Г. С. Шакирова «геоморфология және геология негіздері»


Жанартаулардың жер бетінде таралуы



бет20/52
Дата30.11.2022
өлшемі297.09 Kb.
#466075
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   52
«геоморфология ж не геология негіздері»

Жанартаулардың жер бетінде таралуы. Жанартаулар жер бетінде кең тараған. Құрлықтан басқа жанартау пішіндері жоғары айтылғандай мұхит түбінде де бар. Кейінгі зерттеулердің мәліметтеріне қарағанда, тек Тынық мұхит ауқымында 3 мыңнан астам суасты жанартаулары кездеседі.
Лайлы жанартаулар. Жер бетіне су буы шоғырлары мен газдар, кейде лаймен қоса таужыныстар кесектерінің дүркін-дүркін атқылап шығу әрекетін лайлы вулканизм дейді. Егер лаймен бірге шығатын газ бен су мөлшері артығырақ болса, онда жердің бетінде "сальза" деген лайлы сумен толған көлшік тәрізді түтік (сифон) пайда болады. Осы түтіктен лайлы су дүркін-дүркін гуілдеп атқылап тұрады. Ал, егер атқылаған заттардың құрамында лаймен бірге басқа да кесекті таужыныстар басымдау болса, онда сальзаның орнында үйінділер жиналып, брекчиядан құрылған лайлы төбешік пайда болады. Брекчиялардың құрамында сазды цементпен және карбонатты материалмен дәнекерленген, сүйір бұрышты, өңделмеген және іріктелмеген әр түрлі таужыныстарының түйірлері болады. Лайлы жанартаулардың көмейі (жерло) жер қойнауымен ұштасып, жер бетінде кіші-гірім, яғни диаметрі ондаған сантиметрден бірнеше метрге дейін жететін жанартау көзелігін (кратерді) құрайды. Лайлы төбешіктердің биіктігі 1-2 метрден оншақты метрге, диаметрі 20-30 м дейін жетеді. Кейде лаймен бірге мұнай белгілері де шығады. Жер қойнауында көмірсутекті газдар шоғырланса, солардың қысымынан лай жанартауының құрылымы қопарылып, баршасы да жоғары атқылауы мүмкін. Бірақ мұндай құбылыстар сирек кездеседі.
Лайлы жанартаулар пайда болу үшін газ, су, жұқа дисперсиялы сазды материал және түтік рөлін атқаратын жер қойнауындағы тектоникалық жарылымдар болуы шарт. Ал, мұндай қосалқы факторлар мұнай мен газ дамыған аймақтарда ғана болады. Сондықтан қазіргі кезде лайлы жанартауларды, мұнайлы және газды кенорындарын іздестірудегі болжау белгісі деп санауға болады.
Біздің елімізде лайлы жанартаулар Каспийдің солтүстік-шығыс жағалауындағы Бозашы түбегінде және Қолтық шығанағының Қайдақ сорының бетінде кең дамыған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет