Метаморфизм типтерi мен бiлiну жағдайлары. Кеңiстiктегi орналасу ерекшелiктерi мен процестiң құлаш жаюы бойынша метаморфизмнiң екi типi бөлiнедi: локальдық (шектеулi) және аймақтық. Олар метаморфизм факторларының басым ықпалына байланысты мынадай түрлерге бөлiнедi: термалық (басты фактор – температура), динамометаморфизм (қысым) және метасоматоздық (химиялық белсендi заттар). Термалық (немесе жапсарлық) және динамометаморфизм (немесе катаклаздық) шектеулi алқапта бiлiнсе, метасоматоздық метаморфизм шектеулi де, аймақтық та жағдайларда дамиды.
Локальдық метаморфизм нақты құрылымдық элементтерде – жарылымдарда, интрузиялық таужыныстардың жапсарында, қатпарлы дислокацияларда байқалады. Осындай жағдайда жаралатын метаморфтық таужыныстар бiртiндеп метаморфталмаған қатқабаттарға өтуiмен сипатталады. Метаморфизмнiң локальдық формасы жапсарлық және катаклаздық түрлерде бiлiнедi.
Жапсарлық метаморфизм интрузияны сыйыстырушы таужыныстардың химиялық және термалық өзгеру ореолдары ауқымында бiлiнедi. Бұл метаморфизм негiзгi факторлар – температура мен химиялық белсендi заттар ықпалынан жүретiндiктен, тиiсiнше жапсарлық-термалық және метасоматоздық түрлерге бөлiнедi.
Аймақтық метаморфизм жер қыртысының байтақ бөлiкшелерiнде бiлiнiп, таужыныстардың үлкен көлемдерiн қамтиды, олардың ауқымында метаморфталмаған жаралымдарға өту болмайды. Аймақтық метаморфизмнiң факторлары – бiрге ықпал ететiн температура, қысым және химиялық белсендi заттар. Осындай жағдайда қалыптасатын таужыныстардың түрi өте көп, олардың ең көп таралғандары – әртүрлi тақтатас, гнейс, кварцит, мәрмәр, амфиболит, гранулит, эклогит.
Аймақтық метаморфизм жағдайында таужыныстардың түрлену процестерi максимал қарқындылыққа жетуi мүмкiн, сипатына да ие бола алады.
Ол өте үлкен тереңдiкте қатпарлы алқаптар ультраметаморфизм ауқымында өтедi, бұл жердегi термодинамикалық жағдай таужыныстардың жартылай немесе толық балқып кетуiне әкеледi. Ультраметаморфизмнiң ең басты процестерi – анатексис, палингенез және граниттену.
Анатексис – бастапқы таужыныстардың кварц-далашпат құрамды минералдардың таңдалып, жартылай балқуы. Палингенез – белгiлi бiр құрамды бастапқы таужыныстардың толық балқып кетiп, гранит магмасын жасауы.
Граниттену – кез-келген құрамды таужыныстардың граниттерге айналып, химиялық және минералдық өзгеру процесi. Осылайша, таужыныстардың терең метаморфтық түрленулерi жағдайында метаморфтық және магмалық процестер арасындағы шекара жойылады да табиғаттағы айналым аяқталады. Бұл идеяны петрограф И.Д.Лукашевич алғаш ХХғ. басында айтқан болатын, оның пiкiрiнше бұл табиғи айналымның сұлбасы мынадай: магма → магмалық таужыныстар → шөгiндi таужыныстар → метаморфтық таужыныстар → магма.
Негізгі әдебиеттер. 1 [44-47], 2 [ 53-62], 4 [289-333].
Бақылау сұрақтары
Интрузиялы магматизм.
Эффузиялы магматизм.
Магмалық процестің бедер түзу маңызы.
Жанартаулардың Жер бетінде таралуы.
Метаморфизм және метаморфизмнің басты факторлары.
Метаморфизм типтері.
Аймақтық метаморфизм.
6-шы лекция. Материк. Платформалар. Материктік қозғалмалы белдеулердің ірі бедер пішіндері.
Жер планетасының қойнауында ерекше геологиялық құрылыстарымен сипатталатын өте ірі құрылымдық элементті материк деп атайды. Жердің геологиялық даму барысында оның сыртқы қабаттарының физикалық-химиялық және гравитациялық бөлшектенуінің нәтижесінде қалыптасқан материктер күрделі құрамды денелер жиынтығы. Материктер өңірінен көрініс беретін ірі-ірі геологиялық құрылымдар екі түрге, яғни платформаларға және геосинклиндерге бөлінеді.ҚҰрылысы әртүрлі платформалдар мен геосинклиндік аймақтардың дамуы, жер бедерінің түркілікті айырмашылығын анықтайды және материктер аумағындағы морфоқұрылымдардың екі негізгі типін, платформалық және геосинклиндік типтерін ажыратуға мүмкіндік береді. Платформалық және геосинклиндік аймақтар геологиялық құрылысы, дамуы, жасы және тектоникалық белсенділігі жағынан әр түрлі болады. Мұндай айырмашылықтар олардың әр реттегі морфоқұрылымдарының типтерінде өз көріністерін табады.
Материктік платформалардың ірі бедер пішіндері.
Платформалар – біршама салғырт тектоникалық режимімен сипатталатын материктік өңірдің басты құрылымдық элементтерінің бірі. Мұнда вулканизм құбылыстары жоқ, сондықтан оларды шамалы сейсмикалық әрекеттілігімен ерекшеленетін аймақтар, үстірттер, қырқалар, денудациялық жазықтар, қыраттар мен Балтық және Сары теңіз типтес қайраңды теңіздер алып жатыр.Материктік платформалардың жасы әр түрлі болады. Кейбір материктік платформалар аумағындағы қалқандар дамыған өлкелерде ежелгі қатпарланған құрылыстардың қалдығы ретінде «қалдық таулар» сақталған. Сонымен қатар ұзақ уақыт тектоникалық тыныштықта болған ежелгі платформалардың кейбір бөліктері неотектоникалық кезеңде неодеформацияға ұшырап, олардың орнында жаңарған таулар, яғни эпиплатформалық таулар пайда болған.
Ежелгі платформалар аумағындағы бедер пішіндері. Кембрийге дейінгі ежелгі платформаларға Оңтүстік Америка, Африка – Арабия, Үндістан, Австралия, Солтүстік Америка, Шығыс Европа, Сібір, Солтүстік Қытай, Оңтүстік Қытай платформалары жатады.
Платформа өңірінде жер бетіне қатпарланған және метаморфталған түрінде көрініс береттін іргетастық бөлігін қалқандар деп атайды. Олар платформаның едәуір бөлігін алып жатады да, бедердің қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Ал олардың платформалық тыспен көмкерілген тұстарын тақталар деп атайды.Қалқандар мен тақталардан басқа ежелгі платформалардың маңызды құрылымды элементтерінің біріне антеклиздер мен синеклиздерді жатқызуға болады. Антеклиздер мен синеклиздер жер бетінің ағынды суларының тарлуына және өзен жүйелерінің қалыптасуына әсер етеді. Өзен жүйелері планда синеклиз құрылымына, антеклиз негізінде суайрық өңірлерде қалыптасқан.
Баяу және ұзақ уақыт неотектоникалық көтеріліске ұшыраған қалқандар мен антеклиздер денудациялық жазықтардың қалыптасуына жағдай жасайды.
Жазық бағытта жатқан төзімді және төзімсіз таужыныстары қабаттарынан тұратын платформа өңірлерінде денудациялық процестер үстірт не баспалдақ тәрізді жазықтарды қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |