Генерал-Губернатор



бет8/9
Дата15.11.2022
өлшемі6.45 Mb.
#464914
1   2   3   4   5   6   7   8   9
тарих мышь

Меритократия (сөзбе-сөз «лайықтылар билігі», лат. meritus — лайықты және көне грекше: κράτος — билік, басқару) — әлеуметтік шығу тегіне және қаржылық ауқаттылығына тәуелсіз, басқарушы лауазымдарды ең қабілетті адамдардың иеленуін ортаға қоятын басқару қағидасы. Көбінесе, екі мағынада қолданылады. Терминнің бірінші мағынасы арнайы қамқорлық астындағы дарындардың арасынан басқарушылардың тағайындалуын жүзеге асыратын жүйеге сәйкес келеді. Кеңірек тараған екінші мағынасы дарынды және еңбекқор адамдарға еркін бәсекелестік жағдайында жоғары қоғамдық мәртебеге иеленуге мүмкіншілік беретін алғышарттарды ұйғарады.
Мобилизация (лат. mobіlіs – жылжымалы) – Қарулы Күштерді және елдің экономикасы мен мемлекеттік институттарын соғыс мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін қайта құру жөніндегі іс-шаралар. Көлеміне қарай жаппай мобилизация, ішінара мобилизация болып екіге бөлінеді және кезеңіне қарай ұрыс жағдайындағы, соғыс алды жағдайындағы және бейбіт уақыттағы мобилизация болып үш түрге жіктеледі. Жаппай мобилизация елдің қару ұстауға қабілетті адамдарын Қарулы Күштер қатарына шақыру және экономиканы толығымен соғыс жағдайына бейімдеу үшін жүзеге асырылады (қараңыз Екінші дүниежүзілік соғыс). Сондай-ақ басқа мемлекет тарапынан ел тәуелсіздігіне қатер төніп‚ тікелей соғыс қаупі күшейген соғыс алдындағы жағдайда да жүргізіледі.
Монополия (гр. monоs – жалғыз және poleo – сатамын) —бір тұлғаның немесе тұлғалар тобының, мемлекеттің белгілі бір затқа (мысалы, жерге), белгілі бір затты өндіруге немесе сатып алуға, белгілі бір тауарлармен сауда жасауға айрықша құқығы;
Мұрағат немесе Архив (лат. archіvum) – тарихи маңызы бар құжаттар сақталатын мемлекет арнаулы мекеме. Мекемелердің ескі құжаттарын сақтайтын бөлімі немесе жеке тұлғаның өмірі мен қызметіне байланысты жинақталған жәдігерлер жиынтығы да архив делінеді.
Мұражай, музей, (грек тілінде musem – муза сарайы) – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет