Географиялық карталардың лабораториялық дайындау үрдісі және әдістің құрастыру мен зерттеуі



бет7/7
Дата12.12.2022
өлшемі56.25 Kb.
#467054
1   2   3   4   5   6   7
Карталармен атластарды ұйымдастыру

Қорытынды:
Карталар бір уақытта жергілікті жерден бастап бүкіл Жер шарын кеңістік ретінде бақылауға мүмкіндік береді. Олар объектілердің пішіндерін, биіктіктерін, өзара орналасуын және олардың кеңістік өлшемдерін, координаталарын, ұзындықтарын, аудандарын, көлемдерін анықтауға мүмкіндік береді. Карталар осы объектілердің қажетті сандық және сапалық сипаттамаларын құрайды және де олардың арасындағы кеңістік және басқа да байланыстарын көрсетеді.Бұл қасиеттері картаның тәжірибе үшін маңызы мен мағынасын көрсетеді.
Карталар құрлық пен мұхиттарда әскери қимылдарда және туристтік сапарларда, ауа караблінде ұшқанда және жаяу маршруттарда сенімді және негізгі жол бастаушы қызметін атқарады.
Өндірістік, энергетикалық және транспорттық құрылыстарда карталар іздеу жұмыстарының, жобалаудың және инженерлік жобаларды іске асырудың негізі ретінде қолданылады. Енді теміржолдар, автомагистральдар және құбыр жолдары бірінші жобалау ұйымдарнының бөлмелерінде топографиялық карталарда белгіленеді.
Карталар ауыл шаруашылығында, яғни жерге орналастыруда, топырақты мелиорациялауда, құнарландыру жұмыстарында, эрозиямен күресте және де жер қорларын тиімді, дұрыс қолдану және тіркеуде кең қолданылады.
Карталар мектепте және мектептен тыс оқу мекемелерінде баға жетпес құрал болып есептеледі. Олар тек географиялық мәліметтердің жиыны ғана емес, сонымен қатар оларды тарату, ортақ мәдениетті көтеру құралы.
Картаны пайдалану аумағы ғылыми ізденіс құралы ретінде ғылыми прогресстің өсуіне байланысты кеңеюде. Жеке алғанда, бұл кеңею модельдеу теориясы мен информатика жетістіктерінің арқасында. Информатика көмегімен мәліметтерді жинақтау, сақтау және жеткізу географиялық карталарды толық бағалауға, кеңістік ақпараттарды бейнелеу мен анализ жасауға мүмкіндік береді.
Карталар жаңа мәліметтер алуға, даму кезеңдерін зерттеуге, оқуға және көптеген құбылыстарды болжауға мүмкіндік береді.[7]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет