47
есептеледі.
Аңғар беткейі - өзен аңғарының екі
жағалауын оқшаулап шектейтін, еңістігі
өзен арнасына бағытталған көлбеу жазықтық. Оның беті жыра, сай және басқа да
жуып-шаю әрекеттерінен пайда болған элементтерден тұрады.
Өзен меандрлары, меандр түрлері. Өзеннің ырғақты түрде ирелеңденуі
меандрлар деп аталады.
Жалпы меандрдың екі түрін ажыратуға болады: 1) аңғарлық меандрлар
(врезанные меандры) - олар бүкіл аңғардың иілістерін (бұрылыстарын)
бұлжытпай
қайталайды; 2) еркін арналық меандрлар (блуждающие меандры) -
жалпақ, тегіс аңғардың түбінде пайда болады.
Меандрлардың осы екі түрі өзеннің еркін иректену категориясына жатады,
бұл су ағыны мен шайылуға ұшыраған таужыныстардың
өзара әрекеттестігімен
ғана белгіленеді. Аңғардың созылыңқы иіндері аңғар жағасындағы түпкі
таужыныстардың әсеріне байланысты. Мұндай тұрақты таужыныстар өзен өзінің
оптималды режиміне сай меандрлар түзуіне мүмкіндік бермейді. Еркін
(блуждающие) меандрлар өзеннің иректелу көлеміне әсер ететін төзімді
таужыныстарды (кұм, құмаит, саз, малтатастар) жырып өтеді. Негізінде, бұл
құбылыстардың физикалық мәні әр аңғарда бірдей.
Достарыңызбен бөлісу: