Геодезияның ғылыми анықтамасы және негізгі міндеттері Жоспар


Теодолиттік түсіріс, оның мәні және жұмыс тәртібі



бет39/51
Дата02.01.2022
өлшемі0.78 Mb.
#452967
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51
Геодезия пәнінен дәрістер

Теодолиттік түсіріс, оның мәні және жұмыс тәртібі

Жоспар:

  1. Теодолиттік түсіріс туралы жалпы түсінік .

  2. Жергілікті жерде теодолиттік жүрістерді жүргізу

  3. Теодолиттік жүрістерді геодезиялық тірек тораптары пункттеріне байланыстыру.

Теодолиттік түсіріс деп жер бетінің тек контурлық планын жасау үшін теодолит пен өлшеу таспасының немесе қашықтық өлшеуіштің көмегімен орындалатын жұмыстарды атайды. Теодолиттік түсірістер жазық жер бетінде, елді мекенді аймақтарда, құрылыс, тау-кен өндіріс алаңдарында, теміржол тораптары, т.б. жерлерде пландар жасау үшін жүргізіледі.

Тедолиттік түсіріс үшін тірек жүйесі, әдетте теодолиттік жүрістер түрінде құрылады да, олардың нүктелерінен ситуацияны түсіре отырып, қажетті нүктелердің орнын полярлық әдіспен, перпендикулярлар және жарма әдістермен, сонымен қатар әр түрлі бұрыштық және ұзындық киылыстырулар көмегімен анықтайды.

Теодолиттік түсіріс дайындық, далалық және өңдеу жұмыстарынан тұрады. Дайындық жұмыстары кезінде жергілікті жердің жай-жапсарын түсіру дәлдігіне байланысты түсірістің масштабын таңдайды. Қолда бар барлық картографиялык, құжаттарды (планды, картаны, профильді) мұқият қайта қарап зерттейді. Егер түсіріс жүргізілетін ауданда геодезиялық тірек жүйесінің пункттері болса, онда олардың орналасқан жерінің схемасын жасап, каталогтан координаталарын жазып алады.

Далалық жұмыстарға:



  1. жергілікті жерді рекогносцировкалау (байқап қарау) және пункттерді бекіту;

  2. бұрыштар мен ұзындықтарды өлшеу;

  3. жердегі заттарды, контурларды түсіру;

  4. жүріс пункттерін жергілікті жердегі тірек пункттеріне байланыстыру.

Рекогносцировка негізінде геодезиялық тірек жүйесінің пункттерін іздеп тауып, теодолиттік жүрістің неғүрлым қолайлы (ашық жерде орналасқан) орында­рын белгілейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет