Геожүйе құрылымы сыртқы әсерлерге тұрақтылығы арқылы сипатталады. Ол инварианттылық қасиетіне байланысты. Бұл түсінікматематика мен физикада да қолданылады. Табиғи геожүйелерде ин-варианттық қасиеттер литогендік негіздің климатпен байланысы арқылы қалыптасады.
Геожүйенің динамикасы дегеніміз – қурылымды қайта қуруға әкеліп соқпайтын барлық өзгерістер (Мысалы: қумды қайраңдарға өсімдік шығуы немесе кесілген орманның қайта қалпына келуі тағы басқа). Динамикадан геожүйенің өмір сүруін айыра білу шарт, оларға тәуліктік, айлық немесе жылдық ырғақтар тән (Мысалы, топырақтың жібуі немесе тоң қатуы тағы басқа).
Жердің қазіргі кеңістіктегі құрылымы – оның дамуының нәтижесі.
Өзін-өзі реттеу геожүйенің ең маңызды қасиеті. Ол оның қалыпты жағдайын сақтауын білдіреді.
Осыған байланысты біз геожүйенің иілгіштігін, яғни сыртқы факторлардың әсеріне қарамастан өзінің негізгі қасиеттерін сақтауға тырысуын анықтаймыз.
Геожүйелердегі байланыстардың атқаратын рөлі үлкен, өйткені олар геожүйенің біртутастығы мен тұрақтылығын анықтайды. Көптеген байланыстардың ішінен үш топты бөліп қарастыруға болады: өзара әрекеттесу байланысы, генетикалық және даму байланыстары.
Өзара әсер ету немесе әрекеттесу байланысы географиялық объектілер арасында қалыптасады, мысалы: өсімдік — жануар, өсімдік – су, тағы басқалар.
Генетикалық байланыстың географияда өзіндік ерекшелігі бар. Әр түрлі факторлардың әсерінен бурынғы геожүйенің орнын басқа бір геожүйенің басуын айтуға болады. Мысалы, ұсақ көлдерді су өсімдіктері басуына орай бул жер біртіндеп батпаққа айналады, яғни көл геожүйесі батпақ геожүйесімен ауысады.
4.Кейбір жалпы ғылымдық концепциялардың географияға тигізетін әсері.
5.Географиядағы заңдар мен теориялар
География – өндірістік және табиғи аумақтық кешендерді, сондай-ақ олардың құрамдас бөліктерін зерттейтін қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының тұтас жүйесі. Қоғамдық және табиғи географиялық пәндердің бір ғылым жүйесіне бірігуі көбінесе олар зерттейтін объектілер арасындағы өте тығыз байланыспен және, әрине, халықты, табиғатты жан-жақты зерттеуден тұратын ғылыми міндеттің ортақтығымен анықталады. Табиғи ресурстарды барынша тиімді пайдалану, өндірісті ұтымды параметрлерде орналастыру және халықтың өмір сүруіне барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында экономика және экономика.
Достарыңызбен бөлісу: |