География және туризм кафедрасы геология 5В060900 «География» мамандығы студенттеріне арналған зертханалық практикум Павлодар Кереку 2012



жүктеу 0.95 Mb.
бет5/7
Дата09.06.2016
өлшемі0.95 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

4) химикаттардың тысталған оруына, жақсы және бір мағынада оқилатын этикеткаларына назар аудару, шыны бұйымдары мен ыдыспен істегенде абай болу тиісті.

5) концентрацияланған немесе сұйықталған тұз қышқылын пайдалануды жорамалдайтын жұмыстарын жасағанда тұз қышқылының кілегей қабықшаларына, теріге, киімге түскенде күйдіріп жіберетінін ескеру қажет. Теріге қышқылдың тамшылауы жағдайында мақтамен сіңіріп алу керек. Ал тамшылаған жерін су ағынымен шайып сабынмен жуу міндетті.


1-тапсырма

Кесекті тау жыныстарының үлгілерін анықтап сипаттау



Шөгінді тау жыныстары жер қыртысының 5 %-ын алып жатыр, бірақ беткі бөліктерніде 75 %-ға дейін жетеді. Олардың басым бөлігі теңіз және мұхит алаптарында қалыптасқан.

Шөгінді тау жыныстары өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады: олар әдетте қабатты, кеуекті болады, әр түрлі өсімдіктер мен жануарлардың бастырмалары кездеседі, қазбалы флора мен фауна орналасады. Шөгінді тау жыныстарының көбі борпылдақ, сусымалы (құм, гравий) қабаттар түрінде орналасады. Минералдық құрамы да өзгеше. Мысалы, тек шөгінді тау жыныстарының құрамында ғана галит, мирабилит, гипс, глауконит, кейбір сазды минералдар т.б. кездеседі. Олардың ішінде мономинералды қабаттары да орын алады әктастар, тас тұзы, гипстер, ангидриттер, фосфориттер т.б.

Барлық шөгінді тау жыныстары үш үлкен топқа бөлінеді: кесекті (сынықты), хемогенді және органогенді (олардың қалыптасуына механикалық, химиялық, биологиялық үрдістер қатысады). Осындай бөлу шартты түрде болса да, өйткені осы тау жыныстарының қалыптасуына үгілудің механикалық, химиялық факторлары да, ағзалардың тіршілік етуі де қатысады, жиі таралған. Ал шөгінді тау жынысының жаратылуында басым әсер етуші факторын анықтау кейде қиынға түседі.

Сынықты тау жыныстары. Сынықты тау жыныстары құрайтын кесектерінің өлшемі мен пішініне, борпылдану немесе тығыздалу дәрежесіне қарай топтарға бөлінеді (6.1кесте).
6.1-кесте – Сынықты тау жыныстарының жіктелуі


Тау жыныста-рының топтары

Жұмырланған кесектер

Кесектердің өлшемі, мм

Үшкір бұрышты кесектер

Борпылдақ

Керіштенген

Борпылдақ

Керіштенген

Ірі кесекті (псефиттер)

Шойтастар

Шойтасты конгломерат

> 100

Құжбандар

Құжбанды брекчия

Тасмалта

Тасмалталы конгломерат

100–10

Тасшақпа

Брекчия

Гравий

Гравийлі конгломерат (гравелит)

10–1

Тасқиыршық

Қиыршықтас

Құмды (псаммиттер)

Құм

Құмтас

1–0,1

Құм

Құмтас

Алевролитті (алевритті)

Алеврит

Алевролит

0,1–0,01

Алеврит

Алевролит


Жұмыстың барысы
1 Кесекті тау жыныстарының жинағымен жұмыс жасау: тасмалта, тасшақпа, гравий, тасқиыршық, конгломерат, брекчия, минералдық құрамы әр түрлі құмдар (кварцты, кварцты-слюдалы, аркозовты, глауконитті, темірлі т.б.), лёсс және лёсс тәрізді саздақ

2 Сынықтардың жұмырлығы бойынша тау жыныстарын екі топқа бөлу: а) жұмырланған; б) үшкір бұрышты.

3 Әр бір топты екі топшаға бөлу – борпылдақ (тасмалта, гравий, құм, тасшақпа, тасқиыршық, лёсс) және керіштенген (конгломерат, брекчия, құмтас, қиыршықтас, алевролит).

4 Құрайтын сынықтардың өлшеміне қарай үлгілерді анықтау.

5 Үлгілерді сипаттау: а) тасмалтаның, тасшақпаның, гравийдің, тасқиыршықтың минералдық құрамына, түсіне, біртектілігіне сипаттама беру; ә) конгломерат пен брекчиянің сынықтар құрамына, олардың біртектілігіне, түсіне, керіштің (карбонатты түрі НС1 әсерінен қайнады, кремнийлі түрі – пышақпен кесілмейді) минералдық құрамына сипаттама беру; б) құмдар мен құмтастарды құрамына қарай (мономинералды немесе полиминералды) топтастырып, минералдық құрамын көрсету; в) лёсс пен лёсс тәрізді саздақтардың ортақ және өзгеше белгілерін сипаттау: лёсс тұз қышқылымен қарқынды реакцияға түседі (құрамында кальцит бар), құрылымсыз, кеуекті, лёсс тәрізді саздақтар НСl-мен реакцияға түспейді, кейде гравийдің, құмды бөлшектердің кірікпе қабаттары байқалады. Сонымен қатар тау жынысының түсі де анықталу қажет.
Құралдар мен материалдар
1 Сынықты тау жыныстарының жинағы: тасмалта, гравий, тасшақпа, тасқиыршық, конгломерат, брекчия, минералдық құрамы мен дәндерінің өлшемдері әр түрлі құмдар мен құмтастар, лёсс және лёсс тәрізді саздақтар.

2 10 %-дық тұз қышқылының ерітінділері

3 Шөгінді тау жыныстарының жіктелу кестесі.

Сазды тау жыныстары. Шөгінді тау жыныстары ішінен сазды түзілімдер ең кең таралған болып келеді. Олардың үлесіне барлық шөгінді тау жыныстарының жартысынан астам бөлігі келеді. Басқаша пелиттер деп аталатын сазды тау жыныстарына саздар мен аригиллитер – 30 %-ға өлшемі 0,001 мм болып келетін жұқа дисперсиялы бөлшектерден және көбінесе 0,01 мм өлшемді бөлшектерден тұратын ұсақ сынықты тау жыныстары жатады. Сазды тау жыныстарын дәлірек анықтауға органикалық бояғыштар мүмкіндік береді.
Жұмыстың барысы
1 Сазды тау жыныстарымен жұмыс істеу: каолин сазы, монтмориллонит сазы, мореналық саз немесе мореналық саздақ.

2 Каолин сазын анықтау. Оның түсі ақ немесе сұр, қолға алғанда майлы болып сезіледі, сумен әрекеттескенде оны баяу сіңіреді, суланғанда көлемі дерлік ұлғаймайды, өте жұмсақ болып келеді.

3 Монтмориллонит сазын анықтау. Түсі сұр немесе қызғылт, суланғанда көлемі бірнеше есе артады. Каолин сазымен салыстырғанда қаттырақ.

4 Мореналық саз қызыл-құба немесе сары (сирек жағдайда ғана қара немесе көгілдір) түсімен жеңілдікпен анықталады, суланғанда пластикалылығы жоғарылайды, майыстырып бұрауға келетін созымды кірпікшелерге оңайлықпен айналады. Мореналық саздарда тасқиыршықтың, тасмалтаның, тасшақпа мен шойтастардың кірікпелері кездеседі. Мореналық саздақ мореналық сазға қарағанда ылғалданған күйінде майыстырғанда тез сынып қалып шашылады.


Құралдар мен материалдар
1 Саздардың жинағы: коалин, монтморрилонит, мореналық.

2 Фарфор тостағаншалары немесе Петри (екі студентке біреуден).

3 0,5-1 л су құйылған ыдыс.

2-тапсырма

Хемогенді және органогенді тау жыныстарының үлгілерін анықтап сипаттау



Хемогенді және органогенді тау жыныстары су ортасында да, құрлықта да химиялық үрдістер мен өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік етуі нәтижесінде түзіледі. Осы топтың тау жыныстары әдетте аралас органогенді-хемогенді түзілімдерді құрайды. Олар химиялық құрамына қарай жіктеледі

Карбонатты, кремнийлі, глиноземді, фосфатты, темірлі, галоидты, сульфатты тау жыныстары мен каустобиолиттер ажыратылады.


Жұмыстың барысы
1 Шөгінді тау жыныстарының жинағымен жұмыс істеу: әктас, бор, мергель, мергельді әктас, әктасты саз, доломит, диатомит, опока, тас тұзы, сильвинит, карналлит, гипс, ангидрит, боксит, қоңыр теміртас, тас көмір, қоңыр көмір, әктасты туф.

2 Төменде келтірілген сызбалардың (6.2кесте) көмегімен хемогенді және органогенді тау жыныстарын анықтау

3 Әр бір тау жынысының негізгі сипаттамаларын жұмыс дәптеріне жазып алу
Құралдар мен материалдар
1 Хемогенді және органогенді тау жыныстарының жинағы: әктас, доломит, мергельді әктас, әктасты саз, диатомит, опока, тас тұзы, сильвинит, карналлит, гипс, ангидрит, боксит, қоңыр теміртас, шымтезек, тас көмір, қоңыр көмір, әктасты туф.

2 10 %-дық HCl ерітінділері (екі студентке біреуінен).

3 Шыны түтіктер.

4 Суға толған ыдыс (0,5–1 л).

5 Спиртовка спирт шамы (екі студентке біреуінен).

6 КОН ерітіндісі.


6.2-кесте Хемогенді және органогенді тау жыныстарын анықтаудың жалпы сызбасы

Бейорганикалық тау жыныстары

Органикалық тау жыныстары

Суда еритін – галоидты жыныстар

НCL-да еритін –карбонатты тау жыныстар

НCL-да ерімейтін – сульфатты, кремнийлі,

Темірлі және глиноземді тау жыныстары





Әр бір топтың тау жыныстарын анықтау реті төменде келтірілген.


6.3-кесте 9 – Суда еритін бейорганикалық тау жыныстары. Галоидты жыныстар

Бір минералдан тұратын (галит, сильвин, карналлит)

Бірнеше минералдан тұратын (сильвинит, карналлитті тау жынысы)

«Сульфаттар мен галогенидтер» нұсқауы бойынша анықталады

Жымдастығы анық минералдар басым -сильвинит (25–60 % галит, 14–40 % сильвин және қоспалары)

Жымдастығы байқалмайтын минералдар басым (50–80 % карналлит, 20–50 % галит және т.б. қоспалар)

6.4-кесте HCl-да еритін бейорганикалық тау жыныстары. Карбонатты тау жыныстары



Тұнба қалдырмай тез ериді (әктасты туф, бор, әктас)

Нашар ериді

Тұнба қалдырып ериді (мергель, мергельді әктас,әктасты саз)

Өте жеңіл (әктасты туф,бор)

Жеңіл

Доло-мит

Тұнбасы 25–50 % құрайды-мергель

Тұнба 25% дейін мөлшерін құрайды - мергельді әктас

Тұнбасы 50 %-тен аса – әктасты саз

Кеуекті- әктасты туф

Тығыз, жұқа ұнтақты

Әктас


Бақылау сұрақтары
1. Хемогенді тау жыныстары органогенді тау жыныстарынан немен ерекшеленеді?

2. Яшма қандай тау жыныстарына жатады?

3. Полимиктті және мономиктті құмтас деген сөз нені білдіреді?

4. Пелиттер алевриттерден немен ерекшеленеді?

5. Мергельдің мергельді әктастан айырмашылығы неде?

6. Опоканың құрамына не кіреді?

7. Борпылдақ шөгінді тау жыныстарының керіштенген тау жыныстарынан өзгешелігі неде?
6.5-кесте Суда және HCl-да ерімейтін бейорганикалық тау жыныстары. Сульфатты, кремнийлі, темірлі және глиноземнді тау жыныстары


Ақ, сұр, көгілдір, қызғылт, ашық-сары (гипс, ангидрит, диатомит, опока)

Құба, қызыл, жосалы-сары (қоңыр теміртас, боксит)

Тырнақ сызат қалдырады (қаттылығы < 2,5)

Тырнақ сызат қалдырмайды (қаттылығы > 2,5)

Тотықты-қоңыр, жосалы-сары, қоңыр-қызыл түсті, құрылысы сусымалы , қабыршақ тәрізді және оолитті массалар – қоңыр теміртас

Қызыл-қоңыр, сұр түсті, құрылысы тығыз немесе оолитті массалар - бокситтер

Кристалдық түйірлі, парақты, талшықты массалар – гипс

Жерлі, ұнтақ тәрізді, аморфты массалар - диатомит

Кристалдық ұсақ түйірлі массалар - ангидрит

Аморфты жұқа ұнтақты немесе тығыз массалар – опока


7 Зертханалық жұмыс. Геохронологиялық кесте
Мақсаты

Студенттерге Жердің дамуындағы геохронология жөнінде мәліметтер мен түсінік беру



ҚТ ережелері – зертханада жұмыс істегенде төмендегілерге тыйым салынады:

1) химикаттар мен ерітінділердің кілегей қабықшаларына, теріге, киімге түсуге;

2) ас қабылдауға (су ішуге);

3) ауа мен иісі қатты немесе ұсақ кристалдық күйде (шаң түрінде) болатын химикаттарды ішке тартуға;


1   2   3   4   5   6   7


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет