«геоморфология және геология негіздері»


Жанартау атқылауының типтерi



Pdf көрінісі
бет18/55
Дата21.12.2022
өлшемі0.54 Mb.
#467692
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   55
«геоморфология ж не геология негіздері»

Жанартау атқылауының типтерi. Атқылаудың сипаты әр түрлi, ол
лаваның температурасы мен химиялық құрамына байланысты. Осы қасиеттер
атқылау өнiмдерiнiң саны мен сапасын, олармен бiрге туындайтын жерсiлкiнудiң
болуы мен күшiн және т.б. анықтайды. Осындай белгiлерi бойынша атқылаудың
анық бiлiнген бес типi бөлiнедi: Гавайи, Стромболи, Энта-Везувий, Пеле және
Кракатау.
Жанартаулардың географиялық таралуы. Әрекет етушi жанартауларды
зерттеу, олар Жер шарының тектоникалық белсендi бөлiкшелерiне – қазiргi
таужаралу мен тереңдiк жарылымдар дамыған алқаптарда орналасқандығын
көрсетедi. Қазiргi жанартаулардың көпшiлiгi (60%-ке жуығы) Тынық мұхит
жағалауларындағы Тынық мұхит “отты” шеңберi атты белдемде орналасқанын
көреміз. Жанартаулар әрекетi қарқынды дамыған келесi алқап – Жерорта теңiзi–
Гималай белдеуi. Ол ендiк бағытта созылған. Жанартаулардың дамуы бiршама
төмен бiлiнетiн алқап – субмеридиан бағыты бойынша созылған Атлант белдемi.
Ол Исландиядан бастап, Азор және Канар аралдары арқылы Жасыл мүйiс
(Зеленый Мыс) аралдарына дейiн созылады. Жанартаулардың шағын тобы


32
Шығыс Африка жарылымдары белдемiнде орналасқан. Бұл белдемде Кения мен
Килиманджаро жанартаулары орналасқан.
Магматизмнiң негiзгi нәтижесi – магмалық таужыныстар мен оларға
байланысты пайдалы қазбалар. Магмалық таужыныстар жер қыртысында ең көп
таралған, олар қыртыс көлемiнiң 60 %-тен астамын, ал массаның 95 %-ке жуығын
қамтиды.
Магмалық таужыныстардың жiктемесi екi негiзгi принципке – генетикалық
(жаралу) жағдайларына және химиялық құрамына негiзделген.
Магматизммен байланысты пайдалы қазбалар
Магматизм процесi, әсiресе интрузиялық процестер пайдалы қазба
кенорындарының жаралуы тұрғысынан қарағанда айрықша өнiмдi. Магма
әрекетiне байланысты қалыптасқан кенорындардың барлығы магматогендiк деп
аталады. Кенорындар магмалық балқыма эволюциясының барлық сатыларында
дерлiк пайда болуы мүмкiн.
Магма балқымасының өзi кристалдана бастаған сатысында өзiндiк
магмалық кенорындар жаралады. Ұшпа компоненттерге бай қалдық магма
балқымасы кристалданатын сатыда мынадай маңызды пайдалы қазбалар – слюда
(мусковит), асыл тастар, қалайы, вольфрам, молибден, литий, бериллий, уран,
торий, тантал, ниобий және т.б. пегматиттiк кенорындар жаралады.
Көптеген металл пайдалы қазбалардың iрi кенорындарының қалыптасуы
гидротермалық ерiтiндiлер әрекетiне байланысты. Оларға мыс, алтын, күмiс,
қорғасын, мырыш, сынап, сүрме, молибден, вольфрам, уран, және т.б.
кенорындар жатады. Көптеген гидротермалық кенорындар желiлiк пiшiндi болып
келедi.
Интрузиялардың жапсар маңы белдемдерiнде дамитын процестер
нәтижесiнде темiр, мыс, қорғасын-мырыш пен вольфрам-молибден рудасының
кенорындары жаралады.
Сонымен қатар, магмалық таужыныстардың өзi құрылыс материалы ретiнде
кең пайдаланатынын айта кету керек. Бұл таужыныстардан жоғары сапалы
шойтастар мен қырланған тастар, қаптама тастар даярланып, цемент пен тас құю
өнеркәсiбiнiң шикiзаты алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет