Геодезияның ғылыми анықтамасы және негізгі міндеттері Жоспар



бет2/51
Дата02.01.2022
өлшемі0.78 Mb.
#452967
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Геодезия пәнінен дәрістер

1. Жоғарғы геодезия жердің және ғаламшарлардың пішіндері мен көлемдерін зерттеу, сондай-ақ геодезиялық негізгі тірек жүйелерін құру жөніндегі міндеттерді шешеді.

Жоғарғы геодезия мәселелерін шешу үшін жүргізілген егжей-тегжейлі зерттеулер барысында одан геодезиялық астрономия, геодезиялық гравиметрия, ғарыштық геодезия сияқты жеке пәндер бөлініп шықты.



Геодезиялық астрономия геодезиялық тірек жүйелерін құруда аспан шырақтарын бақылау негізінде бастапқы координаталық мәліметтерді анықтау мәселелерімен шұғылданады.

Геодезиялық гравиметрия жер бетінің жекелеген нүктелерінің ауырлық күшін арнайы аспаптармен өлшеу арқылы жер пішінін зерттеумен айналысады.

Ғарыштық геодезия жердің жасанды серіктерінің көмегімен жер беті нүктелерінің геометриялық арақатынастарын зерттейді.

  1. Геодезия (топография) жер бетінің шағын аймақтарын жазықтық ретінде қарап, оны өлшеу және қағаз бетіне кескіндеумен айналысады.

  1. Картографияда табиғат және қоғам құбылыстарының жер аймақтарында орналасуы мен өзара байланысын зерттеу мақсатында қолданылатын географиялық, басқа да кескіндерді (карта) жобалау, жасау әдістері және оларды көбейту технологиясы зерттеледі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет