45
бөлінеді. Су-эрозиялық
және
су-аккумуляциялық
процестер
және
қалыптастыратын бедер пішіндері
мен шөгінділер жалпылама флювийлік (лат.
fluvium-өзен) деп аталады.
Ағын су әрекеті байтақ аймақтарды қамтып, үлкен жұмыстар атқарады.
Мәселен, бұрынғы КСРО аумағында өзендер бір жылда 800 млн. Тоннаға жуық
минералдық заттар тасымалдаған. Сонымен бірге флювийлік процестермен
көптеген маңызды кенорындар – алтын, платина, сирек
элементтер, құрылыс
материалдары байланысты.
Ағын сулар жер беті пішіндерінің қалыптасуында маңызды рөл атқарады.
Олардың әрекетінен пайда болған бедер пішіндері алуан түрлі. Сол себептен суды
жер бетінің мүсіншісі дейді. Ағын сулардың әрекеті алдымен сумен шайылуынан,
шайылған заттардың судың ағынымен төмен тасымалдануынан, соңында оларды
шоғырлап жинауынан құралады. Сонымен, ағынды сулар әрекетімен
атқарылатын геоморфологиялық процестердің жиынтығын флювийлік процестер
деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: