Географияны ғылыми жобалау әрекетіндегі топтық қарым-қатынастың ерекшелігі

бет2/7
Дата13.10.2022
өлшемі0.51 Mb.
#462649
1   2   3   4   5   6   7
жобалау

Белгілі ғалым Д.Б.Элькониннің айтуынша, достыққа негізделген тұлғааралық қатынастар жасөспірім шақта пайда болып дами береді, бұл қатынастардың өзі оқушылардың негізгі әрекетін құрайды. Бірақ, белгілі бір мақсатқа негізделмеген мазмұнсыз қарым–қатынас, өзара әңгімелесу, олардың бір–бірімен коммуникациялық қарым–қатынастын тиімді дамытпайды. Егер, топ белгілі бір мақсатқа сай бір идея негізінде проблеманы шешуге әрекет етіп, оны жүзеге асыруға ұмтылғанда ғана өзара достық, сыйластық, түсіністік орта қалыптасады. Ал ешбір мағынасыз, еш қажеттіліксіз жиналып, қарым–қатынасқа түсетін, қараусыз топтар өз ішінде бір–бірімен келіспеушілікте болса, қарама– қайшылықтар болуы мүмкін. Оқушылар әдетте ортақ проблеманы шешу мақсатында тиімді қарым–қатынас құра алады.

Топпен жұмыс тек топтағы адамдардың қарым – қатынасымен шектелмейді, оның барысында жобалауға қатысушылардың бойында жаңа сапалар қалыптасады. Олар: командада жұмыс жасай білуі. Бұл өзінен-өзі пайда болмайды. Команда, әдетте, белгілі бір маңызды міндетті орындау үшін құрылады. Жобалау барысында бірнеше міндеттерді кезегімен орындау көзделетін болған соң, оның мерзіміне, маңыздылығына, қажеттігіне байланысты командалар құрамы өзгеріп отырады. Бұл команда құрамының өзгеруін емес, олардың рөлдерінің үнемі ауысып отыратынын білдіреді. Оның тағы бір маңызды жағы – онда лидерлер пайда болып, жобаның бөліктерін орындауға жауапкершілікті лидер алады, ал қалғандары орындаушылық қызмет атқарады. Лидердің жобаны ұйымдастырудағы рөлі өте жоғары.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет