53
тәрiздi пiшiндер жасайды. Нәтижесiнде мұздықтың бетi оның жекелеген
бөлiкшелерiнiң әркелкi қызып, еруiне байланысты күрделi бедерге ие болады.
Бедердің таулық-мұздықтар пішіндері. Таулы өлкелердегі мұздық түрлері
орографиялық орналасу және қоректену жағдайларына
байланысты сан алуан
түрлі.
Тауда мұздықтардың пайда болуы қар жұрнағынан немесе фирн дақтары
қалыптасу кезеңінен сатылап басталады. Қар шекарасына сәл жоғары тау
басындағы беткейлердің ойпауытты жерлерде қыстай жиналған қар жазда еріп
үлгермейді. Келесі жылы мұнда тағы да жаңа қар түседі. Сөйтіп қар біртіндеп
фирнге, кейін мұзға айналады. Мұздың тұрақты
жиналған қоры астында жатқан
таужыныстарының аяздық үгілуіне қолайлы жағдай туғызса, ал қар сулары
үгілген заттардың төмен қарай сырғып шығуына қамтамасыз етеді. Мұнда
температура ауытқып, судың қату және еру процесі кезек-кезек ауысуы
нәтижесінде онымен беттескен түпкі таужыныстарының бұзылуын
нивация дейді.
Соның нәтижесінде жиналған қардың астыңғы жағы төмендеп бірте-бірте тау
беткейінде орындық (кресло) тәріздес артқы қабырғасы
құламалы немесе тік
келген, түбі жайпақ ойыңқы пайда болады. Мұндай бедер пішінін
кар деп атайды.
Енді мұздың өз дамуының жаңа сатысына (кезеңіне) кар пішіндес мұздыққа
(каровый ледник) көшеді.
Бедердің кар пішіні аяздан бірте-бірте үгілуі әрекетінен қабырғалардың
шегінуі есебінен, гравитациялық құбылыстар мен мұздықтың түйірлі материалы
төмен сырғыту есебінен ұлғаяды. Көлемдері ұлғая
келе көршілес жатқан карлар
бір-бірімен қосылып, беткейлер бойында ірі және күрделі келген ерекше бедер
пішінін -
мұздық циркін құрайды.
Мұздықтардың келесі даму сатысы аңғарлық мұздықтардың қалыптасуы.
Мұздықтардың бұзушылық әрекеті "
экзарация" (латынша "exaratio" - жырту) деп
аталады. Экзарация әрекетінің нәтижесінде шатқал немесе аңғар бойымен төмен
жылжыған мұздық олардың көлденең қимасын кеңейтіп астау тәріздес аңғарға
айналдырады. Мұндай мұздық аңғарды
трог (нем. trog - астау) деп атайды. Трог
аңғарларының бойлық кескіні бір келкі емес, ойлы-қырлы, кедір-бұдыр болады.
Трог түбінде көлденең түрған түпкі кертпеш шығыңқыларды
ригель (нем. rigel -
бөгет) деп атайды.
Мұздық
бедердің ерекше пішіндері, олар: оз, кама, друмлина, зандрлар.
Оз дегеніміз - мұз шегіндегі тасқындардың атыраулық ысырындылары, ал бұл
мұздықтың жиегі кері шегінген сайын ұдайы жалғасып өсе берген. Оздар мұз
денудациясы басым болған аймақтарда тараған. Оздар бүгінде құрылыс
материалдарының көзі ретінде және жол салуға пайдаланылады.
Кама (нем. кama-қырқа) деп биіктігі 2-5 метрден 30 метрге дейін жететін,
кейде одан да асатын, қабат-қабат флювиогляциалдық шөгінділерден тұратын
төбелерді атайды. Олар мұз аккумуляциясы басым болған аймақтарда тараған.
Бұл төбелердің көрінісі конус тәрізді жұмыр күмбезге ұқсайды. Төбешіктердің
беткейлері әдетте 15°-қа дейін кейде одан да тіктеу болады. Қалыптасу тегі
жағынан камалар оздарға жақын деп есептеледі, бірақ олар мұздық ішіндегі және
астындағы тасқындардың кеңейген орнында пайда болған.
Друмлина деп (ирланд. dramlin-төбе) бір жүз метрден 2-3 км-ге дейін
54
ассиметриялы жал тәрізді созылған дөңдерді атайды: олардың ені 100-200
метрден 2-3 км-ге дейін, биіктігі 5 метрден 45 метрге дейін жетеді.
Друмлиндердің ұзын осі мұздықтың жылжу бағытына қарай орналасады.
Олардың мұздық қозғалатын жаққа қараған беткейлері де
қарсы беткейлері де
құламалы бола беруі мүмкін. Друмлиндер мореналық материалдан тұрады.
Зандрлар (датша zandr - құм) негізгі моренаның сырт жағындағы құм,
қиыршық тас, малтатас үйіндісінен қалыптасқан кең аумақты жазықтар. Мұздық
кең ойпаң алаптарға жеткен кезде еріген су емін-еркін жайылып көптеген
арналарға бөлініп кетеді. Сонда сумен ағып келген үгінділердің барлығы шөге
бастайды. Алдымен соңғы моренаның жиегінде ірі кесектер - малта, қиыршық
тастар, әрі
қарай құмдар шөгеді, одан әрі судың ағыны әбден басылғанда, ұсақ
құмдар, құмайт, лай шөгеді. Сөйтіп, негізінде құмнан қалыптасқан зандр
жазықтар пайда болады.
Мұздық
шөгінділерде
құрылыстық
материалдармен
қатар, кейбір
шашылымдардың түрлерін кездестіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: