2.3. Лабораториялық сабақтардың жоспары
№1 Лабораториялық жұмыс. Минералдардың физикалық қасиеттері.
Тапсырма: 1) Минералдардың физикалық қасиеттерін анықтап үйрену: түсі, жылтырлығы, түссызығы, жіктілігі, қаттылығы және т.б.
Әдістемелік ұсыныстар: Тапсырмаларды орындау үшін минерал жинақтарын, Моос шкаласын, бисквит (фарфор сынықшасы), шыны, магнит, тұзқышқылын қолданады. Жұмысты орындау реті келесідей: 1) минералдың түсін анықтау; 2) бисквитті қолдана отырып, минералдың түссызығын анықтау; 3) минералдың жіктілігін анықтау; 4) жіктілік жазықтығында минералдың жылтырлығын анықтау; 5) Моос шкаласын қолдана отырып, минералдың қаттылығын анықтау; 6) әр қолда кезекпен өлшей отырып, минералдың тығыздығын анықтау; 7) кристалл пішінін анықтау; 8) магнитті, тұз қышқылын қолданып, ерекше қасиеттерін анықтау. Анықтауыш бойынша минералдың атын, химиялық формуласын және генезисін анықтау. Қосымша әдебиет: 8, 4[ c.23-30] Бақылау сұрақтары:
1.минералдың түссызығын қалай анықтайды
2.минералдың тығыздығын қалай анықтайды
3.минералдың қаттылығын қалай анықтайды
4.Жіктіліктің түрлері
№2 Лабораториялық жұмыс. Минералдарды анықтау. Минералдарды зерттеу. Минералдар жинағы: пирит, халькопирит, сфалерит, галенит, магнетита, гематит, лимонит, кварц, кальцит, гипс.
Тапсырма: 1) 1-Кестеден минералдардың диагностикалық қасиеттерін анықтау. 2) анықтауыш бойынша минералдың атын, химиялық формуласын және генезисін анықтау; 3) жауабын кесте түрінде толтыру.
Әдістемелік ұсыныстар: Тапсырмаларды орындау үшін минерал жинақтарын, Моос шкаласын, бисквит (фарфор сынықшасы), шыны, магнит, тұзқышқылын қолданады. Жұмысты орындау реті №1 Лабораториялық жұмыста берілген.
Қосымша әдебиет: 8, 4 [23-30] 5 [83-92], 8 [17-39] Бақылау сұрақтары:
1.Пирит халькопириттен қалай ажыратамыз
2.Галиттің ерекше қасиеті
3.Магнетиттің негізгі белгісі
4.Биотиттің диагностикалық қасиеттері
№3 Лабораториялық жұмыс. Минералдарды зерттеу. Минералдар жинағы: ортоклаз, плагиоклаз, мүйіз алдамыш, пироксен, оливин, биотит, мусковит, хлорит, анартас, тальк, серпентин.
Тапсырма: 1) 2-Кестеден минералдардың диагностикалық қасиеттерін анықтау. 2) анықтауыш бойынша минералдың атын, химиялық формуласын және генезисін анықтау; 3) жауабын кесте түрінде толтыру.
Достарыңызбен бөлісу: |