Геодезияның ғылыми анықтамасы және негізгі міндеттері Жоспар


Дәріс №15 Теодолиттік жүріс нәтижелерін математикалық өңдеу



бет42/51
Дата02.01.2022
өлшемі0.78 Mb.
#452967
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51
Геодезия пәнінен дәрістер

Дәріс №15

Теодолиттік жүріс нәтижелерін математикалық өңдеу

Жоспар.

  1. Теодолиттік түсірістегі камералдық жұмыстар.

  2. Теодолиттік жүріс пункт координаталарының есептеу жұмыстары

  3. Ведомосты орындау реті.

Теодолиттік түсірістегі камералдық жұмыстар есептеулер мен сызу жұмыстарынан тұрады. Есептеулер нәтижесінде пункттердің координаталары анықталып, ал графикалық жұмыстар арқылы белгіленген масштабта теодолиттік түсірістің планы жасалады.

Теодолиттік жүріс пункт координаталарының есептеу жұмыстары өзара мынандай түрлерге бөлінеді:

1) өлшенген бұрыштарды өңдеу;


  1. дирекциялық бұрыштарды есептеу;

  2. өлшенген ұзындықтардың горизонталь проекцияларын есептеу;

  1. координаталар өсімшелерін есептеу;

  2. пункттердің координаталарын есептеу.

Осы айтылған есептеулер арнайы ведомоста жүргізіледі (7.1-кесте). Тұйықталған және тұйықталмаған полигондар пункттерінің координаталарын есептеудің ерекшеліктері бар. Сондықтан оларға екі бөлек тоқталамыз.

Енді тұйықталған теодолиттік жүрістегі нүктелердің координаталарын есептеп шығару жолын қарастыралық (7.5-сурет). Есептеп шығарулар арнайы ведомость бойынша (7.1-кесте) төмендегі ретпен орындалады:



  1. Бұрыштарды өлшеу журналынан 2-бағанға гори­зонталь бұрыштардың орташа мәнін жазып алады.

  2. Ведомостың 6-бағанына өлшенген ұзындықтардың горизонталь салындылары (проекциялары) енгізіледі.

  3. Өлшенген бұрыштардың қосындысын есептеп, полигонның бұрыштық үйлеспеушілігін мына өрнекпен анықтайды:

ƒβ = Σβпр - Σβт

мұндағы, Σβпр -. өлшенген бұрыштардың практикалық қосындысы;

Σβт- полигонның ішкі бұрыштарының теориялық қосындысы.
Тұйықталған теодолиттік жүріс бұрыштарының теориялық қосындысы мына формуламен есептеледі:

Σβт=180(п-2)

мұндағы, п - көпбұрыштың ішкі бұрыштарының саны.



7.5-суретп. Теодолиттік жүрістің схемасы

4. Бұрыштық үйлеспеушіліктің ƒβ анықталған шамасы ықтимал шеткі үйлеспеушілікпен ƒβшек салыстырылады. Бұрыштық үйлеспеушілік бұрыш өлшеудің дәлдігін көрсетеді және ол төмендегі шектен шықпауы керек:

ƒβ ≤1´√n (7.3)

мұндағы п - өлшенген бұрыштар саны.

5. Егер бұрыштық үйлеспеушілік шектен аспаса, онда бұрыштарды өлшеу сапасының жоғары болғаны. Бұл жағдайда бұрыштық үйлеспеушіліктің таңбасын теріс етіп барлық өлшенген бұрыштарға бөледі, ягни бұрыштарға кері таңбамен түзетулер енгізіледі.

δβ = -ƒβ/n (7.4).
Түзетулерді минуттың ондық бөлігіне дейін дөңгелектеп енгізеді.
6. Өлшенген бұрыштарды есептелінген түзетулермен, алгебралық қосып түзетілген бұрыштарды табады
βт.б = βө + δβ

7.Бұрыштар үйлесуінің дұрыстығын тексереді, сол үшін түзетілген бұрыштардың 2/?тб қосындысын есеп-


тейді, сонда бұрыштық өлшеулерді өңдеудің дұрыстығын мына теңдік бойынша тексереді:

Σβт.б = Σβт. (7.6)

8. Бастапқы белгілі қабырғасының алғашқы дирекциялық бұрышы мен полигонның түзетілген ішкі бұрыштарының мәні бойынша жүйеліліклен ішкі поли­гонның барлық қалған қабырғаларының дирекциялық бұрыштарын мына формуламен есептеп шығарады:

α1i-1 ±180°-βт.оң .(7.7)

немесе:

α1i-1 ±180°-βт.сол

Мұндағы, βт.оң βт.сол –солжүрістегі оң және сол жақтарға сәйкес түзетілген бұрыштар: а. - келесі қабырғаның дирекциялың бұрышы; а л-1 - бастапқы қабырғаның дирекциялық бұрышы.

9. Дирекциялық бұрыштарды анықтауды тексеру. Бұл тұйықталған теодолиттік жүрісте бастапқы кабырғалардың дирекциялық бұрышын табу есептеулері болып табылады. . .

10. Румбалардың мәндері мына формуламен есептеледі:

1-ширек r11

2-ширек r2= 180°-а1

3-ширек г3= а3 - 180°

4-ширек г4= 360°-а4 (7.9)



11. Теодолиттік жүріс қабырғаларының горизонталь проекциялары есептеп шығарылады. Егер кабырғаларының ұзындығы өлшеу кезінде көлбеулік ұзындық D жөне көлбеулік бұрыш v анықталса, онда горизонталь ұзындықтарды мына өрнектің көмегімен анықтауға болады:

d = D-cosv (7.10)

12. Тура геодезиялық есептің формулалары пайдаланып, координата өсімшелері есептеп шығарылады:



Δx = dcosa = ± dcosr (7.11)

Δy = d sina = ± dsinr

Координата өсімшелерінің таңбалары берілген бағыттың қай ширекте жатқанына байланысты болады, яғни қабырғаның дирекциялық бұрышының мәнімен анықталады (7.2-кесте).

Координата өсімшелерінің есептеп шығарылған мәндерін координаталар ведомосының 7 және 8-бағандарына жазады.



13. X жене У осьтеріндегі координата өсімшелерінің
үйлеспеушілігін (/ және / ) мына формулаларды қолданып анықтайды:

ΣΔх = ±ƒx (7.12)

ΣΔу = ±ƒy

Осы маңсатпен 7 жөне 8-бағандардағы оң және теріс өсімшелерді жеке-жеке қосады, содан соң алгебралық қосындысын есептеп, оның нәтижесін қорытынды сызықтың астына жазады.

14. Теодолиттік жүрістің периметріндегі абсолюттік ұзындық үйлеспеушілігін табады.
ƒа6с=√ƒ2 x+ƒ2y (7.13)

15. Теодолиттік жүрістегі абсолюттік ұзындық өлшеулердің дәлдігі салыстырмалы ұзындық үйлеспеуші- лігінің шамасымен бағаланады. Ол абсолют ұзындық үйлеспеушілігіне абс тура пропорционал, ал полигон­ның периметріне Р кері пропорционал болады, оның мәні периметрдің 1/2000 бөлігінен аспауы тиіс.



ƒс = ƒа6с = 1 (7.14)

Р P+fсол

J СОЛ

16. Есептеп шығарылған координата өсімшелері мен түзетулері бойынша координаталардың түзетілген өсімшелерін анықтайды (9 және 10-бағандар):

Δxт = ΔX + (δx)

Δут=Δу + (δу) (7Л7)

Әрбір осьтегі түзетілген координата өсімшелерінің алгебралың қосындысы нөлге тең болуы тиіс: ΣΔ=0



Σ Δут =0

19. Түзетілген өсімшелер мен нүктелердің координаталары бойынша жүйелі түрде полигонның барлық ұштарының координаталарын есептеп шығарады:



X i+1= X i + Δxт

Бақылау сұрақтары

1.Теодолиттік жүріс пукнт координаталарының есептеуінің түрлері?

2.Ведомость дегеніміз не?

3. Теодолиттік жүрістегі математикалық өңдеу?







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет