Геодезияның ғылыми анықтамасы және негізгі міндеттері Жоспар


Дәріс №11 Өлшеулер қателіктерінің түрлері мен классификациясы



бет28/51
Дата02.01.2022
өлшемі0.78 Mb.
#452967
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51
Геодезия пәнінен дәрістер

Дәріс №11

Өлшеулер қателіктерінің түрлері мен классификациясы.

Жоспар

  1. Өлшеулер қателіктерінің түрлері.

  2. Өлшеулер қателіктерінің классификациясы.

Қандай болса да бір шаманың өлшеуі деп, оны салыстыру бірлігі ретінде қабылданған басқа шамамен салыстыру үрдісін айтады. Осының нәтижесінде өлшеудің нәтижесі деп аталатын атаулы сан шығады.

Кез келген геодезиялық өлшеулер мынадай факторлар, яғни өлшеу нысаны, орындаушы аспап, өлшеу әдісі және сыртқы орта әсері болғанда және өзара әрекеттескен кезде жүзеге асырылады. Сыртқы орта деп - өлшеудің барлық жағдайларының жиынтығын: жергілікті жердің бедері мен топырақ беті, өсімдік жамылғысы, температура, ауаның ылғалдығы және тозаңдылығы, жарықтылығы, жел, бұлттылық және т.б. айтады.

Жеке адамның қателіктеріне - өлшеу жүргізетін адамның сезім мүшелерінің қателіктеріне, сонымен қатар санау кезіндегі нивелир рейкасының сантиметрлік бөліктерін көз мөлшерімен он бөлікке бөлуде және теодолиттің дүрбісін затқа нысаналауда жіберілетін қателіктерді жатқызуға болады.

Аспаптардың қателіктері олардың жетілмегендігінен және оларды дәл жөнге салудың мүмкіндігі болмауы салдарынан туады. Осы қателіктерге болат өлшеуіш лентаның 20 м-лік нақтылы ұзындығына сәйкес еместігін,дүрбінің коллимациялық қателігін, рейка бойынша есептеу кезіндегі деңгей үлбіреуінің шеттерінің кескіндерін сәйкес келтіруде кететін жансақтықтардан туатын қателіктерді жатқызуға болады.

Сыртқы ортаның әсер етуінен болған қателіктерге температураның әсерінен өлшеуіш лентаның ұзындығының өзгеруі, рейканың және нивелирдің әсерінен шайқалуы, ылғылдылықтың әсерінен шашкалық нивелир рейкаларының метрі ұзындығының өзгеруі жатады.

Қателіктер әсер ету сипаты мен қасиеттері жағынан өрескел, жүйелі, және кездейсоқ болып бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет