Г. С. Шакирова «геоморфология және геология негіздері»


Тапсырма: Геологиялық карта және оны рәсімдеу ережелерімен танысу. Әдістемелік ұсыныстар



бет47/52
Дата30.11.2022
өлшемі297.09 Kb.
#466075
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
«геоморфология ж не геология негіздері»

Тапсырма: Геологиялық карта және оны рәсімдеу ережелерімен танысу.
Әдістемелік ұсыныстар: тапсырманы орындау үшін геологиялық карта, геохронологиялық кесте, транспортир, миллиметровка, түсті қарындаштар. Геологиялық картаны рәсімдеу үшін жұмысты орындау реті: 1) карта бойынша жатыс қабатын анықтау; 2) геологиялық таужыныстар жасына сәйкес картаны бояу; 3) шартты белгілерді құрастыру.
Негізгі әдебиет: 4 [396-410]
Қосымша әдебиет 8
Бақылау сұрақтары:
1.Географиялық картадан геологиялық картаның айырмашылығы қандай?
2.Геологиялық картада магмалық таужыныстар қалай бейнеленеді?
3.Геологиялық картада шөгінді таужыныстар қалай бейнеленеді?
4.Стратиграфиялық бағанада не көрсетіледі?
5.Таужыныстарының литологиялық құрамын қалай көрсетеді?
6.Геологиялық картада интрузиялық таужыныстарының құрамы қалай көрсетіледі?
7.Геологиялық картада эффузиялық таужыныстарының құрамы қалай көрсетіледі?
9 лабораториялық жұмыс. Геологиялық қима. Геологиялық қима тұрғызу.
Геоморфологиялық кескін.
Тапсырма: Геологиялық қима тұрғызып үйрену
Әдістемелік ұсыныстар: тапсырманы орындау үшін геологиялық карта, геохронологиялық кесте, транспортир, миллиметровка, түсті қарындаштар. Геологиялық қима тұрғызу жұмыстарын орындау реті: 1) берілген сызық бойынша топографиялық кескін тұрғызу; 2) кескінге стратиграфиялық бөліктемелерді түсіру; 3) қиманы тұрғызуды неғұрлым жас таужыныстарынан бастау қажет; 4) қалыпты жатыста таужыныстарының құлауы әрқашан неғұрлым жас таужыныстар жағына бағытталған, бірдей қабаттар қалыңдық шамасы тұрақты; 5) қима геологиялық картаға сәйкес боялады. Негізгі әдебиет: 4 [402] Қосымша әдебиет 8 .
Бақылау сұрақтары:

  1. Геологиялық картада қима қалай орналасады

  2. Жылнамалық ретпен геологиялық дәуірлерді орналастырып, олардың әріптік белгілерін орналастырыңыз.

  3. Геохронологиялық ретпен эраларды атаңыз және олардың индекстерін көрсетіңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет