Масштабтар мен олардың дәлдігі
Жер беті мен оның шағын аймақтары қағаз бетіне белгілі бір масштаб арқылы кішірейтіліп кескінделеді.
Масштаб дегеніміз - сызбадағы, пландағы, картадағы сызықтың (кесіндінің) өзіне сөйкес жер бетіндегі сызық үзындығының горизонталь проекциясына қатынасы. Масштаб сандық, сызыктық және көлденең болып бірнеше түрге бөлінеді.
Егер план 1:1000 масштабында жасалса, онда жер бетіндегі ұзындығы 1000 см-лік аракашықтық планға 1 см-лік кесінді түрінде кескінделген болады. Мұндай масштаб сандық масштаб делінеді. Сандық масштабтар 1:1000; 1:2000; 1:5000; 1:10000, т.б.сиякты ірісінен ұсақтарына қарай қатармен жазылады. Масштаб ірі болса, ол планда арнаулы деректер толық көрсетіледі. Әр планның мақсатына лайықты өзіне сәйкес масштабы болады. Егер сандық масштаб белгілі болса, сызықтың ұзындығын қағаз бетіндегі не керісінше пландағы кесінді арқылы оның жер бетіндегі ұзындығын анықтауға болады.
Бірінші мысал: жер бетіндегі сызықтық проекция 275 м-ге тең делік. 1:5000 сандық масштабта бұл қашықтық планға 275:5000,00=0,55 м, яғни 5,5 см-ге тең кесінді болып кескінделеді.
Екінші мысал: 1:2000масштабты пландағы кесіндінің үзындығы 6,5 см болса, онда жер бетіндегі проекцияның үзындығы -0,5x2000 = 13000 см = 130 м.
Іс жүзінде бүл есептерді қолдану ыңғайсыз болғандықтан, сандық масштабтың орнына сызықтық немесе көлденең масштаб қолданылады. Сандық масштабтың қағаз бетінде график түрінде бейнеленуін сызықтық масштаб деп атайды.
Сызықтық масштаб бір түзудің бойын масштаб негізі деп аталатын біріне-бірі тең бірнеше кесінділерге бөлгеннен шығады. Масштаб негізі, әдетте 1 см-ге тең боөліп келеді (2.2-сурет). Сол жақтағы шеткі негіз тең 10 бөлікке бөлінеді де, оның оң жақ ұшы 0 деп белгіленеді.
Сандық масштабтың да кемшілігі бар, оны сызықтық масштабқа түсіргенде, оның 0-ден сол жаңтағы негізінің ұсақ бөлшектерінің аралығын көз мөлшермен бағалауға тура келеді. Сондықтан өте үлкен дәлдікті қажет ететін өлшеулер үшін, әдетте көлденең масштаб қолданылады.
1:5000 масштабына сәйкес келетін көлденең масштаб 1.б)-суретте көрсетілген.
Түзу сызық әрқайсысының ұзындығы 2 см-ге тең жоғарыдағыдай бірнеше «масштаб негізіне» бөлінеді. ()ң жақтағы 0, 2, 4, 6, 8 нүктелерінен перпендикуляр тұрғызылып, олар төменгі түзу сызықтан бастап, әрқайсысы 2 не 3 мм-ге тең 10 бөлікке бөлінеді. Бөлінген нүктелер арқылы бастапқы түзу сызыққа параллель сызықтар жүргізіледі. Сол жақтағы масштаб негізінің төменгі және жоғарғы қабырғалары 10-ға бөлініп, «масштабтың кіші негізі» алынады. Олар суреттегідей қиғаш сызықтармен қосылады. Осылай сызылған көлденең масштабтың ең кіші бөлігі «bo» кесіндісі «ВО»-ның 1/10-не, яғни
0,2 мм-ге тең. 0,2 мм-ге сәйкес келетін жер бетіндегі горизонталь ұзындықты көлденең масштабтың дәлдігі дейді. Масштаб дәлдігі мына формуламен анықталады
t =ab = a/mn
мұндағы, а - масштаб негізі (2 см); п - масштаб негізі бөліктерінің саны; т - масштаб биіктігі бөліктерінің саны. Мысалы: 1:1000; 1:2000; 1:5000 масштабтарының графиктік дәлдіктері 0,2; 0,4; 1,0 м-ге тең болып келеді. Мұндай көлденең масштабтар топографиялық транспортирлер мен металдан жасалған сызғыштарға қондырылады. Оларды масштабтық сызғыштар дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |