«геоморфология және геология негіздері»


-ші лекция. Гляциалық процестер және бедер пішіндері. Құмды-



Pdf көрінісі
бет37/55
Дата21.12.2022
өлшемі0.54 Mb.
#467692
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   55
«геоморфология ж не геология негіздері»

11-ші лекция. Гляциалық процестер және бедер пішіндері. Құмды-
корразиялы процестер.
Мұздықтардың жаралуы және типi . Мұздықтар Жерде айтарлықтай
орын алады. Олар құрлық бетiнiң 16 млн км
3
бөлiгiн (11%), ал полюс
алқаптарында мұздық жамылғы теңiздiң саяз сулы (шельф-қайраң) алқабына да
таралады. Мұздықтардағы мұздың жалпы көлемi 30 млн км
3
шамасында деп
бағаланады (қырының ұзындығы 300 км кубтың көлемiне тең).
Мұздықтардың геологиялық әрекетi, басқа да экзогендiк факторлар
сияқты, таужыныстарды қирату, сынықтарды тасымалдау және оларды қайта түзу
жұмыстарын қамтиды. Мұздықтардың құрылысын, дамуын және әрекетiн
зерттеумен гляциология ғылымы айналысады.
Мұздық жаралу үшiн орташа жылдық температура нөлден төмен, жауын-
шашынның мөлшерi көп (көбiнесе қар түрiнде), күн мен жел тимейтiн жайпақ
беткейлер мен ойпаңдар болу қажет. Жыл бойы тұрақты қар жамылғысы
сақталатын жағдайлар, климаты салқын өңiрлерде және әртүрлi климат белдемдi
биiк таулы алқаптарда ғана болады. Мұздық жаралатын биiктiктер жер шарының
әр ауданында әртүрлi және бұл жағдайлар аудандардың ендiктерiне байланысты.
Жаз кезiнде қар толық ерiп үлгермейтiн деңгейдi қар сызығы деп атайды. Қар
сызығының гиспометриялық жағдайы климаттық жағдайларға байланысты.
Полюс аудандарында қар сызығы теңiз деңгейiне жақын (0-ден 50-70 м-ге дейiн);
Норвегия мен Аляскада – 1,5 км; Гималай мен Тибетте – 5,0–6,0 км биiктiктерде
орналасады. Қар сызығының биiктiгi бiр аудан ауқымында да өзгере бередi.
Мысалы, Жоңғар Алатауының солтүстiк беткейлерiнде ол 3 км биiктiкте болса,
ал оңтүстiгiнде – 3,5км биiктiкке дейiн көтерiледi.
Осы жағдай қардың әркелкi жиналуы мен глетчер мұздың жаралу
масштабын анықтайды. Бұл мұздың негiзгi бөлiгi (99,5%) полюс алқабында болса,
тек 0,5 % бөлiгi ғана биiк тау мұздықтарымен байланысты.
Бедердiң ойпаңдарында немесе тау шыңдарына жиналған қар жазда ерiп
үлгермесе, оның массасы жыл өткен сайын арта бередi, тығыздалып және
температураның тәулiктiк ауытқуы нәтижесiнде түйiрлi массаға айналады.
Осындай тығыздалған түйiрлi қар фирн деп аталады, ал оның жиналған алқабы
фирн алаңын құрайды. Фирннiң бетiне қар түскен сайын, ол үстiндегi массаның
салмағынан тығыздала бередi, уақыт келе глетчер мұзға айналады. Егер жаңа
жауған қардың 1м
3
массасы 85 кг болса, ал 1 м
3
фирннiң массасы 600 кг, 1м
3
глетчер мұзы жаралу үшiн 11 м
3
қар қажет. Глетчер мұзының орташа тығыздығы
0,909 г/см
3
, яғни өзен мұзынан (0,917 г/см
3
) төмен.
Мұздықтардың мынадай аудандары бөлiнедi: қоректену алқабы – мұнда
қар жиналып, фирнге, ал фирн – глетчерге айналады; ағу алқабы – глетчер мұзы
жылжып, ағады. Қоректену мен ағу алқаптарының ара қатынасына, өлшемдерi
мен пiшiндерiне байланысты мұздықтар үш типке бөлiнедi: тау (немесе альпiлiк
тип), жамылғы (немесе құрлықтық тип) және аралық.


52
Тау (альпiлiк тип) мұздықтары деп биiк таулы аудандардың әртүрлi
депрессияларына: ойпаңдар, өзен аңғарлары, шатқалдар және т.б. орналасқан
қалыңдығы шамалы мұздықтарды айтады. Бұл типтi мұздықтар Альпi, Гималай,
Тянь-Шань, Памир, Кавказ тауларында дамыған. Тау мұздықтарының қоректелу
алқабы айқын бiлiнедi, цирк пiшiндi болады және қар сызығынан жоғары
орналасады. Бұл алқап көбiнесе биiк қырқалар мен шыңдар амфитеатрымен
қоршалған. Мұз тау аңғарлары бойынша қия беткейлерден ағып, бiр немесе
бiрнеше мұз ағындары – тiлдер жасайды.
Тау мұздықтары арасында бiрнеше түрлестерi бөлiнедi: аңғарлық –осы
типтi мұздықтарға тәні, олардың өте үлкендiгі; каррлық – таулардың қар сызығы
деңгейiндегi шұңқырларында жаралады, оларда ағын болмайды; аспалы –
олардың мұздық табандарын қия кертпештер бұзып, оларда қалған мұз ағыны
мезгiл-мезгiл көшкiн түрiнде төменге жұлып түсiп жатады. Памир мен Тянь-
Шаньда мұздықтардың жалпы ауданы 20 мың км
2
-ден асады, ал Гималайда – 60
мың км
2
шамасында.
Жамылғы мұздықтар полюс аудандарында жаралып, теңiз деңгейiне
жақын биiктiкте орналасады. Олар көбiнесе үлкен аудандарды қамтып, мұздық
жабындарының өте қалың болуымен сипатталады. Қазiргi жамылғы мұздықтар
Гренландия мен Антарктидада орналасқан. Антарктидада мұз қарқынды
жиналады – жауын мөлшерi 150 мм/жыл шамасында болғанда жыл сайын мұнда
қалыңдығы 24 мм мұз қабаты қалыптасады. Бұл мұздық таулары – айсбергтер
бөлiнiп кетуiне байланысты мұз массасының азаюынан әлдеқайда көп.
Аралық типтi мұздықтарға жайпақ таулар мұздықтары жатады, олар
төбесi жазық (стол тәрiздi) немесе жазық-дөңес тауларда жаралады. Мұндай
мұздықтар Скандинавия түбегiнде дамыған, оларды кейде скандинавиялық типтi
деп те атайды. Бұл мұздықтарға алдыңғы екi тип мұздықтары қасиеттерiнiң
аралас болуы тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет