«геоморфология және геология негіздері»



Pdf көрінісі
бет15/55
Дата21.12.2022
өлшемі0.54 Mb.
#467692
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55
«геоморфология ж не геология негіздері»

Магматизм
Магматизм деп магманың жаралуына, дамуына және оның жер қойнауы
мен бетiнде қалыптасуына байланысты процестi атайды. Магма (грекше магма –
қою зат, қамыр) – жоғары температуралы табиғи силикат балқыма. Ол газ тәрiздi
заттарға қаныққан және литосферада (негiзiнен астеносферада) жекелеген
ошақтар түрiнде жаралады.
Жердiң iшiнде әр тереңдiкте өзiне тән термодинамикалық тепе-теңдiк
қалыптасып, заттың қатты болуын қамтамасыз етедi. Осы тепе-теңдiк бұзылған
жағдайда (температура көтерiледi немесе қысым азаяды) қатты зат сұйыққа
айналуы мүмкiн. Температураның көтерiлуi радиобелсендi құбылыстарға, ал
қысымның азаюы тектоникалық процестерге байланысты. Сонымен, магматизм –
тереңдiк процесс, ол Жердiң жылу және гравитация өрiстерiне байланысты
туындайды.


29
Эксперименттiк деректер мен магмалық таужыныстардың минералдық
құрамын зерттеу нәтижелерi бойынша, магмалық балқыманың температурасы
700–1100
о
С ауқымында болатыны анықталған. Магма қозғалысының сипатына
байланысты магматизм екi түрге бөлiнедi: интрузиялық (тереңдiк) және
эффузиялық (жербеттiк). Осы екi жағдайда да магмалық балқыма қатайған кезде
магмалық таужыныстар жаралады.
Интрузиялық магматизм неғмесе тереңдiк магматизмде магманың
қозғалысы граниттi немесе шөгiндi қабат iшiнде тоқтайды. Магмалық
балқыманың жер қыртысы таужыныстарының қатқабатына ену процесiн
интрузия (латынша интрузио – итермелеу, енгiзу) деп атайды. Магманың
қатуынан пайда болған магмалық дененi де интрузия немесе интрузив дейдi.
Магманың кристалдануы нәтижесiнде интрузиялық магмалық таужыныстар
жаралады. Олар өзiндiк химиялық және минералдық құрамымен, құрылымымен
және бiтiмiмен, денелерінің пiшiнiмен сипатталады.
Қатаю тереңдiгi, құрылымы мен бiтiмiИнтрузиялық таужыныстар жер
қыртысының әр түрлi тереңдiктерiнде жоғары қысым мен баяу суыну жағдайында
қалыптасады. Магма қатқан ортаның тереңдiгiне байланысты тереңдiк (абиссал)
және жартылай тереңдiк (гипабиссал) таужыныстар бөлiнедi. Осылай әр түрлi
тереңдiктегі жаралу жағдайлары интрузиялық таужыныстардың құрылымы мен
бiтiмiнде көрiнiс табады.
Баяу суыну жағдайында таужыныстарда жалпы алғанда толық кристалды
құрылым қалыптасады. Бұл құрылым нақты жағдайларға байланысты минералдар
түйiрiнiң кристалдылық дәрежесiнiң әркелкілiлiгiмен, өлшемдерiмен және
пiшiндерiмен сипатталады.
Интрузиялық таужыныстардың бiтiмi жалпы алғанда аз өзгерiстерге түседi.
Таужыныстар жоғары қысым жағдайында қалыптасқандықтан, әдетте тығыз
болады. Олардың арасында негiзiнен бiркелкi (шомбал)шлирлi (таңдақ немесе
такситтi) және жолақ бiтiмi түрлестерi кездеседi. Ең көп тарағаны – тығыз
шомбал бiтiм.
Интрузиялық денелердiң пiшiнi мен өлшемi әр түрлi болады. Олардың ең
iрiсi – батолит. Бұл денелердің ауданы жүздеген км
2
, пландағы пiшiнi ұзыншақ,
сопақ болып келедi. Батолиттер әдетте таулы-қатпарлы құрылыстардың орталық
бөлiгiнде орналасып, гранит құрамды таужыныстардан тұрады. Олардың тiк
бағыттағы өлшемi (қалыңдығы) көбiнесе 5–10 км-ден аспайды.
Шток – бұрыс пiшiндi интрузиялық денелер, қимадағы ауданы 100 км
2
-ге
дейін. Олар көбiнесе iрi батолиттердiң тарамдары болады, ал кейде жербетi маңы
денелерiн жасайды.
Дайка – жалпақ тақта тәрiздi денелер. Олар жер қыртысындағы тiк және
еңiс орналасқан жарықшақтарды магма толтырғанда пайда болады. Дайкалар
құрамы әр түрлi таужыныстардан тұрып, топтана орналасады. Өлшемдерi
бойынша дайкалар әр қилы. Олардың көпшiлiгiнiң ұзындығы жүздеген метр
(кейде бiрнеше км), ал қалыңдығы бiрнеше м-ге жетеді.


30


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет