Географияны ғылыми жобалау әрекетіндегі топтық қарым-қатынастың ерекшелігі

бет6/7
Дата13.10.2022
өлшемі0.51 Mb.
#462649
1   2   3   4   5   6   7
жобалау

Жобалау әрекетін ұйымдастыру–оқушылардың өзара ынтымақтастықта бірлескен іс-әрекетін, қатынасын дамытуға негіз болады. Өйткені, жоба идеясы оларды біріктіреді. Міндеттерді өзара бөлісуге, мазмұн–мағынасы бар жұмыс атқаруға ықпал етеді.Айта кету керек, оқу әрекеті сияқты, жобалауға қатысатын топтар да бір жоба аяқталған соң тарап кетеді, одан соң жаңа жоба идеясымен қайта бірігеді. Сөйтіп, топтар да оның мақсаттары да үнемі өзгеріп отырады. Бұл педагогикалық қарым–қатынастың тиімді түрі, өйткені, оқушылар түрлі топтармен, оқушылармен түрлі рөлдерде қарым–қатынас дағдысына үйренеді.Жобалау топтары 4–6 адамнан шағын болса тиімдірек.(Әрине әр жобаның мақсатына байланысты жеке, жұппен немесе түгел сынып қатысуымен де орындалатын түрлері бар.)Ал шағын топтармен ұйымдастыру, бір жағынан, идеяны жүзеге асыруға қолайлы, екінші жағынан, оған қатысушылардың өзара қатынастырын қалыптастыруға және қолдауға мүмкіндік береді.

Жобаны жүзеге асыру мерзімі оның мазмұны мен мақсатына байланысты. Ал жобалық жұмыс барысында коммуникациялық қатынастарды қалыптастыру 2 аптадан бір айға дейінгі мерзімде мүмкін болады.Жобаның одан да ұзақ мерзімге созылуы ішкі топтардың, жұптардың, лидердің пайда болуына әкеледі. Сондықтан ұзақ мерзімді жобаларда оның белгілі бір кезеңдері аяқталған кезде топтардың ішкі міндеттерін бөлісу, жаңа топтар мен лидерлерді ауыстырып отыруға болады. Бұл әр адамның топтағы позицияларын өзгертіп, өзін жаңа сапада байқауына, басқалармен жаңа қатынастарды қалыптастыруына жағдай жасайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет