Генерал-Губернатор



бет5/9
Дата15.11.2022
өлшемі6.45 Mb.
#464914
1   2   3   4   5   6   7   8   9
тарих мышь

Конфессия (лат. confessio — ғибадат) немесе дінге сену — белгілі бір діни ілімінің шегіндегі дінге сенушілік ерекшеліктері, сонымен қатар осы дінді ұстанатын ізбасарлардың бірлесуі.
Басқа атауы — діни деноминация
Конфессия термині түрлі христиан шіркеулерін (мысалы, православие, католицизм және протестантизмнің көптеген нұсқаларын) сипаттау үшін жиі қолданылады. Сонымен қатар осы термин Иудаизмның тарамдарын (ортодоксалдар, консерваторлар, реформаторлар және реконструкторлар) сипаттау үшін қолданылады, және кейде Ислам (сүнниттер және шейіттер) тарамдары үшін.
Конфессиялар үлгілері:
Христиандық: Православие/Католицизм/Протестантизм
Ислам: Суннизм/Шиизм/Ибадилік
Буддизм: Тхеравада/Махаяна/Ваджраяна
Иудаизм
Конфуцийшілдік — Даосизм
Картель[1] (французша cartel, итальянша cartelо – құжат) – бір тұрпатты өнім өндіруші кәсіпкерлер тобының өнім өндіру, өткізу рыноктарын монополиялау, бәсекені шектеу, шикізат көздерін, рыноктарды бөлісу, бағаға бақылау орнату мақсатымен келісуі негізінде құрылатын ерікті қауымдастығы (бірлестігі).
Картель құру туралы келісім шартпен рәсімделеді және ол құпия құрылады. Келісімге қатысушылар өндірістік және коммерциялық дербестікті, сондай-ақ, заңи тұлға мәртебесін сақтайды‚ олардың іс-қимылдар еркіндігі тек келісім ауқымымен ғана шектеледі. Жекеше, мемлекеттік, ұлттық және шетелдік, сондай-ақ, аралас кәсіпорындар мен фирмаларды да біріктіруі мүмкін. Кейде “Картель ” термині өнім шығаруды қысқарту‚ өзара бәсекені реттеу жолымен қатысушының әрқайсысы үшін жоғары пайда алу‚ тұтынушы үшін жоғары баға белгілеу кепілдігімен компаниялар арасында жасасылған заңсыз келісімді айқындау үшін қолданылады. Бұл орайда Картель нарықтық тетіктердің жұмыс істеуін қиындататындықтан оған монополияға қарсы заңнаманың күші қолданылады. Кейбір елдерде Картельге заңмен тыйым салынған, екінші бір елдерде міндетті тіркеуден өткізіледі. Кей жағдайларда мемлекет Картельді өнеркәсіп саясатының құралы ретінде жария пайдаланады (мысалы, Жапонияда). Бірқатар дамыған елдердің үкіметтері халықаралық Картельдің қызметіне шек қоймай, қайта оны көтермелейді.
Кодекс - заңның белгілі бір салаларына жататын нормаларды жаңа талаптар мен жағдайларға сәйкес, ішкі мазмұны жағынан күшейтіп, өзгертіп, толықтырып бір жүйеге салу арқылы жасалған заң актісі. Кезіндегі КСРО-ның құру жолында ілгері басқан сайын мемелекеттік мүшелерінің заң нормаларын жасақтау міндеті де күшейе түсті. Бұрын қабылдаған кейбір заңдар күшін жояды немесе оларды жаңа жағдайға бейімдеп толықтыру талабы қойылады.
Осыған байланысты мезгіл-мезгіл сол заңды нормаларды қайта қарау, реттеу, бір жүйеге келтіру қажет. Нормативті актілерді реттеудің негізгі 2 жолы бар: Олар - интерпретация және кодификация деп аталады.
Интерпретация - қолданып келген заңдылық нормаларды мазмұны жағынан өзгертпей, сол күйінде қалдырып, сыртқы белгілері мен көріністері бойынша бір жүйеге келтіру, сөйтіп, оларды пайдалануды жеңілдету.
Кодификация - заңды нормаларды салаларына сәйкес талдап жинау, қайта қарап жаңа жағдайға сай жаңа заң шығару, яғни заңды мейлінше жетілдіру.
Кодекс - осы кодификацияға жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет