Республика (лат. Respublіka – халық игілігі, қоғамдық іс) – мемлекеттік басқару нысаны.
Мұнда жоғары мемлекеттің билікті белгілі мерзімге сайланған органдар жүзеге асырады. Мемлекеттің биліктің барлық жоғары органдары не сайланады, не оларды жалпыұлттық өкілдікті мекемелер.
Билік не бүкіл халықтың (демократия) не оның бір бөлігінің (аристократия) қолында болатын мемлекет. Республиканың қозғаушы принципі — саяси ізтілік, яғни отанға деген сүйіспеншілік.
Реформа – қоғамның басты негіздерін қайта құру немесе мемлекет жүйесінде қалыптасқан кейбір элементтерді жаңғырту. Олар әлеуметтік-саяси және экон. бағыттарды қамтиды. Әлеуметтік-саяси Реформа – өзара қарым-қатынастағы әлеуметтік-саяси құрылымды өзгерту арқылы жүргізіледі. Ол өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру үшін қоғамның әлеум. және саяси жүйесін жетілдіру мақсатында іске асырылады, онда әлеум. өмірдегі объективті өзгерістер үдерісі қарастырылады, агенттіктердің мәртебелік жағдайы анықталады. Мысалы, әлеуметтік және этно топтардың, тұрақты және уақытша қауымдастықтардың, жеке адамдардың саясат жүйесіндегі қарым-қатынастары және мемлекттік биліктің қалыптасуы мен жұмыс істеу жағдайлары ескеріледі.
Репатриация (лат. repatrіatіo — Отанға оралу) — түрлі себептермен бөгде мемлекет аумағында қалған адамдарды Отанына қайтару. Әскери тұтқындар жайы туралы Женева конвенциясына (1949) сәйкес соғысушы мемлекеттер әскери қимыл кезінде шені мен санына қарамастан ауыр науқас не ауыр жаралы әскери тұтқындарды жол жүруге жарайтын жағдайға жеткізіп барып отанына қайтаруға міндетті. Әскери қимылдар тоқтаған соң соғысушы мемлекеттер Репатриацияға жатпайтындарынан (қылмыс жасағандары, жазасын өтеп жатқандары) өзгесін сөзсіз Репатриациялауға тиіс.
Референдум (лат. referendum — хабарлануға тиісті нәрсе) — мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу. Мұндай демокр. институт алғаш рет Швейцарияда қолданылды. Арнайы даярлық қажет ететін төтенше, шұғыл мәселе дауысқа салынбайды. Референдумға заң немесе халықаралық шарт жобасы, басқару сипатындағы мәселелер ұсынылады.
Сыртқы саясат - халықаралық аренадағы мемлекеттер мен халықтар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуші саясат. Сыртқы саяси мақсаттар ұлттық мүддеге негізделеді. Оларды жүзеге асыру арқылы мемлекет сыртқы саяси қызметті атқарады. Мемлекеттің сыртқы саясаты сыртқы және ішкі факторлар ықпалымен қалыптасады. Сыртқы саясатты жүзеге асыру түрлері: мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнату; мемлекеттің халықаралық ұйымдарда өз өкілеттілігін ашу немесе оларға мүше болу; мемлекеттің басқа мемлекет өкілдерімен әртүрлі деңгейлерде тұрақты немесе аракідік байланыстар орнатуы. Сыртқы саясатты жүзеге асырудағы ең басты құрал - екі жақты немесе көпжақты келісімдер мен келіссөздер.
Тәрбиелеу дегеніміз – адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту.
Тығыздық (Консистенция). Бір нәрсенің қаттылығын, беріктілігі немесе тығыздығын білдіреді. Мұны тканьдерді қолмен ұстап көргенде байқауға болады. Тіс тасының қаттылығын, қояр пломбаның тығыздығына байланысты іліктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |