1.5 Карта безендіруін құрастыру
Карта безендіруін құрастыру дегеніміз – бұл карта үшін ойластырған бейне белгілерінің (құралдарының) жиынтығы, олар бір-бірімен байланысты үш мақсатты құрайды:
1) картографиялық белгілер жүйесін жобалау
2) легенданы құрастыру
3) картаның эстетикалық толық түрін қамтамасыз ету: (оның көркем жобасы)
Шартты белгілерді таңдау еркіндігі өз ара байланысты карталарда шектеледі, мысалы: əр түрлі масштабтағы топографиялық немесе геологиялық карталарлды құрастырғанда. Топографиялық карта үшін белгілердің суреті маңызды болса, геологиялық карта үшін - стратиграфиялық шкала түстері маңызды. Кешенді атластарда бұл шектеулерге келесі жағдайлар əсер етеді:
1) əр түрлі аймақта əр түрлі маштаптағы тақырыптық карталардың (жер бедері, халық, өнеркəсіп жəне т.б) жеке сериялар ішіндегі бір тұтастылығының қажеттілгі;
2) əр түрлі тақырыпты (мысалы халық, денсаулық, білім) карталарының сəйкестілігі жəне бірге талдану ыңғайлығы;
3) тақырыптары жақын (ұқсас) карталарды көзбен салыстыру көзбен дифференцияциялау, сонымен қатар атаулары бір карталарды көзбен салыстыру, (мысалы: дүние жүзілік мұхиттың əр түрлі физикалық қасиеттері карталары – температурасы, тұздылығы, тығыздығы, дыбыс жылдамдығы). Карта мазмұнын көрсететін картографиялық белгілерді жеке карта үшін жобалау негізіндегі сұлбаны қарастырайық. Карта бағдарламасында бұл мазмұны ең адымен:
1) мазмұнының элементтер тізімін
2) олар үшін таңдалған жіктелуі, олардың нақтылығы
3) топтар ішіндегі жеке нысандардың сипаттамалары
Белгілерді нақты құрастыру үшін, мына жағдайлар орындалуы тиіс:
1) жүйешелер арасындағы белгілерді анық ажырату;
2) əрбір жүйеше ішіндегі белгілердің нақты ұйқастығын сақтау.
3) қажетті сипаттама беру үшін элементтердің қосымша дифферецияциясын қарастыру.
Белгілер құрастырудағы жүйелік көзқарас, құрастыруда картографияланатын жүйе, жүйеше жəне олардың элементтерін нақты көрсетуді талап етеді. Қолданатын құралдар əртүрлі: белгілер суреті, олардың көлемі, штрихтың қоюлығы, түстің түрі, жарықтығы, сондай –ақ олардың қосындысы. Картаның нақты мақсаттар ретінде
1) мазмұнының ерекше элементтерінің бақылдануы (жер бедері, жəне
гипсометриялық картадағы гидрография, елді мекендер, байланыс жолдар жəне саяси-əкімшілік картадағы шекара т.б.);
2) жеке элементтерінің ішкі дифференциясы (магистральды темір жолдармен кеме жүретін зендер);
3) жалпы карта мазмұнының пландарға бөлінуі (топографиялық негізде
тақырыптық картаны екінші планға бояу арқылы көшіру т.б.
Белгілердің артықшылығы:
1) оқуға жеңіл болуы;
2) танылуы жəне есте сақталуы;
3) орналасу ерекшелігі
4) нақты бір-бірімен байланысты дифференциациясы. Ауданы кішкентай жəне суреттері тығыз белгілер немесе кішкентай (компакты) белгілер картаның жүктемесін сонымен қатар, оның мазмұнын өсіреді.
Белгілерді оқуға оңай жəне есте сақтап қалуы, белгілер формасының жеңілдігіне жəне ішкі құрлысына, элементтерінің ажыратылуына жəне олардың көрнекіліктеріне байланысты.
Көздің өткірлігіне байланысты белгілердің ажырату қабілеті келесі жағдаймен сипатталады:
1) белгілердің жəне олардың элементтерінің минимальды көлемімен;
2) түсті белгілер үшін контрасты сезгіштіктің шектелуімен (порог контрастной чувствительности).
Белгілер жобалануына карта мақсатының əсері əртүрлі болады, бірақ, келесі жағдайды назарға алу керек:
1) картаны пайдалану жағдайын (кабинетте, далада, үлкен аудиторияларда т.б.);
2) тұтынушылар деңгейін (оқушы, студент, маман)
3) карта бойынша шешілетін мақсаттар (навигацияда, картографиялық
зерттеулерде).
4) картаның қолдану жағдайын (кабинетте, далалық жағдайда, үлкен аудитория алдында көрсетуге); үстел үстінде жататын карта үшін кішкентай белгілерді қолдануға болады, ал далалық жағдайда - кейбір белгілерді үлкейу керек. Мысалы, қабырғаға ілетін демонстрациялық карта үшін белгілер ірі болу керек.
5) болашақтағы карта тұтынушылардың деңгейі; насихаттау мақсатта белгілер көрнектілікті жəне суреттеу болу керек, ал ғылыми-анықтамалық карталардаткүрделі, жоғары ақпаратты абстракті белгілер қолданылады.
6) карта бойынша шешілетін мақсаттар: карталар навигацияда немесе
картографиялық зерттеулерде қолданатын болса, онда белгілер нақты орналасқан (локализовано) болу керек
Карта белгілерін жобалауда, картаны басып шығаруға дайындаған кезінде полиграфиялық көбетудің технологиясы мен мүмкіншілігі қарастырады: көптүсті немесе біртүсті, шығару əдісі, өзі жабысатын белгілер, контурларды торлармен немесе бір типті белгілермен толтыру т.б.
Легенда – картадағы кесте немесе оның жиынтығы ретінде пайдаланған
нұсқауларымен бірге шартты белгілер. Басқа сөзбен айтқанда, легенданы карта құрастыруда жəне оны пайдалануда қажетті белгілер жиынтығы деп анықтауға болады.
Легенда үшін келесі жағдайлар қажетті:
1) легендада жобаланған жəне карта қолданған барлық белгілер;
2) белгілердің легендада жəне картадағы қатал сəйкестігі;
3) картографиялық символдар маңызының қысқа, анық жəне біркелкі түсініктемесі;
4) құрастырудағы жүйелік принципі: біріншіден, мазмұнының жеке элементтері үшін белгілердің жүйе ішіндегі логикалық реттілігі, екіншіден, логикалық топтастырылу; легенданың карта рамкасы сыртында немесе ішінде орналасуын жеңілдететін оның жалпы жиынтығы жəне картамен жұмыс істеу кезінде легенданы қолдану.
Карта легендалары өзінің мамұны, күрделілігі, көлемі жəне құрылымы бойынша əртүрлі. Бұл ерекшеліктер ең алдымен картаның тегі мен түріне байланысты. Ең жеңіл легенда салалық аналитикалық карталарға тəн, олар құбылыстың сандық сипаттамасы кезінде жеке бір жақтарын немесе қасиеттерін көрсетеді. Мұндай карталар құрастыруда изосызықтар не нүктелік əдістепен легенданы бір ауыз сөзбен шектеуге болады: мəселен, «горизонтальдар əрбір 10 метр сайын жүргізілген», «бір нүкте – 1000 га жүгері егістігінің ауданына тең». Көп жағдайда белгілер əдісі, изосызықтар, диаграммалар, жылжу белгілер, картограмма жəне картодиаграммалар легенданы бір шкалаға кішкентай түсіндірмемен біріктіреді, мəселен, «қар жамылғысы бар күндер саны», «тауар айналымы, млн.тонна» «жан басына шаққанда электр қуатын тұтыну» жəне т.б. Сапалық сипатқа ие легендалар
кеңінен таралған, мəселен, «ұлттық құрамы бойынша халық құрамы, басымды ағаш түрі бойынша ормандар т.б.
Легендадағы белгілерді үлкендігі не көрсеткіштерді қолдану мағынасы бойынша орналастырып, ұзындық аралықтарының сатылы шкаласының айырмашылығын ескере отырып, құрады.
Карта легендаларын өңдеу өз алдына картографиялық белгілерді жүйеде жобалау, барынша толық карта мағынасын ашып көрсету, оның мазмұнын байыту, сондай-ақ, жүйелік байланыстарды анықтау мақсатын қояды. Типологиялық жіктемелі құбылыстар карталарының легендалары басым назар аудартады. Бұл легендаларды ғылыми жіктемені графикалық қалыпқа тікелей көшіру ретінде қарастыруға болмайды.
Синтетикалық карталар легендасы құбылыстардың толық, интегралдық сипатын береді, бұл көрсеткішсіз картадағы бейне өзінің толықтығы мен нақтылығы бойынша ажыратылуы мүмкін. Бірнеше құбылыстың əртүрлі сипаттамаларының легендада үйлесім табуы кешенді картаға өту дегенді білдіреді. Карта легендасын құру ұстанымы келесідей: белгілерді карта мазмұны бойынша қатаң топтау, белгі топтарының элементтеріне қатысты таралуы, əр топтың ішіндегі белгілердің таралуы.
Жалпыгеографиялық карталардың легендаларында алғашқы орынға өнеркəсіп, ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар мен көлік белгілері шығарылады. Тақырыптық карталарда негізге қатысты мағына-белгілер легенда соңында беріледі. Картада талдау мен синтетикалық сипаттамалардың бірлесуі легендада түсіндірілу ретінің алуан түрлілігімен болуы мүмкін. Синтетикалық сипаттамаға қосымша талдау көрсеткіштерін,
легенда да екінші орынға қою керек.
Карта бағдарламасымен бірге жүретін легенда эскиз ретінде безендіріледі жəне графикалық түрде əзірленеді, жəне карта редакторлау мен баспаға əзірлеу үдерісінде өңделеді.[6]
Достарыңызбен бөлісу: |