Геодезияның ғылыми анықтамасы және негізгі міндеттері Жоспар



бет1/51
Дата02.01.2022
өлшемі0.78 Mb.
#452967
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Геодезия пәнінен дәрістер


Дәріс №1

Геодезияның ғылыми анықтамасы және негізгі міндеттері

Жоспар

  1. Геодезия ғылымы туралы жалпы мәлімет.

  2. Геодезияның ғылыми-техникалық салаларға бөлінуі.

  3. Геодезия ғылымының халықшаруашылығында атқаратын рөлі.

Геодезия - Жер туралы ертеден келе жатқан ғылымдардың бірі. «Геодезия» деген сөз грек тілінен аударғанда «жерді бөлу» мағынасын береді. Бұл ұғым адамзаттың тыныс-тіршілігінде жер учаскелерін өлшеуге, бөлуге байланысты пайда болған. Қазіргі замандағы гео­дезия «жерді бөлу» ұғымы шеңберінен әлдеқайда кең, күрделі ғылыми, ғылыми-техникалық және инженерлік меселелерде геодезиялық, т.б. аспаптар көмегімен ар­найы өлшеу және өлшеу нәтижелерін математикалық-графиктік өңдеу арқылы шешетін жан-жақты ғылым саласына айналып отыр.

Сөйтіп, геодезия - Жердің пішіні мен көлемін анықтауда, оның жекелеген бөліктерін планға, картаға түсіруде, жердің қималарын (профильдерін) жасауда, инженерлік жұмыстарды жобалауда, жүргізуде және пайдалануда қолданылатын әр түрлі өлшеу әдістері ту­ралы ғылым.

Геодезия, ежелгі ғылымдардың бірі бола тұра, адамзат қоғамының, ғылым мен техниканың жедел дамуына байланысты өзінің мазмұнын өзгертіп отырды. Соның нәтижесінде геодезия бірнеше дербес ғылыми және ғылыми-техникалық салаларға бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет