«геоморфология және геология негіздері»


Эффузиялық магматизм және бедер пішіндері



Pdf көрінісі
бет19/55
Дата21.12.2022
өлшемі0.54 Mb.
#467692
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55
«геоморфология ж не геология негіздері»

Эффузиялық магматизм және бедер пішіндері. Интрузиялық магматизмнен
басқа эффузиялық магматизм немесе вулканизм жер бетінде жиі кездеседі және
ерекше көрініс береді. Эффузиялық таужыныстар (лат. effusio төгілу, жайылу) -
жанартау өңешінен немесе жер қыртысындағы тектоникалық жарылымдарды
бойлап жер бетіне шығып төгілген магманың суып қатаюы есебінен пайда болған
таужыныстар.
Эффузиялық магматизм (вулканизм) - арнайы жанартаутану (вулканология)
деген геология ғылымының зерттеу нысаны. Бірақ бірқатар жанартаулар
құбылыстарының 
геоморфологияға 
тікелей 
қатынасы 
бар. Жанартау
каналдарының жер бетінде шығу мұржасына орай олар - кеңістікті, жарықшақты
және орталықты деп үш түрге бөлінеді.
Магманың жер бетіне шығуы жанартау өңештері арқылы жүзеге асады.
Атқылап шыққан балқыған лавалар және олардың қатты бөлшектері жер бетінде
конус тәрізді жанартау пішінін құрайды. Оның төбесі дөңестеу келеді де, орта


33
тұсында тостаған тәрізді ойыс - жанартау көзелігі (кратер) пайда болады.
Көзелік түбіндегі көмейі (жерло) магманың каналымен ұштасады.
Жанартау өнімдерінің жер бетінде көрініс беру ерекшелігіне орай жанартау
төрт морфогенетикалық түрлерге бөлінеді. Олар экструзиялық, эксплозиялық,
эффузиялық және эффузиялық-эксплозиялық түрлер.
Экструзиялық (латын. extrusio - сығу, итеру) жанартаулар - қышқыл
липариттік лавалардың сығымдала көтерілуі нәтижесінде қалыптасқан күмбезді
пішіндер. Бұндай лавалардың тез сууы салдарынан және өте тұтқыр
болғандықтан, ағуы күрт бәсендейді де жалпы лавалық ағымдары болмайды.
Бұлар тікелей жанартау көмейінде шоғырланады және сол жанартау ернеулері
өңіріндегі күмбездерді құрайды. Осындай күмбездердің ауқымы көлденеңінен
бірнеше шақырым, биіктігі 500 м-ден аспайды. Мұндай экструзиялық күмбездер
Франциядағы Орталық массивте, Арменияда және басқа жерлерде кездеседі.
Жанартаудың эксплозиялық әрекеті жарылыстар мен қопарылыстардың
кеңінен етек алуымен, сөйтіп ірілі-ұсақты кесектермен күлдердің және жанартау
газдарының аспанға атқылауымен ерекшеленеді. Бұған мысал Маар жанартауы.
Маар жанартауы, конус пішіндес құрылымымен айшықталмаған атқымалар
есебінен қалыптасқан онша биік емес белестермен шектелген жайпақ түпті
қопарылыс көзелігі (кратері). Қазіргі дүние жүзіндегі белгілі маарлар сөнген,
қалдық құрылымды пішіндер. Көптеген маарлар ылғалды климаттарда сумен
толып, көлдерге айналған. Маарлардың ауқымы көлденеңінен 200 м-ден 3,5 км-ге
дейін, терендігі 60-тан 400 м-ге дейін барады. Ұзақ уақыт бойы денудация
әсерінен жанартау аппаратының беткі бөлшегі жойылған қопарылыс көзелігін
қопарылыс құбыры (трубки взрыва) деп атайды. Бірқатар жағдайларда ертедегі
қопарылыс құбырлары асанегізді (ультранегізді) магмалық таужыныстармен -
кимберлитпен толтырылған. Кимберлит - алмас түйірлерін кіріктіретін
женттастар. Алмас кенорындары (Оңтүстік Африка, Бразилия, Якутия) негізінен
кимберлиттік құбырлармен байланысты. Ендеше қопарылыс құбырлары алмас
кендерін іздестіруде сілтемесі рөлін атқарады.
Жанартаудың эффузиялық түріне оның көмейінен көтерілген сұйық лава
тасқындарының лақылдай төгілуімен сипатталады. Бұған қалқанды жанартаулар
жатады.
Қалқанды жанартаулардың кең тараған жері - Исландия аралы. Бұл жерде
олардың кіші көлемді түрі көп кездеседі. Мысалы, Диньгия жанартауының
көлденеңі 6 км, биіктігі 500 м, көзелігінің көлденеңі - 500 м. Осы жанартаулардың
геологиялык қимасы лавалардың бірнеше мәрте жер бетіне . құйылуымен
байланысты, жанартау жыныстардың қат-қабатталуымен сипатталады.
Қалқанды жанартаулардың бұдан басқа кең тараған жері -Тынық мұхиттағы
Гавай аралдары. Гавай жанартаулары Исландия жанартауларымен салыстырғанда
көлемі жағынан ірілеу. Гавай аралдарының ең ірісі қалқан текті үш жанартаудан
құралған. Соның ішіндегі Мауна-Лоа жанартауы теңіз деңгейінен 4170 м
биіктікке көтерілген, ал түбі 5000 м тереңдікте жатыр. Олай болса, оның жалпы
биіктігі 9000 м-ден асып түр, демек, көлемі жағынан бұл дүние жүзіндегі ең үлкен
жанартау болып саналады. Аса зор мөлшеріне қарамастан Гавай жанартаулардың
жоталары жайпақтау, беткейлердің еңісі 3-10°-тан аспайды. Лавадан құрылған


34
жайпақ жанартау төбесінің ортасында өте зор көзелік орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет