1.4 Карта мазмұнын құрастыру
Карта мазмұнын анықтау картаны жобалаудың негізгі сатысы болып келеді . Бұл мазмұны элемент тізімі олардың топтастыруы сипаттамасы жəне көрсеткіштері бейнелеу əдістері мен географиялық символдардың жүйесі жалпылау көрсеткішінің шектеулі параметірлерін анықтау сондай-ақ географиялық аудандастыру.
Карта мазмұнының негізі екі бағыт құрайды:
1) географиялық картаны кеңістік модель ретінде түсіндіру.
2) картаны түсіндіру жіне құрастыруда жүйелі түрде қарастыру. Жүйелік көзқарас бұл нысандарды əртүрлі күрделі, кеңістікті қамтуын жəне əр бір жүйеде оның элементтерін картографиялау геожүйе ретінде қарастырады. Əрине, əр бір жүйе əртүрлі модельде –үлгіде бейнеленуі мүмкін, ол арқылы күрделі жүйені зерттеу оңай болады.
Жақсы жүйе жəне олардың элементтері мысалы – бұл географиялық ландшафт жəне сол ландшафтты құрайтын компоненттер: геологиялық фундамент, жер бедері, сулар, топырақ, жəне т.б. ландшафттық жəне басқа да табиғи карталарда бейнеленетін нысандар.
Жалғыз элементті карталар сирек кездеседі. Оларға су нысанының таралуы мен тығыздығын көрсететін өзен жəне көл карталары жатады. Бірақ, көптеген карталар, табиғи жəне əлеуметтік- экономикалық аймақ кешенінің жеке элементтеріне (топырақтарға, өсімдік жамылғысына, елді мекендерге, жол торларын көрсететін карталар) арналған карталар, сол элементтерді жалпыгеографиялық карталардан алған “географиялық негізде” көрсетеді.
Карта мазмұнын элементтерін таңдау, кешенді карталарды жобалауда өзгереді. Тіпті кейде топографиялық карталар да өздерінің элементтерінде тұрақсыз келеді. Мысалы, кейбір елдердің топографиялық карталарында туристік мақсатта олардың элементтерін көрсетеді. (базаларын, убежища, объекты достопримечательности т.б.). Əртүрлі табиғи зоналардың топографиялық карталарында аймақтық жағдай əсерін көруге болады. Бірақ
мазмұны элементтері іріктелуінің əртүрлігі атаулары бірдей, мақсаттары əртүрлі кешенді тақырыптық карталарда жақсы көрінеді. Мысалы, табиғи жағдайды бағалау карта. Оның негізгі мазмұны келесі жағдайды бағалаудан тұрады:
- мұнай жəне газ кен орындарын игеруді бағалау;
- жерді кептіру ( для осушения) масқатында;
- жол салуда;
- өнеркəсіпті жəне азаматтық құрылыста; т.б. масқатта.
Карталар нысандардың орналасуы мен кеңістікте байланыстарын, сондай –ақ, олардың ерекше қасиеттерін, жағдайын, ерекшеліктерін жəне уақытша өзгерілуін немее бір сөзбен айтқанда – “мазмұнының мағынасын” көрсетеді. Картографияланатын құбылыстардың ерекшеліктерін көрсету таңдаған топтастырылудан (классификациядан), сипаттамалардан жəне көрсеткіштерден тұрады.
Топтастырылу геожүйе ретінде қарастырылатын картографияланатын құбылыстың біртіндеп бөлшектенуінен тұрады. (подсистемы, подподсистемы т.б.). Ол бір тұтас жүйе ішінде əрбір жүйенің орнын жəне оған тəн қасиеттерін көрсетеді. Ең кеңінен қолданылатын типологиялық топтастырылуы. Бұл топтастыру құбылыстардың типін өздеріне тəн негізгі қасиеттері, ерекшеліктері бойынша бөледі, мысалы, жер бедері үшін: құрлымы жəне сыртқы бейнесі бойынша пішіндердің бөлінуі; топырақ үшін - олардың грануметриялық жəне минералогиялық құрамы бойынша; климаттық карта үшін - кешенді климаттық сипаттамасы бойынша болінеді (ауаның жылдық орташа температурасы бойынша ылғалдылығы, атмосфералық қысым бойынша). Генетикалық топтастырылу - бұл құбылыстардың жалпы пайда болу жəне шығу тегі бойынша топтастырылуы. Мысалы, жер бедерінің топтастырылуы - əртүрлі эндогенді жəне эгзогенді факторлар əсерінен пайда болуының топтастырылуы; топырақтар - режимі
жəне даму үрдістері; климат пайда болу үрдістері бойынша топтастырылады.
Топтастыру принципіне əсер ететін негізгі фактор – бұл картаның мақсаты.[5]
Достарыңызбен бөлісу: |