Алга нивелирлеу әдісінде (18.1, е-сурет) нивелир дүрбісінің оқулары мен А нүктесі бір тіктеуіш сызық бойында орналасады да, есеп алынатын рейка екінші нүктеге орнатылады. Бұл жағдайда визирлік осьтің А нүктесінен биіктігін і рулеткамен өлшеп, В нүктесі тұрган рейкадан «b» есебін алады. Көрсетілген суретке сай, биіктік өсімшесі былайша анықталады:
Һ = і-b (18.2)
мұндағы, і - аспап биіктігі.
Екі нүкте арасындағы өсімше белгілі болса, В нүктесінің биіктігін мына формула арқылы анықтауға болады:
НВ=НА+Һ, (18.3)
яғни келесі нүктенің биіктігі алдыңғы нүкте биіктігіне өсімшені қосқанга тең.
Деңгей жазықтықтан нивелирдің визирлік осіне дейінгі тіктеуіш сызықты аспаптың горизонты АГ деп атайды. Аспап горизонты 8.1, а-суретке сай мынаған тең:
АГ = НА+а немесе АГ= Нв+ b, (18.4)
яғни аспап горизонты ГИ нүкте биіктігіне НА сол нүктеде орналасқан рейкадан алынған есепті «а» қосқанға тең. Аспап горизонты арқылы да нүктелер биіктіктерін анықтауға болады.
Мысалы, 8.1, а-суреттегі екі пункт арасындағы С нүктесінің биіктігі Нс төменгі формула арқылы анықталады:
Нс=АГ-с (18.5)
мұндағы, с - С нүктесіне қойылған рейкадан алынған есеп..
Әдетте, аспап горизонты бір станцияда тұрып, бірнеше нүктелердің биіктіктерін анықтағанда қолданылады.
Егер ниверлирленетін екі нүктенің арасы 100 м-ден аспаса, онда екеуінің арасындағы биіктік өсімі жалғыз станциядан анықталады, мұны қарапайым нивелирлеу деп атайды.
Егер, 18.2-суретте көрсетілгендей, А және N нүктелерінің арақашықтығы үлкен болса, өсімшені (hMN) анықтау үшін нивелир бірнеше станцияға орналастырылып, күрделі нивелирлеу жүргізіледі. 18.2-суретке сәйкес, N нүктесінің А нүктесінен өсімшесі өр станциядағы биіктік өсімшелерінің қосындысына тең:
1 8.2-сурет. Күрделі нивелирлеу
мұндағы, І,а1 - барлық артқы есептердің қосындысы;
∑b1 - барлық алдыңғы есептердің қосындысы.
Ақырғы нүктенің абсолют биіктігі (18.6) формуласына сәйкес былайша анықталады:
НN = HА + ∑b1 (18.6)
Бақылау сұрақтары
1. Геометриялық нивелирлеудің мәні?
2. Нивелирлеудің әдістері қандай?
3.Ортадан нивелирлеудің мәні?
4.Алға нивелирлеудің мәні?
Достарыңызбен бөлісу: |