қайқы, бел, асу - тау жотасы кырқаларының бөліктері арасындағы ойпаң. Олар тау жоталарының бір жағынан өтуге мүмкіндік туғызады (2.7, г-сурет).
жыра - жауын мен қар суларының бұзу әрекеттерінен пайда болған рельефтің ойық формасы. Жыралардың тереңдігі - 10-15 м, ал ұзындығы бірнеше километрге дейін жетеді (2.7, д-сурет). Жыралар мен жарлардың тік бейнелері картада ұсақ, ирек сызықтармен белгіленеді.
Рельефтің ерекше нүктелеріне таудың төбесі, шұңқырдың түбі, жоталардың ең төменгі және жоғарғы нүктелері, т.б. жатады. Горизонтальдарға перпендикуляр етіп жүргізілген кішкене сызықшалар - бергштрихтар беткейдің бағытын көрсетеді. Тауды, жотаны бейнелегенде бергштрихтар горизонталь бұрылысының сыртынан, ал қазаншұңқырлар мен өзектерді бейнелегенде, горизонталь бұрылысының ішінен қойылады (2.7-сурет). Карталарға горизонтальдардың биіктігі өрлеу бағытына бағытталып жазылады.
Горизонтальдардың пландағы арақашықтығын салынды (заложение) табан деп атайды. Егер горизонтальдар бір-біріне жақын жатса, яғни салынды қысқа болса, беткейдің тік болғаны, ал аралары бір-бірінен алыс болса, онда беткейдің жатық болғаны Іргелес орналасқан горизонтальдар биіктігінің айырмашылығын (һ) қима биіктпігі деп атайды. Рельефтің қима биіктіктері карта мен пландардың масштабы мен рельефтің күрделілігіне тікелей байланысты. Осыған орай, әртүрлі масштабтағы карталар үшін төмендегідей қима биіктіктер (һ) қабылданған:
Масштабтар:
|
1:500
|
1:1000
|
1:5000
|
1:10000
|
1:25000
|
һ
|
0,5
|
0,5
|
1,0
|
2,0
|
5,0
|
рельеф күрделі болса
|
1,0
|
2,5
|
5,0
|
10
|
т.б.
|
Жер бедерінің халық шаруашылығының қай саласына болсын тигізетін әсері өте зор. Әсіресе тау-кен жұмыстарын ашық әдіспен жүргізгенде, жер бедерінің ерекшеліктерін ескермеуге болмайды. Инженер мамандар жер бедерінің (рельефтің) түрлерін айырып, құрылыстарды жобалауда, кеніштерді салуда оларды дұрыс та нәтижелі пайдалана білулері қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |