Геодезияның ғылыми анықтамасы және негізгі міндеттері Жоспар


Дәріс №12 Жер бетінде нүктелерді белгілеу



бет31/51
Дата02.01.2022
өлшемі0.78 Mb.
#452967
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   51
Геодезия пәнінен дәрістер

Дәріс №12

Жер бетінде нүктелерді белгілеу.

Сызықтарды қадалау.

Жоспар.

1. Жер бетінде нүктелерді белгілеу.

2. Сызықтарды қадалау.

3. .Арақашықтықтарды өлшеу әдістері.

Арақашықтықтарды өлшеу оларды жер бетінде белгілеуден (бекітуден) басталады, яғни бастапқы және соңғы нүктелер белгіленеді. Қашықтықтар, қажеттілігіне қарай, уақытша немесе тұрақты нүктелер арқылы бекітіледі, 6.1-суретте ұзындығы - 25-30 см, жуандығы 4-5 см ағаштан жасалған қазықша көрсетілген. Нүктені дәл көрсету және центрлеу үшін қазықшаның басына шеге қағылады, ал ол нүктелерді тез табу үшін айналасына дөңгелек шұңқыр қазылады не топырақ үйіледі.

Ұзақ уақыт қолданылатын тұрақты пункттер ағаш діңгектер, рельстер, құбырлар арқылы бекітіледі (6.1, а-сурет).





6.1-сурет.

а) нүктелерді белгілеу; б) сызықтарды қадалау

Тұрған нүктеден сызықтың соңғы нүктесін көру үшін сызық бағытымен соңғы нүктеге алдынан не артынан қада қойылады.

Егер өлшенетін арақашықтың 150-200 м шамасынан артық ойлы қырлы жерде болса, ұзындықты жергілікті дәлдікпен өлшеу үшін екі нүктенің арасын қадалау керек. Қадалау деп бастапқы және соңғы нүктелердегі екі ағаш қаданың аралығына жарма сызық бойыншна қосымша қадаларды орнатуды айтамыз(6.1, б-сурет). Қадалардың ұзындығы - 2-2,5 м, диаметрі - 2,5-3 см, әр 20 см сайын ақ және қызыл бояулармен боялып, төменгі жағы үшкір болып келеді. Қадалау үшін өлшеушінің біреуі бастапқы нүктеде қалады да, жәрдемші адамның біреуін соңғы нүктеге қойып, қалғандарын өлшеушінің бағыттауымен үзік сызықтың үстіне бірнеше жерге бірін-бірі тасалайтын етіп орнатады. Яғни, соңғы нүктеден бастапқы нүктеге қарай жүріп отырады. Осылайша жүргізілген қадалау «өзіне қарай» қадалау деп аталады. Бұл - жиі қолданылатын тәсіл.

Қадалаудың «өзінен бастап» деген дәлдігі төмендеу тәсілі де бар. Дәл қадалау үшін теодолит қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет