«геоморфология және геология негіздері»


Мәңгі тоң таралған аймақтарда бедердің құрылу процестері. Мәңгі



Pdf көрінісі
бет39/55
Дата21.12.2022
өлшемі0.54 Mb.
#467692
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   55
«геоморфология ж не геология негіздері»

Мәңгі тоң таралған аймақтарда бедердің құрылу процестері. Мәңгі
тоңның таралуы және құрылысы. Қыстық температурасы төмен елдерде жер
бетінің топырағы мұзданып қатып қалады. Бұл құбылыс мерзімдік немесе
маусымдық тоң деп аталады. Алайда, жердің кең аумағын (құрлықтың 25%) мәңгі
тоң басып жатыр. Таужыныстарының температура мөлшері ұзақ уақыт теріс
күйде болуын мәңгі тоң дейді. Мәңгі тоң ғасырлар бойына тіпті мыңдаған
жылдар бойына сақталуы мүмкін. Жоғары ендіктерде мәңгі тоң дамыған
аймақтарда тоңазыған грунт қазіргі климаттық жағдайларда ешқашан да ерімейді.
Мәңгі тоңның едәуір аумағы Канада да және Ресейде кездеседі.
Мәңгі тоң бүкіл табиғат құрамбөліктерінің сипатына ықпал жасайды. Мәңгі
тоң таралған аймақтарда ерекше бедер пішіндері түзіледі. Мұнда топырақ құрылу
процесі баяу жүреді, ағаш өсімдігі тамырын тереңге жая алмайтындықтан орман
сирек өседі. Мәңгі тоңның әсерін үй құрылысында, жол салуда, пайдалы
қазбалар, әсіресе мұнай мен газ өндіруде, бұрғылау жұмыстарын жүргізуге, егін
егуде есепке алу тиіс.
Тоңдық деформациялар және бедердің тондық пішіндері. Тоңның
грунттарында ең көп тараған деформациялардың түрі топырақтың ұлғаюы, немесе
бұдырлануы, бөртуі (пучение). Мұндай судың сұйық түрінен қатты түріне
айналуына, топырақтың суға қанығып, көлемінің ұлғаюына байланысты пайда
болады. Осындай жолмен пайда болған ықшамды келген жеке-дара пішіндерді
бұдырлану төбешіктері (бугры пучения) деп атайды.
Көп жылдық тоң аймағының жерасты сулары тоң үстіндегі, тоң арасындағы
және тоң астындағы суларға бөлінеді. Егер тоң арасындағы немесе тоң астындағы
сулары бір жерге жиналса, онда мұз өзегі бар жер бетінде ірі төбешіктер
қалыптасады, мұндай төбешіктерді гидролаколиттер деп атайды.
Егер жерасты тоңаралық немесе тоңасты сулар тікелей жер бетіне шықса,
онда олар қызылсу (наледи) дейтін ерекше мұзды пішіндерді құрайды. Осындай
пішіндер өзен сулары аңғарының түбіне дейін қатқан мұздың бетінде де пайда
болады. Мұндай түрлерін тарындар деп атайды. Қызылсудың ірі пішіндері жаз
кезінде де сақталады. Олардың геоморфологиялық маңызы осы пішіндер тараған


55
аймақтарда аяздық үгілу мен солифлюкция процесі қарқынды түрде жүреді.
Мәңгі тоң тараған аймақтарда құрылымдық топырақтар (структурные
грунты) деп аталатын ерекше микро және мезобедер пішіндері кең тараған.
Мұндай пішіндер әртүрлі суға қаныққан топырақ массасының іріктелу
(сортировка) нәтижесінде және олардың қатуы немесе еруі бірнеше мәрте
болғаннан кейін қалыптасады. Олардың ішінде: тасты көпбұрыштар (каменные
многоугольники), тасты сақиналар (каменные кольца), тас жолақтар (каменные
полосы) кездеседі.
Мәңгі тоң топырақтар дамыған аймақтардың өзендері де өзінше
ерекшеліктерімен сипатталады. Өзен суының мол болуы бір жағынан тоң
топырақтардың еруі, екіншіден, судың фильтрациясы мүлдем болмауына
байланысты. Мұндай суы мол өзендердің ағыны да өте жылдам болып, бүйірлік
эрозия арқылы аңғарларды қарқынды түрде кеңейтеді. Бұған судың жылулық
қасиеті жағадағы тоң топыраққа әрекет жасап, аңғардың одан әрі кеңеюіне
қолайлы жағдай жасайды.
Сөйтіп, мәңгі тоң тараған аймақтар өзіне тән айырмашылығымен және әр
түрлі микро-мезобедер пішіндермен ерекшеленеді..
Солифлюкция – грунтты сулармен қаныққан беткейлерден сырғуы. Көп
жылдық тоңбасу аудандарында бұл процесс кең таралған, мұз басқан су
өткізбейтін грунттардың жазға мезгілде еріген массасаға айналады.
Негізгі әдебиет: 1 [80-84; 84-86 ], 2 [182-195], 4 [88-93; 156-179],
Бақылау сұрақтары:
1. Мұздықтардың жаралу жағдайлары.
2. Қазіргі заманғы мұздықтар.
3. Эрозиялы мұздықты бедер пішіндері
4. Мореналарға сипаттама
5. Мұздықтардың бедер пішіндерінің түзілімі: оз, зандр .
6. Мәңгі тоң басу бедер пішіндері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет