ал, Арал маңынан көтерiлген тұзды тозаң Батыс Еуропа мен Африкаға дейiн жеткен. Жел тасымалдайтын материалдың мөлшерi жүздеген мың, тiптi милиондаған тоннаға жетедi. Есептеулер көрсеткендей, орташа дауыл көтеретiн тозаңның көлемi 25 км3-ге жетедi, яғни 50 млрд т массаны құрайды екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет