Конституциялық Кеңес Қазақстанның саяси жүйесінде айрықша орынға ие. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі өкілеттіктері алты жылға созылатын жеті мүшесінен құралған. Конституциялық Кеңестің өмір бақилық мүшелігіне Республиканың Экс-Президенттері құқылы болып табылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республика Президенті тағайындайды және дауыс теңдей бөлінген жағдайда оның дауысы шешуші болып табылады.
Конституциялық Кеңестің екі мүшесі Республика Президентімен, екеуі Сенат төрағасымен, екеуі Мәжіліс төрағасымен тағайындалады. Конституциялық Кеңестің қалған мүшелері әр үш жыл сайын жаңартылып тұрады. Конституциялық Кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметі конституциялық заңмен реттеледі.
Конституциялық Кеңес:
Республика Президентінің сайлауы;
Парламент депуттарының сайлауы;
Республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселеге қатысты туған таласты шешеді.
Конституциялық Кеңес:
Парламентпен қабылдаған және Президент қол қойған заңдардың Конституциямен сәйкестігін;
Халықаралық келісімдердің Конституцияға сәйкес бекітілуін қарайды.
Конституциялық Кеңес:
Конституция нормаларына ресми түсінік береді;
Республика Президентін қызметінен мерзімінен бұрын босату туралы Парламентпен тиісті шешім қабылданғанша, Республика Президентін қызметінен босату туралы соңғы шешімге келгенге дейін белгіленген конституциялық рәсімдерді сақтау туралы ұйғарым жасайды.
Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімі қабылдаған күннен бастап күшіне енеді және шешім шағымдануға жатпайды, республиканың барлық аумағында жалпыға бірдей міндетті болып табылады. Басқа да шешімдердің өз күшіне ену тәртібі Конституциялық Кеңеспен айқындалады.
Республика Президентінің қарсы пікірін еңсермеген жағдайда Конституциялық Кеңестің шешімі қабылданбаған болып саналады және конституциялық өндірісі тоқтатылады.
Контрибуция (лат. contrіbutіo) – 1) жеңген елдің жеңілген елден бітім шарты бойынша алатын салығы.Контрибуция шын мағынасында жеңілген елді салық төлеуге күшпен көндіру, тонау болып табылады. Контрибуцияны белгілі бір халықаралық құқықтық жүйеге келтіру туралы мәселе бірінші рет 1874 ж. Брюссель декларациясында қаралды. Бұл мәселе 1899 жылғы Гаага конференциясында қайта қаралды. “Құрлықтағы соғыс заңдары мен рәсімдері туралы” ереже қабылданды. Бірақ мәселе түбегейлі шешілмеді. Бар шығынды, негізінен, жеңілген ел халқы көтереді. Мысалы, Германия 1870 ж. жеңілген Франциядан 5 млрд. франк Контрибуция алып, өзінің өнеркәсібі өркендеуін тездетті. Қазіргі халықаралық құқық Контрибуцияға тыйым салған (қараңыз Репарация); 2) жаудың басып алған аймақтағы халықтан күшпен жинайтын ақшалай алымы.
Достарыңызбен бөлісу: |