Географияны ғылыми жобалау әрекетіндегі топтық қарым-қатынастың ерекшелігі

бет3/7
Дата13.10.2022
өлшемі0.51 Mb.
#462649
1   2   3   4   5   6   7
жобалау

Осыған орай, топтың өз ішінде үнемі өзара міндеттерді бөлісу туралы: бір жұмысты атқарған кездегі лидер, келесі бір жұмыс барысында тек орындаушыға айналады. Бұл, әсіресе, күрделі ұйымдасқан жобаларға тән жағдайлар және олар оқушылардың тәжірибесі жеткілікті болуын қажет етеді. Ал, қысқа, шағын жобаларды орындауда аз құрамды топта лидерлер ауысуы, болмауы да мүмкін.

Кейбір жағдайларда топтың командалық жұмысы үйлеспесе, лидерлік пен міндет бөлісу мәселелерін шешу қиын болады. Ол кезде педагогтардың араласуы, түрлі педагогикалық коррекция (түзету) қажет болады, тіпті топ құрамын қайта таңдау немесе жобалау мазмұнын өзгерту сияқты қатаң шаралар қолдануға да болады. Сондай–ақ, тұлғаарлық қатынас қиындауы, топтағы түсінбестіктер болса, педагог команданы таратып та жібере алады.

Екіншіден, топпен жұмыс барысында топішілік бірлескен жұмыс атқарудың ережесін орындау да қажет. Біздің тәжірибемізден алсақ, оқушылар жобалау барысында қарапайым ережелер құрастырып, оны бұлжытпай орындауға тырысады. Бұл кез келген коммуникацияның жалпы принциптерін құрайды:

Мысалы:

  • бір адам сөйлегенде қалғандары тек қана тыңдайды;
  • ойға шабуыл, ой бөлісу кезінде бірін – бірі сынауға болмайды;
  • сөйлеушінің пікірі өте түсінікті болуы керек;- кез келген пікір берушіні түсіністікпен, кеңпейілмен қабылдау керек;
  • қандай жағдай туса да біреуді ренжітетін,намысына тиетін сөздер айтылмауы керек;
  • ақпарат туралы көзқарас (келісемін (келіспеймін), ұнайды (ұнамайды), оны түгелімен жеткізушідеген ойды білдірмейді);
  • топтағы пікірталас барлық адамға да сұрақ қоюеркіндігін береді және сөйлеуші берілген сұрақтарға жауап беруі тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет