«Геоморфология геология негіздерімен» бөлімінің дұрыс жауаптары
Сұрақ №
Жауап
коды
Сұрақ
№
Жауап
коды
Сұрақ № Жауап
коды
Сұрақ №
Жауап
коды
1
C
9
B
17
B
25
B
2
D
10
B
18
D
26
A
3
D
11
E
19
A
27
A
4
B
12
C
20
A
28
A
5
E
13
C
21
D
29
A
6
C
14
C
22
B
30
E
7
C
15
D
23
E
8
C
16
D
24
C
2.7 Өткен курс бойынша емтихан сұрақтарының тізімі
1. Геоморфология пәні, оларды құрайтын мәселелері.
2. Жер планетасы. Жердің пішіні және өлшемдері. Жердің ішкі құрылысы.
3. Геология жасы. Геохронология.
4. Таужыныстарының қасиеттері және олардың бедертүзудегі ролі.
5. Минералдардың физикалық қасиеттері.
6. Таужынысжасаушы минералдар.
7. Магматизм. Эффузиялы магматизм. Эффузиялы дене.
8. Магматизм. Интрузиялы магматизм. Интрузиялы дене.
9. Вулканизм. Жанартау типтері. Жанартау өнімдері.
10.Жанартаулы бедер пішіні.
11.Магмалық таужыныстары.
12.Метаморфизм. Метаморфизм типтері.
13.Метаморфты таужыныстары.
14.Бедер түзіліміндегі тектоникалық қозғалыс ролі.
15. Бедер пішіндері мен пішін элементтері
16.Бедер морфографиясы мен морфометриясы
17.Бедер генезисі
18.Бедер жасы
80
19.Бедер түзуші факторлар
20. Геоморфологиялық зерттеу әдістері мен карталау
21.Геоморфологиялық зерттеу құрылысы
22.Геоморфологиялық әдістердің қысқаша сипаты.
23.Геоморфологиялық әдістердің жер бетінің геологиялық тарихын зерттеудегі
маңызы.
24.Геоморфологиялық графика.
25.Бедер дамуы мен континенттік түзілімдер қалыптасуының негізгі
заңдылықтары
26.Бедер жасаушы процестер.
27.Бедер жаралудағы геологиялық және географиялық факторлар.
28.Бедер пішіндері және олардың генетикалық жіктемесі
29.Континенттік түзілімдердің генетикалық типтері
30. Эндогендік процестермен байланысты бедер пішіндері.
31.Планеталық бедер пішіндері
32.Тектоникалық бедер пішіндері
33.Неотектоникалық қозғалыстардың рөлі.
34.Жерсілкінулер түзген бедер пішіндері
35.Экзогендік бедер пішіндері.
36.Тербелмелі, қатпарлы және жарылымдардың тектоникалық қозғалысы.
37.Жерсілкіну.
38.Шөгінді таужыныстары. Сынықты таужыныстары.
39.Шөгінді таужыныстары. Хемогенді және органогенді. Каустобиолиттер
класы.
40.Геологиялық кескіндер.
41.Морфоқұрылым және морфомүсін туралы түсінік.
42.Бедер. Бедердің жіктелуі – элементтері, пішіні, типтері, бедер класы.
43.Бедер және климат.
44.Мору бедер түзіліміндегі басты фактор.
45.Мору процестері. Мору қыртысы.
46.Беткейлік процестер және шөгінділер.
47.Опырылым, сусыма, сырғыма.
48.Флювийлік процестер. Сай эрозиясы. Сел.
49.Тұрақты әрекеттегі флювийлік процестер.
50.Өзен аңғарларының құрылысы.
51.Өзен аңғарларының морфологиялық типтері.
52.Өзен аңғарларының генетикалық типтері.
53.Эрозия және аккумуляция – өзен аңғарлары түзілудегі негізгі процестер.
54.Жазықтағы және таудағы өзен аңғарлары құрылысының сипаттамасы.
55.Шығару конусы.
56.Уақытша ағындардың аңғарлары.
57.Нивалық зонасының процестері.
58.Гляциалық процестер және бедер пішіні.
59.Флювиогляциалық процестер және бедер пішіні.
60.Карст процестері және бедер пішіні.
81
61.Псевдокарсты процестер және бедер пішіні.
62.Мұздықтардың типтері және олардың географиялық жағдайы.
63.Мұздықты шөгінділер.
64.Құрлықты мұзбасу облыстарының бедер пішіні.
65.Таулардың мұздықты бедер пішіні .
66.Перигляциалық процестер және бедер пішіні.
67.«Мәңгі тоңбасу» бедер пішіні.
68.Таулардың тоңбасу бедер пішіні.
69.Эолдық процестер және бедер пішіні.
70.Құмды шөл бедері.
71.Шөлді шаруашылықта игеру.
72.Жағалық процестер және бедер пішіні.
73.Теңіз жағаларының бедер пішіні.
74.Жаға типтері.
75.Көлдер және олардың дамуы.
76.Антропогенді процестер және бедер пішіні.
77.Антропоген геологиясы.
78. Қазақстан аумағындағы табиғи жағдайлар.
79.Антропоген кезеңінің жіктелуі.
80.Антропоген бедер пішіндері мен түзілімдер
ГЛОССАРИЙ
Абразия [лат. abrasio – қыру, жону] – жаға таужыныстарының толқын немесе
ағын күштері әсерінен қирау процесі. Әсірісе теңіз (мұхит) жағалаулары соқпа
толқындар әсерінен абразияға мейлінше қарқынды ұшырайды.
Аккумуляция [лат.accmulatio – жинаймын] – өзен аңғарларында жиналатын
шөгінді материал. Жақсы жұмырлану тән, құрамы малтас, гравий, құм, құмайт.
Аллювий [лат.alluvio – шайынды, салынды] – ағын сумен шайыла отырып,
өзен аңғарында түзілетін шөгінді таужыныстар жиынтығы. Аллювий малтатас,
гравий, құм, құмайттан тұрады.
Антиклин [гр.anti – қарсы + klino – майысу] – доға тәрізді дөңестене иілген
қатпар, ядросындағы таужыныстар көнелеу, қанаттары қарма-қарсы бағытта
еңістенеді.
Астеносфера [гр. жұмсарған] немесе толқынтұтқыш қабат – Жер
мантиясының жағарғы бөлігіндегі қаттылығы мен беріктігі төмен және тұтқыр
қабат. Мұхиттар астында 50 км, ал континенттерде 100 км шамасындағы
тереңдікте орналасады. Төменгі шекарасы 250-300 км тереңдікке дейін таралады.
Осы қабатта жерсілкіну ошақтары туындап, литосфера массалары жылыстайды да
тектоникалық процестерге себепші болады.
Афтершок – жерсілкінудің бастапқы күшті дүмпуінен кейінгі ұсақ дүмпулер.
Батолит [гр. bathos – терең + lithos – тас] – өте ірі, ауданы 100 км
2
-ден асатын
көбінесе гранитод құрамды магмалық дене.
Бедер - эндогендік және экзогендік процестердің өзара қарым-қатынас
әрекетінен қалыптасқан құрлық беті және мұхит түбі пішіндерінің жиынтығы.
82
Бедер - жер беті пішіндерінің жиынтығы.
Бедер элементтері - жер бетінің жай категориясы, мысалы, жеке беткейлер,
шыңдар, төбешіктің етегі және т.б. Бірнеше бедер элементтері бедер пішіндерін
құрайды.
Бедер пішіндері - биіктігі немесе терендігі, ұзындығы немесе ендігі бар жер
бетінің көлемді табиғи құрылысы.
Бедердің генетикалық типтері (генетические типы рельфа) - белгілі бір табиғат
әрекетінен қалыптасқан морфографиялық (сырт бейнесі), морфометриялық
(мөлшері) және морфогенезисі жағынан ұқсас жер беті пішіндерінің заңды түрде
үйлескен табиғат құрылыстары.
Бедленд - өте жиі тілімделген эрозиялық ландшафт (шұбар жер)
Беткей - көтеріңкі және ойпауыт бедер пішіндерін бір-бірінен оқшаулайтын
еңіс жазықтықтар.
Дислокация
-
таужыныстарының бастапқы жазық бағыттағы жату
жағдайының бұзылуы
Денудациялық жазықтар - таужыныстарының сыртқы күштердің әсерінен ұзақ
уақыт үгіліп немесе су эрозиясына ұшырап тегістелуінен пайда болады. Мұндай
жазықтықтарда кішігірім таулардың жұрнақтары (останцы) жиі кездеседі.
Денудация (лат. denudatio - ашылу) - үгіліске ұшыраған бөлшек заттардың
тасымалдануының және шөгуінің жинақтық процестері.
Горст [нем. horst – қырат] – жер қыртысының өзін қоршаған блоктармен
салыстырғанда біршама көтеріңкі орналасқан бөлікшесі, лықсымалармен немесе
қаусырмалармен шектеледі. Көбінесе түрі созылыңқы, ені оңдаған км, ал
амплитудасы мыңдаған метрмен өлшенуі мүмкін.
Грабен [нем. graben - ор] –өзін қоршаған өңірлермен салыстырғанда біршама
төмен орналасқан бөлікше, лықсымалармен немесе қаусырмалармен шектеледі.
Дайка – тақта пішінді, қалыңдығы бірнеше метрден аспайтын, ұзындығы әр
түрлі жалпақ интрузив денелер. Жер бетінде төңірегіндегі таужыныстар жылдам
қирап кететіндіктен, көтерілген қабырға түрінде байқалады.
Дефляция [лат. deflatio – үрлеу, суыру] – мору өнімдерін, топырақты желдің
суыруы.
Дюна [нем. dune] – жел суырған құмның ірі өзендердің, көл мен теңіздердің
жағасындағы ылғалға жұғып қалуынан жаралатын төбелер мен жалдар.
Жапсарлық метаморфизм – жер қыртысында балқыған магма денелері
(интрузиялар) мен сыйыстырушы салқын таужыныстардың жапсарындағы
процесс. Жапсар маңында метаморфтық таужыныстар ореолы жаралып, ол екіге –
экзожапсарлық (сыртқы тажыныстарды қамтиды) пен эндожапсарлық
(интрузияның ішкі жиегінде) метаморфизмге бөлінеді.
Жер қыртысы континенттік типті – континенттер астында орналасып,
жоғарыдан төмен қарай үш (шөгінді, гранитті және базальтты) қабаттан тұратын
жер қыртысы, қалыңдығы 80 км-ге дейін жетеді.
Жер қыртысы мұхиттық типті – мұхиттар астындағы жер қыртысы,
құрамында гранитті қабат болмайды, қалыңдығы 5-10 км-ден аспайды.
83
Карст (шаймаапан) – таужыныстарды жербеті және жерасты суының ерітуі
нәтижесінде жаралатын өлшемдері мен пішіндері әр түрлі қуыстар. Карбонат,
сульфат, тазтұз таужыныстарда белсенді дамып, әр түрлі үңгірлер қалыптасады.
Каустобиолит (грекше: “каустос” – жанғыш, “биос” – өмір және “литос” – тас)
– жанғыш қазбалар. Олар қатты (шымтезек, қазба көмір, жанғыш тақтатас), сұйық
(мұнай) және газ тәрізді (жанғыш газдар) түрлерге бөлінеді. Бірақ мұнай мен газ
тас болмағандықтан, жанғыш қазбалар деген атауды қолданған дұрыс.
Кларк [Кларк, америкалық геохимик] – жер қыртысында немесе басқа ортада
химиялық элементтердің мөлшерін көрсететін шама. Салмақ мөлшерімен,
атомдар санымен, процентпен т.б. бірліктермен өлшенеді.
Континенттік беткей – мұхиттың қайраңы мен континенттік етегі аралығында
орналасқан мұхит түбінің элементі. Беткейдің еңістігі 4–17
0
. Оның беті көлденең
каноьондармен, құрылымдық террасалармен күрделенеді.
Корразия [лат. corradere – сыдыру, қашау] – таужыныстар бетін жел әкелген
құм түйірлерінің сыдырып, жанып қиратуы.
Қайраң [англ. shelf - сөре] – континенттің теңіз суы астындағы бішама тегіс
шалғайы, тереңдігі 100–200 м шамасында, кейде 300–400 м-ге дейін. Оның
ауқымында әр түрлі пайдалы қазба – мұнай, газ, алмас, титан және басқа
шашылым кенорындары кездеседі.
Қаусырма – жылжытушысы күрт еңіс, осы жазықтық бойынша аспалы
қапталы жатқан қапталына қарағанда жоғары ығысқан жарылым.
Лава [итал. lava – төгілу] – жанартаулар әрекетінен жер бетіне көтеріліп, газ
компоненттерінен айырылған оттай ыстық сұйық немесе біршама тұтқыр магма.
Лагуна [итал. laguna – көл] – теңізден жағалау белестері мен үйінділері
арқылы оқшауланып қалған немесе онымен тар бұғаздармен жалғасқан саяз
табиғи сушара.
Латерит [лат. later - кірпіш] – кірпіш қызыл түсті алюмототыққа бай темірлі
таужыныс. Алюмосиликат таужыныстардың ыстық ылғал климат жағдайында
мору өнімі.
Лёсс – түсі күңгірт-сары, құрамы біртекті, қабатсыз орналасқан шаң-тозаңнан
тұрады, кеуек таужыныс. Құрағақ күйде тік жар жасайды.
Литосфера – Жердің жоғарғы тас қабығы, жер қыртысы мен астеносфераның
жабынына дейінгі жоғарғы мантиядан тұрады.
Литосфера тақталары – блоктаға бөлінген Жердің тас қабығы. Блоктар
шекарасында жерсілкіну ошақтары орналасады. Осы шекаралар арқылы тақталар
бір-біріне қатысты қозғалады (конвергенттік, дивергенттік және басқа
шекаралар).
Лықсыма – жылжытушысы төмен түскен блок бағытында еңіс орналасқан
жарылым.
Меандр (ирекарна) – өзен арнасының ирелеңі.
Метаморфизм – эндогендік процесс, таужыныстардың құрылымдық, бітімдік
және химиялық өзгерістерге ұшырауына әкеледі. Оның басты факторлары:
температура, қысым және әр түрлі ертінділер (флюидтер). Метаморфизм бірнеше
тип пен түрге бөлінеді.
84
Метасоматоз – таужыныстарға белсенді химиялық заттар әрекет етуінен пайда
болатын әр түрлі құрамды жаралымдар. Мәселен, ыстық интрузия мен салқын
жапсарлас таужыныстарға белсенді химиялық заттар екі жақтама әсер етуінен,
оларда өзге құрамды метасоматоздық таужыныстар қалыптасып, олармен әр түрлі
пайдалы қазбалар байланысты болады.
Морена – мұздық түзілімдері, мұздықтардың қиратушы жұмысының
нәтижесінде жаралған таужыныс сынықтарының жиынтығы. Түптік, беткі,
ортаңғы, бүйірлік және аяққы морена түрлері бөлінеді.
Мору – жер бетіне шығып жатқан таужыныстардың физикалық, химиялық
және органикалық агенттер әрекетінен бұзылу процесі.
Палингенез [гр. palin – кері] – ультраметаморфизм нәтижесінде
таужыныстардың толық немсе жартылай қайта балқып, магмаға айналуы.
Пегматит – интрузиялар құрамында кездесетін ірі кристалды жаралымдар,
олар көбінесе гранит интрузиясымен байланысты. Денелерінің пішіні линза, ұя,
кейде шток тәрізді, құрамында сирек металдар, асыл тастар, слюда мен
далашпаттың зор кристалдары кездеседі.
Планктон – әр түрлі тереңдікте тіршілік ететін микроскоптық ұсақ
организмдер. Қалқып немесе жүзгін күйде су қатқабатында тіршілік етеді.
Толқындар мен ағыстар бойынша енжар жылыстайды.
Платформа – енжар тектоникалық режимімен сипатталатын жер қыртысының
басты құрылымдық элементтерінің бірі. Екі құрылымдық этаждан (қабаттан) –
іргетас пен платформалық шөгінді тыстан тұрады. Шөгінді тысы әдетте көлбеу
жатқан шөгінділерден құралған. Оның іргетасы жер бетіне шыққан бөлікшелері
қалқан, ал тыспен көмкерілген бөлікшелері тақта деп аталады.
Пликативтік дислокация [фр. dislocation] – жер қыртысында таужыныс
қабаттарының өз тұтастығын сақтай отырып, әр түрлі масштабта және пішінде
иілуін қамтамасыз ететін деформациялар. Нәтижесінде таужыныстар қатпарларға
иіледі. Қатпарлар екі типке бөлінеді: антиклин және синклин.
Пролювий – тау бөктерлерінде жыл маусымына байланысты кенет пайда
болып балшық-су тасқынынан тұратын сел әрекетінің түзілімі. Шығарынды конус
түрінде жиналып, таужыныстар сынықтары мен саздақтан тұрады.
Пьезометрлік деңгей – жерасты суының арын ықалынан көтерілу деңгейі.
Радиологиялық
әдістер – таужыныстардың
құрамында
кездесетін
радиобелсенді элементтердің (уран, торий, рубидий, калий, көміртек) ыдырауын
зерттеуге негізделген. Әр радиобелсенді элементтің жартылай ыдырау мерзімі
тұрақты шама болады. Негізгі әдістерге жататындар: уран-торий-қорғасын,
рубидий-стронций, көміртек.
Регрессия [regressio – кері қозғалу] – теңіздің құрлықтан шегінуі (қайтуы).
Құрлықтың көтерілуінен, кейде Әлем мұхиты суының азайюы (мәселен,
құрлықтарды жаппай мұзбасу) салдарынан туындайды.
Сейсмология – жерсілкінулер жайлы ілім, онымен байланысты құбылыстарды
зерттейтін геофизиканың саласы.
85
Сел – зор екпінімен жүйткитін, жойқын күшті балшық пен тас аралас сұрапыл
су тасқыны. Таулы жерлерде, жаңбыр көп жауып, қар жылдам еріп қопсық
таужыныстар мен мору өнімдері мол болған жағдайларда пайда болады.
Силл – үйлесімді интрузиялық дене, пішіні бойынша қабатқа ұқсайды және
көбінесе негізді таужыныстардан тұрады.
Сингенезисті (сингенетикалық) – таужыныс құрушы минералдармен немесе
сыйыстырушы таужыныстармен бірге, бір уақытта пайда болатын пайдалы
қазбалар.
Синклин – төмен ойысқан қатпар, қанаттары оның осіне, яғни ішіне қарай
еңістенеді. Көне таужыныстар оның қанаттарында, ал жас таужыныстар
ядросында орналасқан.
Трансформдық жарылымдар –литосфера тақталарының шекаралары бойында
байқалатын ығыспалар.
Трог [нем. тrog - астау] – тау-аңғар мұздығы қозғалысы салдарынан пайда
болатын астау пішіндес аңғар.
Ультраабиссал алқап – тереңдігі 6 км-ден асатын теңіз зонасы.
Фация [лат. facies – келбет] – белгілі бір құрамымен және бірдей органикалық
қалдықтарымен сипатталатын таужыныс қабаттары немесе қабаттар свитасы.
Физикалық-географиялық
жағдайлары
біркелкі
ауқымдарда
жаралып,
геологиялық ортаның ерекшеліктерін танымдауға мүмкіндік береді. Шөгінді
түзілу ортасының ерекшеліктері бойынша теңіз, өтпелі белдем мен аралық (теңіз
бен континент аралығындағы шөгіндіжиналу ортасы) және континент
фацияларына бөлінеді.
Флексура [лат. fleхura – иілім] – моноклин қабаттардың тізе тәрізді иілімі,
әдетте бір қанатты қатпар ретінде қарастырылады.
Шток [нем. stоck – таяқ, дің] – бұрыс пішінді, бірақ жалпы пішіні цилиндр
сияқты шағын интрузия денелері. Көлденең қимасының ауданы 100 км
2
-ге дейін.
Элювий [лат. eluvio - шаю] – өзінің жаралған орнында қалған мору өнімдері.
Эолдық процестер – жел атқаратын геологиялық жұмыстар. Эол грек аңызы
бойынша жел құдайы.
Ядро – Жердің өзегі, ол сыртқы және ішкі ядро түрлеріне бөлінеді.
Ярус (жікқабат) – бөлімнің геологиялық ғасыр ағымында жаралған құрамдас
бөлігі, жалпы стратиграфиялық шкаланың бөлімдемесі. Ярус бүкіл планета
ауқымында немесе оның біршама ауқымды аймақтарында таралады.
86
Өзгертулерді енгізу парағы
Өзгерту енгізілді
Өзгертудің
реттік нөмірі
Құжаттың
бөлімі, пункт
Өзгерту
түрлері
(ауыстыру,
алып тастау,
қосу)
Хабарлама
нөмірі және
күні
Күні
Аты, жөні,
қолы,
қызметі
87
Гүлімшат Сатыбалдиевна Шакирова
«ГЕОМОРФОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ»
Пəннің оқу-əдістемелік кешені
(5B071100 – «Геодезия және картография» мамандығы үшін)
Редактор
Техн. Редактор
«Жалпы геология, минералогия
және петрография» кафедрасының
мәжіліс хаттамасы № 3 «29 » қазан 2010 ж
Қ.Тұрысов атындағы Геологиялық
барлау институтының ҒӘК
мәжіліс хаттамасы №1 «29 » қазан 2010 ж
20 ж. басуға қол қойылған.
21
Таралымы дана. Пішімі 60х84 1/16. Кітап-журнал бағасы.
Көлемі 6 б.т. Тапсырыс № Келісілген баға
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ техникалық университетінің баспасы
Ғылыми-техникалық баспа орталығы
Алматы қ., Ладыгин көшесі 32
Достарыңызбен бөлісу: |