Карст жаралу – ұзақ процесс. Ол бірнеше геологиялық кезеңдерге созылып,
жасы әртүрлі таужыныстарды қамтиды. Жасына қарай көне карст және жас карст түрлері бөлінеді. Кенді карст – Қаратаудағы (Оңтүстік Қазақстан) Қарасай
үңгірі
Суффозия – жер асты суларына байланысты процесс, жер асты сулары
айналысы кезінде таужыныстардың өте ұсақ бөлшектерін шайып шығаруынан
пайда болады. Суффозия сазду таужыныстарда (саз, саздақ, лесс) кең таралады.
Бұл процесс қуаң климатты алқаптарға тән (Қазақстан, Орта Азия, Закавказье
т.б.). Жалған карстық (псевдокарст) процестер мен бедер. Кәдімгі карстпен
қатар кейбір жерлерде сырт бейнесі карстқа ұқсас пішіндері кездеседі. Бұлар
сазды карст (глинистый карст) және термокарст.
Сазды карст аридтік және жартылай аридтық климат жағдайларында жоғары
карбонатты саздардан, саздақтардан және лесстардан құрылған аймақтарда
байқалады. Таужыныстарының едәуір жарықшақтылығы мен кеуектілігі және
карбонатты қасиеттері бұл құрылымдардың кәдімгі карстық процеске ұқсастығы
бар екендігін байқатады. Мұнда жарықшақтар бойымен шайылып шыққан
ерітінді материал саздық және құмайттық (алевритты) бөлшектердің
механикалық шайылуымен қабаттаса өтеді. Мұндай процесті суффозия дейді.
Осы процестердің салдарынан жер бетінде әр-түрлі қуыс микропішіндер пайда
болады. Карбонатты немесе тұзды саздар мен саздақтар арасында дамыған
суффозия әрекеті "көлдеулер" (степные блюдца) деген табақша тәрізді
шұңқырлардың құрылуына әкеп соғады. Жоғары карбонатты саздақтар мен
саздарда жарықшақтар кең тараған жағдайларда кәдімгі карстқа ұқсайтын
жерасты үңгірлері кездеседі. Мұндай табиғи құбылыстарды саздық карст деп
атайды. Термокарстың табиғи жаратылуы басқаша. Мұнда әр түрлі опырылып,
ойылған пішіңдер кездеседі. Олар мәңгі тоңдар тараған аймақтарда көмілген
мұздардың және тоңды таужыныстардың еруімен байланысты қалыптасады. Бұл
көбінесе мәңгі тоң қабаттарындағы мұздың еруінен жер бетінің опырылып,
немесе біртіндеп шөгіп, ойылу құбылысы және жалпы климаттың жылынуына
сәйкес ауаның орташа жылдық температурасының көтерілуіне, орманның
оталуына немесе өртенуіне тағы басқа себептерге байланысты жүреді.
Нәтижесінде батпақты ойпандар, көл қазаншұңқырлары түзіледі.
Жалған карстық құбылыстарға кейбір таужыныстарының суланған кезде
нығыздалу қасиеті де жатады. Мұндай қасиетті лессты таужыныстар мен тұзды
топырақтарға тән. Лесстың нығыздалуы көптеген микроқуыстар мен
микросаңылаулардың бұзылуынан, ал тұзды топырақтардың тығыздалуы -
тұздардың. еруі салдарынан пайда болады. Бұл табиғи құбылыстардың
морфологиялық көрінісі карстық-суффозиялық шұңқырлар мен "көлдеулердің"
қалыптасуы.
Негізгі әдебиет: 1 [67-76], 2 [114-165; 199-205], 4 [100-130; 142-149; 205-239],
Бақылау сұрақтары:
1. Карсты процестер және бедердің карсты пішіндері.
51
2. Карстың даму стадиялары.
3. Суффозиялы процестер және сазды карст.