Географияны ғылыми жобалау әрекетіндегі топтық қарым-қатынастың ерекшелігі



бет5/7
Дата13.10.2022
өлшемі0.51 Mb.
#462649
1   2   3   4   5   6   7
жобалау

Оқушылардың топпен жұмыс істеу қабілетін анықтайтын көрсеткіштердің маңыздысы–олардың өз жауапкершілігіне белгілі бір қиын міндеттерді ала білуі. Бұл – оқушының жобаның жалпы идеясын түсінуін және осы міндетті орындамай, жобаның нәтижелі болуы мүмкін еместігін көре білуінің айғағы.

  • Оқушылардың топпен жұмыс істеу қабілетін анықтайтын көрсеткіштердің маңыздысы–олардың өз жауапкершілігіне белгілі бір қиын міндеттерді ала білуі. Бұл – оқушының жобаның жалпы идеясын түсінуін және осы міндетті орындамай, жобаның нәтижелі болуы мүмкін еместігін көре білуінің айғағы.
  • Келесі көрсеткіш – жобалау идеясын орындамай жатып, басқа да тартымды жұмыстарға араласуға бармау, жобаны аяғына жеткізуге күш жұмсау.
  • Тағы бір көрсеткіш-өз пікірінің өзгелерге түсінікті болуына көңіл аудару, басқа адамдардың пікірін ескере отырып, өз ойлары мен ұсыныстарына өзгеріс енгізе білу.
  • Жоғары сыныптарда оқушылар топтық қатынас болсын, жай қатынас болсын, рефлексиялық баға бере алады. Ал негізгі мектепте түгелдей жету мүмкін емес. Сондықтан негізгі мектепке тән жасөспірімдік шақта топтық жұмысты, оның нәтижелерін, коммуникациялық деңгейлерін талдауға үйретілу керек.

Жобалау әрекетін ұйымдастыру–оқушылардың өзара ынтымақтастықта бірлескен іс-әрекетін, қатынасын дамытуға негіз болады. Өйткені, жоба идеясы оларды біріктіреді. Міндеттерді өзара бөлісуге, мазмұн–мағынасы бар жұмыс атқаруға ықпал етеді.Айта кету керек, оқу әрекеті сияқты, жобалауға қатысатын топтар да бір жоба аяқталған соң тарап кетеді, одан соң жаңа жоба идеясымен қайта бірігеді. Сөйтіп, топтар да оның мақсаттары да үнемі өзгеріп отырады. Бұл педагогикалық қарым–қатынастың тиімді түрі, өйткені, оқушылар түрлі топтармен, оқушылармен түрлі рөлдерде қарым–қатынас дағдысына үйренеді.Жобалау топтары 4–6 адамнан шағын болса тиімдірек.(Әрине әр жобаның мақсатына байланысты жеке, жұппен немесе түгел сынып қатысуымен де орындалатын түрлері бар.)Ал шағын топтармен ұйымдастыру, бір жағынан, идеяны жүзеге асыруға қолайлы, екінші жағынан, оған қатысушылардың өзара қатынастырын қалыптастыруға және қолдауға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет