«геоморфология және геология негіздері»


Өзен аңғарларының морфологиялық және генетикалық түрлері



Pdf көрінісі
бет33/55
Дата21.12.2022
өлшемі0.54 Mb.
#467692
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   55
«геоморфология ж не геология негіздері»

Өзен аңғарларының морфологиялық және генетикалық түрлері. Өзен
аңғарларының морфологиясы олардың жергілікті физикалық-географиялық
жағдайларына, геологиялық құрылысына және даму тарихына байланысты.
Таулы өлкенің жоғары өрлеуіне байланысты қарқынды түрде эрозиялық тілімдеу
нәтижесінде саңылау, шатқал және каньон тәрізді терең аңғарлар пайда болады.
Саңылау (теснина, щель) - екі жағы тік құламалы, тар аңғар. Тау шатқалы
(ущелье) - көлденең қимасы v- әрпі тәрізді терең аңғар. Көп жағдайда, шатқал
тектоникалық жарылымдар бойында қалыптасады, кейіннен ағын сумен одан әрі
кеңейіп, тереңдей түседі.
Каньон - жағаларының беріктігі - әр түрлі, оның үстіне жазық бағытта
қабатталған таужыныстарды су тіліп өткен жағдайда кертпештеніп қалыптасқан
саты тәрізді аңғар эрозияға төзімді таужыныстар тегістеліп каньонның жағасында
террасаға ұқсас жазық алаңшалар құрады.
Жоғарыда айтылған үш түрлі аңғарлардың (саңылау, шатқал, каньон) түбін
түгелімен немесе түгелге дерлік су басып жатады.
Геологиялық құрылымына және тектоникалық элементтерінің байланыс
сипатына қарай аңғарлар синклиндық, антиклиндық, моноклиндық,
грабендік (опырықты), антецеденттік және тектоникалық жарылым бойы сәйкес
келген аңғарларға бөлінеді.
Аңғарлар өзінің өтетін аймақтарының сипатына қарай таулы және жазықты
деген аңғарларға бөлінеді. Таулы аңғарлар әдетте терең, тар және жағалары тік
болады, ал бойлық кесіндісі өте еңіс немесе құлдилау болып келеді. Жазықты
аңғарлар керісінше, кең, жағалары жайпақ, көлбеу немесе сатылы болады.
Аңғарлардың халық шаруашылығындағы маңызы өте зор. Қазақстанның
Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Сырдария сияқты жазықтағы өзендерінің
жайылмалары 
шұрайлы 
шабындық 
үшін, ал 
террасалар 
әр 
түрлі
ауылшаруашылық дақылдарын егу үшін кең пайдаланылады. Елді мекендер


48
көбіне өзен аңғарларына қоныстанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет