35
Жанартау аймақтарының да өзіне тән ерекше флювийлік бедер пішіндері
қалыптасқан. Еріген
сулар, сазды
тасқындар, атмосфералық
сулар
жанартаулардың баурайларын шайып радиалды жыра жүйесін құрайды. Оларды
барранкостар деп атайды. Бұлар жанартау төбесінен радиалды таралған терең
эрозиялық жыралар. Жалпы айтқанда, жанартаулы аймақтарда өзен
тораптарының бейнесі радиалды сипатымен ерекшеленеді.
Көптеген жанартау аймақтарында, жер бетіне дүркін-дүркін ыстық су мен бу
атқылап тұратын көздер кездеседі. Оларды
гейзер (исландықтарша qeyser
- құйып
кету) деп атайды. Гейзердің ыстық суы үйлерді, жылыжайларды (теплицаларды)
жылыту, электр қуатын алу үшін пайдаланады.
Эффузиялық жанартау әрекеті дамыған аймақтарда жер бетінде
денудациялық және қашаланған бедер пішіндері жиі тарайды. Мысалы, қалың
базальтты тасқындар мен жамылғылар салқындағаннан кейін атмосфералық
агенттер әсерінен үгіліп жарылып жеке-жеке бағаналарға айналады. Осындай тік
бағыттағы, кейде көп қырлы бағаналар өзен немесе теңіз жағаларында толқын су
әрекетінен тілімделіп керемет көріністерді елестетеді. Кейбір лавалық
жамылғылардың үсті көпбұрышты бөлшектерге жарылып, көптеген полигоналды
микропішіндер құрайды.
Жанартау бедері ұзақ уақыт үгілу әрекетінен ең алдымен пирокластикалық
материал (кесек бөлшектер мен түйірлер) бұзылады. Одан кейін лавалық және
басқа төзімді магмалық заттар экзогенді қашалау
әрекетіне ұшырап бұзыла
бастайды. Ең соңында жанартау көмейінде кептеліп қалған тік бағандарға ұқсаған
көмейтас (некк) сақталып қалады.
Мұхит түбінде, морфологиялық жағынан құрлық бетіндегі жанартаулық
жарылымдарға ұқсаған су асты жанартаулары, жанартау қыраттары және басқа да
жанартаулы ірі құрылымдар жиі тараған. Тынық мұхит түбіндегі оңашаланған су
асты жанартауларын "
гайота" деп атайды. Олар 250-2500 м тереңдіктегі өңірде
байқалады. Кейбір
ғалымдар гайоталарды, кезінде су бетіне шығып тұрған
жанартаулы аралдар қалдығы деп есептейді.
Достарыңызбен бөлісу: